KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Орталық Азия өзара қарым-қатынастарды үйлестіру жолында

Орталық Азия өзара қарым-қатынастарды үйлестіру жолында

14.04.2019

Орталық Азия елдерімен жан-жақты кооперациялық байланыстарды дамыту және осы заманғы халықаралық қатынастар жүйесіндегі өңірдің маңыздылығын нығайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Бұл пайым іргелі алғышарттарға – өңір халықтарының тарихи, географиялық, мәдени, тілдік және діни тұтастығына негізделеді және Орталық Азияның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауға, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысына, халықтың өмір сүру деңгейі мен оның қауіпсіздігін арттыруға, сыртқы қауіптермен тиімді күрес жүргізуге бағытталған.

Біздің мемлекетімізді одан әрі дамыту ісіндегі Орталық Азияның ерекше маңызы «Қазақстан-2050» Стратегиясында бекітілген. Ол Қазақстан Республикасының Сыртқы саясат тұжырымдамасында және басқа да стратегиялық құжаттарда көрініс тапқан.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Қазақстан көршілерімен, әсіресе, тарихы, мәдениеті, дүниетанымы, дүниені сезінуі ортақ Орталық Азия елдерімен тығыз экономикалық ынтымақтастық орнатуға әрдайым ұмтылыс танытады».

Астана өңірдің экономикалық әлеуетін ортақ ресурс ретінде қарастырады, оны барынша ұтымды және тиімді пайдалануға ұжымдық форматта ғана қол жеткізуге болады.

Қазіргі кезде өңір мемлекеттерінің қордаланған мәселелерді шешуге деген ұмтылысы барған сайын көбірек көрініс таба бастады. Бүгінде Орталық Азия елдерінің қауіпсіздіктен бастап экономикаға дейінгі мәселелердіңкең спектрі бойынша өңірлік ынтымақтастықты дамыту қажеттігін түсінудегі ой-пікірі бір арнаға түйісіп отыр.

Соңғы екі жыл ішінде мемлекетаралық және өңіраралық байланыстар өзара белсенді іс-қимылдың сапалық жаңа деңгейіне шықты, бесжақты қатыныстарда серпіліс жасалды, мұнда өңірдегі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігері зор рөл атқарды.

2018 жылғы 15 наурызда Астана қаласында өткен Орталық Азия мемлекет басшыларының Консультативтік жұмыс кездесуі Орталық Азия бағытындағы маңызды ортақ жетістікке айналды. Бұл – көп жылғы уақыт ішіндегі осындай форматтағы алғашқы кездесу, оның барысында біздің елдеріміздің басшылары бес жақты ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын айқындады және болашаққа жоспарлар белгіледі.

Форумның қорытындылары бойынша жоғары деңгейдегі осындай кездесулерді жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаңында өткізіп тұру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазіргі кезде тараптар жоғары деңгейдегі келесі кездесуді Ташкентте (Өзбекстан) ұйымдастыру мәселесін пысықтауда.

Өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмге, діни экстремизмге және есірткі трафигіне қарсы күрес бойынша күш-жігерді үйлестіру туралы шешім қабылданды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға, оның ішінде өңіраралық және шекара маңы байланыстарын дамытуға, инвестициялық өзара іс-қимыл үшін жағдайлар жасауға, экономикаларды жаңа инновациялық-цифрлық платформаға көшіруге, тариф саясатын оңтайландыруға және транзиттік тасымалдар кезіндегі әкімшілік рәсімдерді оңайлатуға дайындық білдірілді.

Бұл ретте консультациялар механизмінің блоктық бағыттылығының немесе өңірді сыртқы ойыншыларға қарсы қою мақсаттарының жоқтығын атап өткен маңызды. Орталық Азия елдері ынтымақтастықты барлық әріптестерімен, оның ішінде Ресеймен, ҚХР-мен, АҚШ-пен, Еуроодақпен және басқа да елдермен дамытуға мүдделі.

Іс жүзінде мемлекет басшыларының наурыздағы кездесуінде өңірдің барлық елдерінің тығыз кооперациясы мен өзара іс-қимылы ғана олардың саяси және экономикалық дербестігі мен бақуаттылығын қамтамасыз ете алатыны туралы тезис мойындауға және қолдауға ие болды.

Осылайша, ОА елдеріне өңірдегі тату көршілік қатынастардың берік жүйесін жасауға қол жеткізілді. Біздің бесжақты әрі жемісті өзара іс-қимылымыз іс жүзінде барлық бағыттарда іске қосылды деуге болады.

Мәселен, Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің бес жақты кездесулері жүйелі түрде өткізіле бастады. 2017 жылы Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясы шеңберіндегі кездесуде және 2018 жылы Шолпан-Атада (Қырғызстан) министрлер Бірлескен мәлімдеме қабылдады. 2017 жылғы қарашада Самарқандта (Өзбекстан) Қазақстанның бастамасы бойынша Өңір елдері сыртқы істер министрліктерінің арасындағы 2018-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасының қабылдануы маңызды қадам болды.

Орталық Азия елдерінің Қауіпсіздік кеңестері аппараттарының арасында екі жақты деңгейдегі тұрақты консультациялар жолға қойылуда. Өңірлік қауіпсіздік пен терроризмге қарсы қызмет саласындағы байланыстар елеулі қарқындылыққа ие болды. Біздің елдеріміздің осы бағыттағы тәсілдемелері бір-бірімен үйлеседі және өзара жақын.

Арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдары деңгейіндегі заңсыз көші-қонға, есірткі контрабандасына, ұйымдасқан қылмысқа және басқа да сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы күрестегі өзара іс-қимыл нығаюда. 2018 жылғы 5-7 қазанда Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан ішкі істер министрлерінің бірінші кездесуі сәтті өтті, онда тараптар тұрақты жұмыс істейтін өңірліккеңесу органын – ішкі істер министрлерінің трансөңірлік қылмысқа қарсы күрестегі күш-жігерін үйлестіруге арналған ОАӨ Ішкі істер министрлері кеңесін құру мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.

Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігер үйлестірілуде. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне сайланғаннан кейін Астана осы ықпалды халықаралық ұйымның мүмкіндіктерін Орталық Азиядағы барлық бес мемлекеттің мүдделерін ілгерілету үшін пайдалана бастады.

Қазақстан өзінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы кезінде 2018 жылғы қаңтарда Ауғанстандағы жағдай мен Орталық Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті нығайту және дамыту бойынша мазмұнды әрі нәтижелі пікірталастарға бастамашылық жасады.

Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы шекараларды халықаралық-құқықтық ресімдеу мәселесі бойынша елеулі ілгерілеулерге қол жеткізілді. Бүгінде өңірдегі біздің сыртқы шекараларымыз – тату көршілік пен ынтымақтастық кепілі болып табылады.

2017 жылы Өзбекстан Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараны делимитациялау аяқталды. 2017 жылғы қарашада Самарқандта Қазақстанның, Түркменстанның және Өзбекстанның мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы қол қойылған шарт Қазақстанның құрлықтағы шекарасының бүкіл периметрі бойынша делимитация процесін толығымен аяқтады.

2017 жылғы желтоқсанда Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің Астанаға ресми сапары барысында өзінің маңыздылығы бойынша тарихи құжаттарға – Мемлекеттік шекараларды демаркациялау туралы шартқа және Мемлекеттік шекаралар режимі туралы келісімге қол қойылды.

Өңірлік ынтымақтастықтың қозғаушы күші болып табылатын Орталық Азия елдерімен экономикалық өзара іс-қимылқарқынды даму үстінде. Өткен жылдың 10 айы ішіндегі Қазақстанның өңір елдерімен өзара саудасының көлемі 30% өсті және 3,4 млрд. долларды құрады. Сонымен бірге, біздің бағалауымыз бойынша, тауар айналымын одан әрі арттыру, оның ішінде өңір елдеріндегі жеке меншік секторларды, шағын және орта бизнесті нығайту есебінен дамыту үшін зор әлеует бар.

Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы серпінді дамуда, біздің елдеріміздің облыстық әкімшіліктері арасындағы өзара сапарлардың саны ұлғаюда. Жыл сайын ауқымды бизнес-форумдар өткізіледі, сауда үйлері мен бірлескен кәсіпорындар ашылып жатыр. Біздің елдеріміздің кәсіпорындары арасындағы тиімді өндірістік кооперацияның бірқатар оң мысалдары бар.

Бизнес-қоғамдастықтардың арасындағы тікелей байланыстарды жолға қою мақсатында Іскерлік кеңестер құрылды және олар өңір елдерімен жемісті жұмыс істеуде, олардың алғашқы отырыстары былтырғы жылы өткізілді.

Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы инвестициялық ынтымақтастық та айтарлықтай әлеуетке ие. Соңғы 13 жыл ішінде Қазақстанның Орталық Азия елдеріне құйған инвестициялары 1,1 млрд. долларды астам соманы құрады. Өңір мемлекеттерінің үкіметтері осы бағытта перспективалық жобалар іздестіру және оларды зерттеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Біздің бағалауымыз бойынша, кен өндіру саласында, су және ауыл шаруашылығы, машина жасау, энергетика, тамақ өнеркәсібі, көлік және коммуникациялар салаларында бірлескен инвестициялық өзара іс-қимылдың үлкен мүмкіндіктері бар.

Елдер арасында көлік саласындағы өзара байланыс нығаюда, жаңа әуе рейстері мен жүрдек поездар іске қосылуда. Транзиттік-көлік әлеуетін дамыту кооперацияның барынша басым бағыттарының біріне айналды. Болашақта Орталық Азия субконтиненттерді жалғастырып қана қоймай, сонымен бірге еуразиялық кеңістіктегі аса маңызды сауда тораптарының біріне айналатынына күмән жоқ.

Мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл деңгейінің айтарлықтай артқанын атап өту қажет. Осы бағыттағы ынтымақтастық Орталық Азиядағы халықтардың арасында ортақ сенім атмосферасы қалыптасуының табиғи іргетасы болып табылады.

2018 жылғы наурызда Астанада Өзбекстанның Қазақстандағы Жылы бастау алды. Біздің елдеріміздің арасындағыосы сияқты ауқымды іс-шара алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Ағымдағы жылы Өзбекстандағы Қазақстан Жылының ашылуы күтілуде.

2018 жылғы қыркүйекте Шолпан-Атада Көшпенділердің ІІІ Дүниежүзілік ойындары өткізіліп, оған Орталық Азияның барлық елдері қатысты, Қырғызстанның ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мерейтойына арналған маңызды іс-шаралар өткізілді.

Өңір елдері мәдениет, спорт, туризм және денсаулық сақтау салаларында делегациялармен өзара алмасуды тұрақты түрде жүзеге асырады.

Тұтастай алғанда, біздің өңір – маңызды стратегиялық орынды иеленетін, айтарлықтай адами және бірлескен жоғары экономикалық әлеуеті, табиғи және өнеркәсіптік ресурстары бар, әлемнің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі болып табылады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған міндеттер тұрғысынан алғанда, біздің еліміздің сыртқы саясатындағы Орталық Азияның маңызы дәйекті түрде артатын болады деп ойлаймыз.

Бүгінде өңірдің әлемдік аренадағы дербес субъектілігін қалыптастыруға арналған негіздің пайда болғаны туралы айтуға болады. Орталық Азия елдері тату көршілік, өзара тиімділік және құрмет, бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидаттарының негізінде барлық бағыттар бойынша сындарлы ынтымақтастықты дамытуға деген шынайы бейілділіктерін көрсетіп отыр және оған зор әлеует те бар.

Олардың арасындағы қатынастар тереңдетілген стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шықты, ол саяси және экономикалық салада да, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салада да нақты мазмұнмен толықтырылып отырады.

Орталық Азияда орын алып отырған сын-тегеуріндерге жауапты кооперацияны одан әрі дамыту, бірлескен күш-жігерді үйлестіру және өңір ішінде де, сондай-ақ сыртқы әріптестермен де диалогты қолдауға бағытталған бағытты жалғастыру арқылы ғана табуға болады.

Осыған байланысты Қазақстан өңірді тұрақты дамытуды, ондағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуды қамтамасыз ету бойынша дәйекті шаралар қабылдауды жалғастыра беретін болады.

Автор: Уәлихан ТӨРЕХАНОВ (Дипломатия жаршысы)

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

В отношении транзитного потенциала ЦАР

Складывающаяся геополитическая ситуация продолжает оказывать позитивное влияние на транзитный потенциал Центрально-азиатского региона (ЦАР). Постоянные нападения на торговое судоходство в Красном море со стороны...

Атақты арабист Асқар Мусиновтің асуларын білесіз бе? Шығыстанушы-арабист Асқар Мусинов туралы не білеміз?

Ұзақ жылғы үзеңгілес әріптесіміз, ағалы-інілі бауыр, отандық дипломатия саласының көрнекті өкілдерінің бірі, шығыстанушы-арабист Асқар Ахметұлы Мусиновтың кенеттен келген қазасы баршамыздың қабырғамызға батты....

Российско-Западная энергетическая война. Часть II.

Конфликт России и Запада продолжается, в том числе и в энергетической сфере.  В прошлом году я дал развернутый анализ стадии энергетической «войны» на том этапе: Российско-Западная энергетическая война...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока