KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Белград қаласында «Қазақ-серб достығы аллеясы» ашылды

Белград қаласында «Қазақ-серб достығы аллеясы» ашылды

06.03.2021

Ү.ж. 1 наурызда Сербия астанасында «Қазақ-cерб достығы аллеясы» ашылды.

Қазақстан Елшілігі Белград қаласының мэриясымен бірлесіп «Белградқа арналған ағаш» экологиялық бастамасына қатысты.

«Зеленило – Београд» компаниясының техникалық қолдауымен жаңа Белградта қазақ ақыны Жамбыл Жабаев ескерткішінің жанында қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар аллеясы отырғызылды.

Бұл игі акцияны Қазақстан достары клубының мүшелері белсенді қолдап, көмек көрсетті.

Бұл «Серб банктерінің қауымдастығы» және оның басшысы – Владимир Васич, сондай-ақ «Адвентис» компаниясы және оның директоры – Эрвин Пашанович.

Жобаны іске асыру Сербияның әсем астанасын көгалдандыруға ғана емес, елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға да қызмет етеді.

Бұл аллея Қазақстан Елшілігі осы айтулы жыл ішінде Сербияда жобалаған үш жасыл бақтың алғашқысы болып табылады.

Жақын арада Златибор округінің орталығы – Ужице қаласында Қазақстан-Сербия достық саябағын және Белградтағы Дунай мен Сава өзендерінің сағасында «Қазақстан» аллеясын ашу жоспарлануда.

 

Жалпы екі жақты байланыстар түрлі бағыттарда үдемелі қарқында дамып келе жатыр. Байланыстар тарихына үіңілетін болсақ 1996 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Югославия Одақтық Республикасы (Сербия – құқықтық мирасқоры) арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2011 жылғы маусымда Астанада Сербияның Елшілігі ашылды.

2015 жылғы маусымда Белград қаласында Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінің бөлімшесі ашылды, Қазақстан Республикасының Сербиядағы Құрметті консулы тағайындалды (Сербия Парламентінің депутаты М.Карич).

2017 жылғы 30 мамырдан бастап Сербияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін В.Матич атқарып келеді.

2019 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігін ашу туралы ҚР Президентінің Жарлығына қол қойылды.

2019 жылғы қыркүйекте Қазақстанның Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде Ғабит Сыздықбеков тағайындалды.

Саяси қатынастар. Екі ел арасындағы саяси қатынастар өзара түсіністік пен сенім атмосферасында дамып келеді. Халықаралық саясаттың маңызды проблемалары бойынша тараптардың ұстанымдары жақын немесе сәйкес келеді.

Сербия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету туралы және Астанада «ЭКСПО-2017» өткізу туралы өтінішіне қолдау көрсетті, сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдады.

Қазақстан өз тарапынан Сербияның БҰҰ Бас ассамблеясының 2012-2013 жж. 67-ші сессиясында төрағалығына, сонымен қатар БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) Тұрғын халық және даму комиссиясына 2014 жылғы кандидатурасын қолдады.

Қазақстан мен Сербия саяси диалог жүргізуде. Екі елдің Парламенттерінде «Достық топтары» жұмыс істеуде. Екі ел депутаттарының кездесулері жыл сайын өткізіліп тұрады.

Жоғары деңгейдегі сапарлар:

2010 жылғы 6-7 қазан – Сербия Президенті Б.Тадичтің Қазақстанға алғашқы ресми сапары.

2015 жылғы 8 мамыр – Президенттер Н.Назарбаев пен Т.Николичтің кездесуі (Мәскеу қ.).

2015 жылғы 27-29 тамыз – Президент Т.Николичтің Қазақстанға ресми сапары.

2016 жылғы 23-25 ​​тамыз – Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Сербияға алғашқы ресми сапары.

2017 жылғы 9 маусым  – Сербия Президенті А.Вучич «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатты рәсіміне қатысты.

2018 жылғы 9-10 қазан – Сербия Президенті А.Вучичтің Қазақстанға ресми сапары.

Үкімет басшылары деңгейіндегі сапарлары

2016 жылғы 14-16 қараша – СР Премьер-Министрі А.Вучичтің Қазақстанға ресми сапары.

Сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі байланыстары

2011 жылғы 17-18 қараша – РС Сыртқы істер министрі В.Еремичтің Қазақстан Республикасына ресми сапары.

2015 жылғы 3-4 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері Саммитінің отырысына қатысты (Белград).

2017 жылғы 11 желтоқсанда – СР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары – Сыртқы істер министрі И.Дачичтің Қазақстанға жұмыс сапары.

2018 жылғы 6 желтоқсанда – ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың СР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары – Сыртқы істер министрі И.Дачичпен кездесуі (Миланда, ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері Саммитінің аясында).

Экономикалық қатынастар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылғы қаңтар-қазан аралығында екіжақты сауда көлемі 17,16 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 2,53 млн доллар, импорт – 14,63 млн. доллар (жыл нәтижелері бойынша көрсеткіштің жалпы төмендеуі 30% шамасында болжануда).

2018 жылғы екіжақты тауар айналымы 28,6 млн АҚШ долларын, 2017 жылы – 42 млн АҚШ долларын, 2016 жылы – 26,4 млн АҚШ долларын, 2015 жылы – 55,8 млн АҚШ долларын, 2014 – 20 млн АҚШ долларын құрады.

Экспорт құрылымында тамақ өнеркәсібі өнімдері, ауыр машина жасау өнімдері, шикізат, ал импорт құрылымында тамақ өнеркәсібі, ағаш өңдеу және құрылыс өнімдері басым түседі.

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2005 жылдан 2019 жылдың II тоқсанына дейін Сербиядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі (-) 3,5 млн АҚШ долларын құрады (төмендеу үрдісі Сербия инвесторларының қатысуы бар қазақстандық кәсіпорындардың шығынына байланысты орын алды).

Аталған мерзімде Қазақстаннан Сербияға жасалған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 15,2 млн АҚШ долларын құрады.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі ахуал бойынша Қазақстанда серб қаржысының қатысуымен 33 компания тіркелді, олар негізінен көтерме және бөлшек сауда, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу салаларында қызмет атқаруда.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссия (1-ші отырыс 2016 ж. 22-23 тамызда Белградта, 2-ші отырыс 2018 ж. 8 қазанда Нұр-Султан қаласында өтті) және Қазақстан-Сербия Іскерлік кеңесі құрылды.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Қарым-қатынастың негізгі бағыттарыа жоғары және кәсіби білім беру, мәдениет (әртістер мен шығармашылық ұжымдардың концерттік сапарларын өткізу) және денсаулық сақтау салаларындағы өзара әрекеттесуді қамтиды.

2016 жылғы 24 тамызда Белградта Қазақстан мен Сербия Президенттерінің қатысуымен қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың бюстінің салтанатты ашылуы болды.

2019 жылғы 15 ақпанда Астана қаласындағы «Астана Опера» театрының үлкен залында әйгілі серб пианисті Майя Райкович «Балқаннан Ұлы Далаға дейін» концерті аясында өнер көрсетті.

2019 жылғы 21 және 22 ақпанда ТҮРКСОЙ-дың Балқан мен Шығыс Еуропаға гастрольдері аясында Нови Сад және Белград қалаларында Қызылордалық камералық оркестрдің қойылымдары өтті.

2019 жылғы 11 желтоқсанда Қазақ ұлттық өнер университетінің «Жас-Star» шығармашылық ұжымының ұлттық және заманауи музыка концерті өтті.

2019 жылғы 15 желтоқсанда Крагуевац қаласында Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) ұйымдастыруымен «Түркі әлемінің әуендері» концерті өтті. Концертке Маңғыстау облысының қазақстандық өнерпаздары қатысты.

2020 жылғы 10 ақпанда Белград қаласында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Түркі әлемінің опера жұлдыздары» атты концерті өтті. Аталған іс-шараны ТҮРКСОЙ, Қазақстан, Түркия және Әзербайжан елшіліктері бірлесе ұйымдастырды.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока