KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

«Жібек қала»

«Жібек қала»

17.09.2022

Парсы шығанағында орналасқан мұнайға бай елдердің ұзақмерзімдік үлкен жобалары бар. Мысалы, БАӘ мұнайдан түсетін табыстан бірегей туристік инфрақұрылым құрып, әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшыларды тартуды жоспарласа, Сауд Арабиясы Қызыл теңіз жағалауындағы Иордания, Египет пен Израильге жақын жерде болашақ қаласы Неом шаһарын салуды бастады.

Кувейт Мемлекеті де 2006 жылдан бері осындай жобаны іске асыруды мақсат тұтып отыр. «Жібек қала» (Silk City) — Кувейттің солтүстігінде салынатын қаланың жобасы. Аумағы 250 шаршы шақырым болатын қалада әлемде ең биік мұнара, жасыл қорық, жаңа әуежай, үлкен сауда орталығынан басқа конференц-залдар, экологиялық аймақтар, спорт алаңдары, медицина, білім беру және өнеркәсіп объектілер орналасатын болады. Қаланың басты назар аударарлық орны — Мубарак мұнарасы, оның биіктігі 1001 метр болады.

Британдық сәулетшілер жасаған кешенге олимпиадалық стадион, резиденциялар, қонақ үйлер мен сауда орындары кіреді. Қалада 1 млн-ға жуық адам тұратын болады. Кувейт қаласы мен «Жібек қаланы» қосатын ұзындығы 23.5 км болатын үлкен көпір іске қосылды. «Жібек қала» 25 жыл ішінде аяқталатын кезеңдермен салынады. Жалпы шығын  132 млрд АҚШ долларын құрайды. Жоба Ирактан шыққан Шат әл-Араб өзенінің тұщы суы Парсы шығанағының суымен араласып ерекше флорасы мен фаунасы бар аралдарда орнласатындақтан оны «Шығыс Венециясы» болады деп күтілуде.

Жоба Еуропа мен Қытайды Таяу Шығыс арқылы жалғайтын атақты тарихи Жібек жолының құрметіне аталған. Кувейттен Дамаск, Бағдад, Иран және Қытайға дейін теміржол желісін құру идеясы да бар.

2014 жылдың маусымында Кувейт үкіметі «Жібек қала» жобасын басқаратын орган құру туралы шешім қабылдады. Кувейт Қытаймен «Жібек қала» жобасын және оның экономикалық белдеуін дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Жобаны жүзеге асыру мақсаттары:

  1. Бұл жобаны құрудың негізгі мақсаты — Кувейт халқының санының артуын есепке ала отырып, жаңа қала салу арқылы қалалық, экологиялық, әлеуметтік және көліктік проблемаларды шешу.
  2. Қаланы әлемдік деңгейде бірегей, теңдессіз ету үшін ең озық шешімдер мен технологияларды қолдана отырып, қаланы ерекше жобалау және ол жерде 1 млн-ға жуық адамның тұруын қамтамасыз ету.
  3. Қаланы салу 25 жылдан астам уақытты алады, ал бірінші кезең 7 жарым жыл ішінде аяқталуы тиіс.
  4. Қала жобасы Бубян аралында жаңа теңіз портын салуды қамтиды және бұл порт Кувейттің Ирак пен Иранмен мүдделеріне қызмет етуге бағытталған үлкен порт болады.

Жобаның құқықтық рәсімдері мен менеджментіне келетін болсақ, қаланы салу үшін толық мемлекеттік үкіметтік компания құрылды. Іске асырушы компания жобаны құру, басқару және іске асыру үшін қажетті жоспарларды әзірлейді. Ол сондай-ақ, жоғарыда айтылғандай қаланы салуды кезеңдер түрінде бөліп жүргізеді.

«Жібек қала» жобасын іске асыру Кувейттің экономикасы үшін мүмкіндіктердің кеңеюіне ықпал етеді. Себебі мұнай Кувейт экспортының 90 пайызын құрайды. Өз кезегінде, Кувейт басшылары қытай компанияларын тарту мүмкіндігін көрді. Қытай Кувейт «Жібек қала» жобасын жүздеген миллиард доллар тұратын белбеу және жол бастамасы деп аталатын өздерінің жобасымен байланыстыруға дайын екенін білдірді.

Алайда жоба қоғамдық толық қолдауға ие болып отыр десек жалған болар еді. Кувейт Шығанақ араб елдерінің ішінде шынайы парламенті, онда саяси тартыс орын алған парламенті бар бірден-бір ел. Кувейт парламентіндегі исламдық оппозиция бұл жобаны  «Қытайдың «Жібек қала» жобасы» деп атайды. Олардың пайымдауынша, «Қытай 2035 жылға қарай Кувейтті халықаралық сауда орталығына және жақын маңдағы Ирак пен Иран нарықтарына шығу үшін көлік қызметі дамыған кең көлемді еркін сауда аймағына айналдыруды жоспарлауда».

Осы парламенттік топ Қытайды мұсылман қауымдастықтарына қарсы репрессияны тоқтатуға мәжбүрлеу мақсатында қытай инвестицияларына тосқауыл қоюды жоспарлап отыр.  Олар — жоба бойынша салынатын үлкен порт — аймақтағы ең үлкен портқа айналады және оның құрылысы шамамен 9 млрд АҚШ долларын құрайды. Жаңа қала маңызды логистикалық орталыққа айналғаннан басқа, ол 200 мың жұмыс орнын және 700 мыңға жуық адамды тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл қалаға ойын-сауық орындары, бөлшек сауда дүкендері, іскери кеңселер, олимпиадалық стадион, халықаралық әуежай және т. б. объектілер салынады. «Жібек қала» аумағында либеральдық заң қолдану, яғни алькоголдік ішімдіктерге рұқсат беру тұрғын халқы тығыз орналасқан қалада түрлі әлеуметтік мерездердің қанат жаюына әкеліп соғады деп санайды. Исламистер өз позициясын «Алкогольді заңдастыру, некеден тыс және гомосексуализм сияқты қауіп-қатерлерге қарсы біз ислам мәдениетін қорғауымыз керек» деп түсіндірді.   Кувейт парламентшілері «Жібек қала»  салынатын аудан Кувейт юрисдикциясынан тыс арнайы либералды заңдармен басқарылатын «мемлекет ішіндегі мемлекет»  деп санайды.

Ислами оппозиция «Егер Қытай мұсылмандарды өлтіруді тоқтатпаса, біз олармен «Жібек қаласы» бойынша келіссөздер жүргізбейміз» деп мәлімдеді. Мұсылман парламентінің мүшелері Қытайды мұсылман қауымдастықтарына қарсы репрессияны тоқтатуға мәжбүрлеу мақсатында жасалып жатыр деп тұжырымдайды.

Қазіргі кезеңде қаланың құрылысы тоқтап тұр десе болады. Бұл жерде жобаның егжей-тегжейлері әлі күнге дейін құпия болып табылатынын айта кету керек. Сонымен қатар құрылыс қарқынының баяулауы кейбір күмән тудырды.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока