KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Бейбітшілік елшісі

Бейбітшілік елшісі

27.04.2021

Жомарт даламыздың жарқын түлегі, айрықша дарын иесі, әнші, композитор, музыкант Димаш Құдайберген бауырымызды бүгінде бүкіл ғалам танып, кәміл мойындауының куәсі болу бақыты бұйырыпты біздерге.

Біртуар жерлесімізді дүниежүзінің ондаған мемлекеттері гастрольдік сапармен келуге, ал атақты режиссерлар фильмдерінің саундтрегін жаздыруға шақырып отырғаны белгілі. Д.Құдайберген Қазақстанның атынан АҚШ Президетінің инаугурациясына шақырылуы оның өнер мен мәдениет саласының шеңберінен шырқай көтеріліп, ендігі халықаралық ауқымдағы маңызды саяси шаралардың қадірлі қатысушысы болатындығын білдіреді.

Өзінің теңдессіз талантымен бүкіл әлемді табындырған Димаш Құдайбергеннің ғажап өнерінің нәтижесінде жаһан жұртшылығы біздің туған еліміз Қазақстанды, қазақ халқының сан қырлы қасиетін зерттеп-біліп, төл мәдениеті мен тілін үйреніп, ұлттық музыкасына, домбыра мен қобызға, қаршыға мен бүркітке айрықша қызығушылық танытуда.

Димаштың өмірі мен өнерінің мәні оған арнайы ақ батасын берген Ұлт Лидері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет пен тарих, бүгінгі мен болашақ туралы кемел ой толғаған күретамырлы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «төл тарихымыз бен мәдениетіміздің зор жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды» деген терең пікірінің тамырын тағы бір ашып бергендей.

Шын мәнінде, Д.Құдайберген қазірдің өзінде біздің отанымыздың келбетін таныту, сыртқы имидждік мәртебесін асқақтату, ұлысымызды мәдени-гуманитарлық салада барша дүниада биіктетіп, нағыз Бейбітшілік Елшісі рөлін атқарып жүргені аян. Олай болса, шығармашылық сапарлармен, жеке концерттерімен, сондай-ақ халықаралық іс-шараларға қатысу қажеттілігі ел өкілінің шетелдік іссапарларға үнемі шығуын талап етері, демек үнемі Елордадағы елшіліктердің табалдырығын тоздыруына тура келетіні  түсінікті. Димаштың әлемдік мәдениет, өнер, спорттың танымал өкілдерімен ажыраспас достығының ықпалы, дүниені есеңгіреткен COVID-19 індетіне қарсы күреске қомақты ізгілік көмек көрсетуі танымал тұлғаның жаһандық мүдде жолында жүргенін паш етпек. Жер шарындағы миллиондаған табынушылары мен таңғажайып оқиғалар тізбегі өз алдына, соның бірі — Жаңа Зеландиялық Анита Рай Уорд есімді әйелдің басынан өткен жайтты еске алсақ та болады. Ауыр сырқатпен мүгедек арбасына таңылған егде адам Димаш әндерін үзбей тыңдағандағы шексіз әсерінен кейін мыңдаған шақырымдар жол жүріп, барлық қиындыққа төтеп беріп, алдымен Қытайға, сосын елімізге арнайы келуі, оны айтасыз, өз кумирімен, ата-анасымен жүздесу бақытына кенелгеннен кейін дәрігерлерді таң қалдырып, қатерлі аурудан тәуір болуы тәрізді ғибратты жайттарға куәмыз.

Анығында, халықаралық ауқымдағы абыройлы да маңызды миссияны арқалап келе жатқан арда азаматымыз, дипломатиялық тілде «Soft power» деп аталатын арнайы саланың толыққанды тұлғасы, қазақ елінің өкілі ретінде жаппай мойындалған Димаш Құдайбергеннің осынау парызын кедергісіз атқаруын ресми рәсімдеудің орайы келгендігі хақ.

Мұхтар Кәрібай

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока