KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Иранның жаңадан сайланған президенті И.Раиси болашақта жүргізетін сыртқы және ішкі саясаты туралы баяндама жасады

Иранның жаңадан сайланған президенті И.Раиси болашақта жүргізетін сыртқы және ішкі саясаты туралы баяндама жасады

21.06.2021

2021 жылы 19 маусымда өткен Ирандағы президенттік сайлауда 60 жастағы Жоғарғы соттың төрағасы Ибрагим Раиси 17,8 млн. (62 пайыздан жоғары) адамның дауысын жинап жеңіске жетті. Оның басты қарсыласы, Ислам Революциясы Сақшылар Корпусының бұрынғы басшысы Мохсен Резай реформаларға бейім, 3,3 миллионнан астам (11,5 пайыз) дауыс жинады.

2013 жылдан бері ел президенті болып отырған Хасан Роухани екі мерзім өткеннен кейін қайта кандидатураны ұсынуға құқылы емес еді.

Жүзден аса ирандық және шетелдік журналисттер қатысқан Иран президентінің бірінші баспасөз-конференциясында келесі мәселелер баяндалды.

Иранның сыртқы саясатына келіп тоқтайтын болсақ, Иран Ислам Республикасының сыртқы саясаты көпвекторлы болады.

Қытаймен 25 жылдық Стратегиялық келісім-шарт ең маңызды болып қала береді.

Иран Ресей Федерациясымен барлық салада екіжақты қатынастарды дамытуды жалғастырады.

Иран өзінің ұлттық мүдделерін ескере отырып, АҚШ-пен Ядролық келіссөздерді жалғастырады және соңына дейін жеткізуге дайын. Өз тарапынан Иран АҚШ-пен барлық салада ашық түрде әртүрлі мәселелерді көтеруге дайын. Сондай-ақ Иран басшысы  АҚШ-тан Иранға тағылған сакцияларды алып тастауды талап етті. Еуропа Одағы болса бұл мәселеге қатысты басқа ұстанымда және  Ақ Үйден мұндай шарадан алшақ болатындығына үмітте.

Иран өз тарапынан Сауд Арабиясымен бейбіт келіссөздер жүргізуге және дипломатиялық қатынастарды жаңартуға дайын.

Қазақстан мен Иран қатынастарына келетін болсақ, екіжақты қатынастар қарқынды дамып келеді, әсіресе сауда-экономикалық саласында. Қазақстан ашық теңіз бен мұхитқа шыға алмайтын ел болғандықтан Иран арқылы өз тауарын экспорттық логистикалық бағыттарын диверсификациялау және жан-жақты дамыту мақсатында Иран арқылы өз тауарларын әлемдік нарыққа шығаруға мүдделі. Екі мемлекет те Экономикалық ынтымақтастық ұйымына және басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүше. Иран аймақтық көшбастаушы держава ретінде Орталық Азия мемлекеттерімен, оның ішінде Қазақстанмен жан-жақты қатынастарды дамытуға ынталы. Каспий теңізі аймағында өз мүддесін нық қорғап келеді.

Қазақстан Республикасы мен Иран арасында 1992 жылы 29 қаңтарынан дипломатиялық қатынастар орнағалы бері екі дос мемлекеттер арасында сауда-экономикалық және өзара саяси ықпалдастықты жүзеге асыратын бірқатар келісімдер мен шарттарға қол қойылды. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында қол қойылған өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Декларацияда «екі ел өздерінің қатынастарын достас және тең құқылы мемлекеттер ретінде, сондай-ақ егемендік пен тұтастықты құрметтеу ұстанымдары негізінде, күш қолданбау, даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу, адам құқықтарын сақтау ұстанымдары негізінде жүзеге асырады» деп көрсетілген.

Жаңадан сайланған Иран Президенті И.Раисидің билікке келуімен Қазақстан – Иран қатынастары одан әрі жан-жақты және қарқынды дамиды деген үміт бар.

Әділхан Тәжіханов

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Рекомендуем прочитать

Об особых отношениях иракских курдов и Израиля

Восток – дело не столько тонкое, сколько мутное Ряд израильских исследователей истории, называющих себя учеными, заявляют, что евреев и курдов объединяют «века взаимной дружбы, сходная судьба изгоев и ненависть...

Сауд Арабиясында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаев күні атап өтілді

2021 жылғы 30 қарашада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі Сауд Арабиясының Орыс-араб зерттеулері ақпарат қорымен (ОАЗАҚ), сондай-ақ...

Рияд қаласында «Қазақстан — 30 жыл дамуы» атты кітабының тұсау кесері өтті

2021 жылғы 30 қарашада Рияд қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев күнін және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту шеңберінде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі, Сауд Арабиясының Орыс-араб...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока