KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Иранның Таяу Шығыс аймағына ықпалы және әсер ету тетіктері

11.01.2016

Қазіргі уақытта Иранның жалпы Таяу Шығыстағы және Парсы шығанағындағы жағдайға әсер ету ықпалы арта түсуде. Бұл үрдіс АҚШ әскерлерінің Ирақтан шығарылуынан кейін күшейді. Осы таңда Иран аймақтағы ең маңызды, әскери қуатты және экономикалық белсенділігі мол мемлекеттің біріне айналды.

Тегеранның Сириядағы ахуалға ынталы түрде араласуы және ондағы үрдістерге әсер етуі, аймақта өзіндік саяси ойынды жүргізуге тырысқан мемлекеттердің қобалжуын туындатуда. Сондықтан болуы мүмкін АҚШ сириядағы жағдайды ыңғайына қарай реттеуде басқа мемлекеттерді баулуды көздеген. Бірінші кезекте негізгі екпіе Анкараға жасалған. Алайда оның әрекеттері сәтсіздікке ұшырап, Түркияның ішіндегі онсыз да күрделі ішкі-саяси ахуалға кері әсерін тигізіп жіберді. Ресеймен орын алып отыған кикілжің әлі мәресіне жетпей жалғасып келеді.

Иран Сирия үшін күресте дипломатиялық, экономикалық және әскери мүмкіндіктерді барынша пайдалануда. Тегеран ниеті туралы ашық мәлімдеген. «Иран Сирияны әрдайым қорғайтын болады. Себебі Сирия сионизмге қарсы тұрған майданның алдыңғы шебі»- дейді А.Хаменеи. Екі елдің арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың маңыздылығын назарға ала отырып, үкіметаралық комиссияның тең төрағалары етіп екі елдің вице-президенттері тағайындалған. Жоғары деңгейдегі тұлғалардың тағайындалуы екі жақты қатынастардың маңыздылығының көрсеткіші.

Иран дағдарыс басталғаннан бері Дамаскіге орасан экономикалық көмек беріп келеді. Сирияның жанармай мен дизел қажеттілігін толығымен дерлік Тегеран қамтамасыз етуде. Орасан қаржылық құйылымдар жасалуда. Әскери көмек те жоқ емес.

Сириядағы діни айырмашылықтарды Иран шебер пайдаланып, жалпы исламдық құндылықтарды қорғау ұранымен шиіттік бағыттың бір бұтағы болып табылатын алавиттерге қомақты жәрдем жасауда. Бұның өзі Тегеранның ықпалы мен әсерін күшейтудің бірден-бір түрі. Сириядағы дағдарыстан Дамаскідегі режим сәтті шығатын болса, Иран саяси-стратегиялық тұғырларын Жерорта теңізінен Парсы шығанағына дейінгі аймақта едәуір бекініп алатындығы күмән келтірмейді. Сонымен бірге, қажет болған жағдайда Тегеранның Сауд Арабиясы мен Иорданияның солтүстігінде тұрақсыздық орнатуға әбден шамасы бар.

Әрине АҚШ-тың аймақтағы басты одақтастарының бірі Риядпен байланыстар әзірге берік болғанымен, Вашингтон ирандық жақпенен де ымыраға келуді жоққа шығармау саясатын сырып тастамауда. Қаншалықты тырысқанымен Тегеранды ығыстыру және оның рөлін әлсірету тап осы уақыттары мүмкін болмай жатыр. Әсіресе иран жағының Ирақтағы ықпалы берік. Шиіттік Ирақ толығымен көршісінің назарынан таса кетпей отыр. Иран арнайы қызметтері Ирақтың барлық дерлік азаматтық және әскери секторларына бақылау орнатқан және құпия әрекеттерді іске асыруда. Көптеген шиіттік қасиетті жерлерге тұрақты негізде ирандық азаматтардың зияраттары жасалуда. Барлау қызметтері жергілікті шиіттерді қолдауда. Экономикалық байланыстар да өте жоғары деңгейге көтерілген.

Ирандағы ішкі ахуалдың тұрақтылығы мен өзін-өзі қамтамасыз ету экономикалық жүйесі сыртқы экономикалық қысымға сәтті төтеп беруге мүмкіндік жасағаны бәрімізге аян. Нәтижесінде Иран Қарулы күштері орасан серпінмен дамуда. Озық технологияларға негізделген әскери жүйелер көптеп әскерге енгізілуде. Жаңа зымырандар мен қарудың түрлері шығарылуда. Әскери теңіз күштері өсуде.

Әскери потенциалдың ұлғаюы Иранның мүдделерін тек Парсы шығанағында ғана емес сонымен бірге Аден шығанағында, Қызыл теңізде, Жерорта теңізінде қорғауға жол ашады.

Таяу Шығыста өрбіп жатқан оқиғалардың бірден-бір себебі, Иранның аймақтағы мемлекеттер үшін үлкен кедергі ретінде қарастырылуы. Батыс пен АҚШ-қа «Үлкен Таяу Шығыс» жоспарын құруға тосқауыл. Қатар мен Сауд Арабиясы үшін болса, алдыменен идеологиялық экономикалық бәсекелес.

АҚШ элитасының еврейлік лоббиі бұл қайшылықтарды шебер пайдаланып, арабтар мен парсылар арасындағы келіспеушіліктерді одан әрі алшақтатып, түбінде олар арасында үлкен соғыс отын тұтандырмақ. Иран болса осы мақсат алдында тұрған кедергі тәріздес.

Негізінде Иранды Таяу Шығыста тегеуірін ретінде қарастырсақ қателеспейміз. Парсы шығанағының монархиялары Тегераннан сескенуі арқасында мұнай долларларына негізделген гегемониясын толық орната алмауда. Иран басшылығы наркотрафикпен, терроризммен қатаң күресуде. Оның территориясы арқылы наркокурьерлер мен террористерге жол жабық. Ирақ, Ауғанстан және Пәкістан тәріздес тұрақсыз мемлекеттер мен Таяу Шығыстың арасында орналасып, бұл мемлекет сол жақтан ағылуға дайын лаңкестік ағымның тасқынынан қорғап отыр.

Аймақтық мақсаттарына жету мақсатында шиіттік факторды қолдануын жалғастыруда. Иран аймақтағы шиіттерді біріктіруге негізделеген Б.Асад билігіне орай өзінің саяси стратегиясы бар. Жоспар Ирақ, Ливан, Кувейт, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Йемен сияқты елдердің шиіттерін біріктіруді меңзейді. Иран белсенді түрде Ливандағы Хезболла қозғалысына, иемендегі хуситтерге қолдау жасауда. Материалды-техникалық, әскери жарақ жәрдемі ұдайы жіберілуде.

Иран-ирақ байланыстарының қарқынды дамуының себебі де осы. Жоғары деңгейдегі байланыстар белсенділігі арқасында екі жақты сауда байланысы мен иранның жасап жатқан преференциялары шиіттік аудандарға ерекше. Дегенмен, ең түйінді мәселе ирақтағы шиіттік радикалды топтар Тегеранның арнайы қамқорлығына ие. Иран тәжірибелі саяси ойыншы ретінде Таяу Шығыс аймағында көп қабатты, астарлы саясатты жүргізудің шебері. Бұны АҚШ, Сауд Арабиясы және Израиль мойындайды және санасуға мәжбүр.

Иран Израиль мемлекетінің бар болуын мойындамайтын ел болғандықтан, Таяу Шығыс үрдісінің палестиналық бағыты да осыған негізделеді. Сондықтан Тегеран халықаралық ко-спонсорлардың палестинаға қатысты реттеу бағдарламалары мен жоспарларын мүлдем мойындаудан бас тартады. Таяу Шығыс бейбіт үрдісін Израиль мен оның одақтастарының өздеріне ыңғайлы бағытта ұстауы, аймақтағы саяси тепе-теңдіктің Иранның үлесіне тигізбеу Тегеранды бұл мәселеде сақ болуына итермелейді. Араб мемлекеттерінің ішіндегі дағдарыс пен саяси қайшылықтар, Иранның ислам әлеміндегі мүдделерін қорғаушы мемлекет ретінде көрсетуге ұмтылысын айғақтатуда. Сондықтан болар Тегеран аймақтағы барлық саяси өзгерістер мен оқиғаларға орай жеке қатынасын білдіруде. Ливанның оңтүстігіндегі және Палестинадағы террористік деп танылатын қарулы топтар иран тарапымен ұлт-азаттық қозғалыстар ретінде сипатталып, мол қаруландырылып қаржыландырылуда. Жақын болашақта Иранның палестиналық мәселеге байланысты саясаты өзгерістерге ұшырамайды. Оның басты себебі Тель-Авивтің мемлекет ретінде бар болуы. Тегеранды ағымдағы уақытта  Израильдің толықтай күйреуі ғана қанағаттандыра алады.

Парсы шығанағы мемлекеттері Иран сияқты қуатты көршісінен баяғыдан сескеніп, онымен байланыстарды жүргізуде ұстамдылық, ал кейбір уақыттары сақтылық танытады. Саяси тұрғыдан оны дербес ұстап, шығанақтағы саяси құрылымдарға қабылдауға асығыстық білдірмеуде. Байырғыдан келе жатқан территориалды келіспеушіліктерге, араб революцияларының салдары қатты әсер етті. Бахрейндегі, Йемендегі және Сауд Арабиясының солтүстік-шығысындағы шиіттердің бас көтерулері иран жағынан қолдау тапқандығы әртүрлі деректерде келтірілуде. Иран ықпалының әсерлері осы уақыттары Рияд пен АҚШ-ты қатты мазалауда.

Сондықтан бәлкім, Тегеран аймақта, әсіресе соңғы екі жылда тек өз мүдделері аясында, біртіндеп агрессивті, саяси екпіні күшті, ұлтшыл-шиіттік сыртқы саясатты қарқынды жүргізіп келуде. Оның тағы бір айта кетер тетігі ядролық амбициялары. Бейбіт ядролық бағдарламаны дамытуды көздейтіндігін жария ете отырып, Тегеран кез-келген уақытта, әсіресе тығырыққа тірелген кезде оны үрейлендіру механизмі ретінде пайдалануын жоққа шығаруға болмайды.

Дегенмен Иран сыртқы саясаты және аймақтық мүдделері Таяу Шығыстағы көршілес мемлекеттерге толықтай конфронтациялық деу қате. Халықаралық саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай Иранның қатысыуынсыз көкейтесті мәселелердің басым бөлігін шешуге тығырыққа тірелуде. Иранның қатысуы және делдал болуы міндетті. Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа қосып келе жатқан үлесі жағынан иранның рөлі маңызды.

Қалай болғанда Иран өз саясатында бірінші орында шиіттік идеологияның мүдделерін қорғап, өңірдегі доминантты мемлекет ретінде танылуға тырысуы сөзсіз. Саяси вектордың жуық арада басқа бағыттарға ауыстырылуы екіталай.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

В отношении транзитного потенциала ЦАР

Складывающаяся геополитическая ситуация продолжает оказывать позитивное влияние на транзитный потенциал Центрально-азиатского региона (ЦАР). Постоянные нападения на торговое судоходство в Красном море со стороны...

Атақты арабист Асқар Мусиновтің асуларын білесіз бе? Шығыстанушы-арабист Асқар Мусинов туралы не білеміз?

Ұзақ жылғы үзеңгілес әріптесіміз, ағалы-інілі бауыр, отандық дипломатия саласының көрнекті өкілдерінің бірі, шығыстанушы-арабист Асқар Ахметұлы Мусиновтың кенеттен келген қазасы баршамыздың қабырғамызға батты....

Российско-Западная энергетическая война. Часть II.

Конфликт России и Запада продолжается, в том числе и в энергетической сфере.  В прошлом году я дал развернутый анализ стадии энергетической «войны» на том этапе: Российско-Западная энергетическая война...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока