KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

ИРАКТАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР ҚАТЕРЛІ НЫШАН

ИРАКТАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР ҚАТЕРЛІ НЫШАН

09.09.2022

Тамыз айының соңғы күндері Ирактың астанасында жаңа қанды қақтығыстың алаңына айналды. Бағдадтағы ықпалды шиит дінбасыларының саясаттан кетуінен туындаған қақтығыстар адамдардың өліміне әкеліп соқты және елді одан әрі дағдарысқа душар етті. Көп тауқыметті бастан кешірген осы көне араб елінде жүріп жатқан оқиғалар зорлық-зомбылықтың қайтадан бастауы болуы мүмкін бе?

Бағдадтағы қанды қақтығыстардың себебі танымал дін қызметкерінің саясаттан кетуі болды. Медициналық ақпарат көздері CNN-ге Ирак астанасында болған қақтығыстар кезінде кем дегенде 10 адам қайтыс болып, 200-ден астам адам жарақат алғанын айтты. Сонымен бірге, Джазира арнасының хабарлауынша, шиит лидері ас-Садрдың өлтірілген жақтастарының саны 30-ға жетті, тағы 380-ге жуығы жарақат алды-кейбіреулері оқ жарақатын алды, ал басқалары көзден жас ағызатын газбен уланудан зардап шекті. Одан соң Бағдадта өлтірілген наразылық білдірушілердің жаппай жерлеу рәсімі шииттердің қасиетті Наджаф қаласында өтті. Зорлық-зомбылық одан әрі жалғасып, төрт зымыран бір кездері АҚШ Қарулы күштерінің тірегі болған Бағдадтың қатты нығайтылған жасыл аймағына түсті. Ол жерде қазіргі кезде Ирак үкіметі мен шетелдік елшіліктер орналасқан. Ал бейнежазбаларда содырлардың гранатометтер мен пулеметтерден бронетранспортерлерді қалай атқаны көрінеді.

БҰҰ басшысы Антонио Гутерриш Ирактағы түрлі күштерді «ұстамдылыққа» шақырды және барлық тараптардан «жағдайды ушықтырмау үшін жедел қадамдар жасауды» сұрады.

Ирактың беделді шиит өкілі Муктада ас-Садр тамыз айының соңында саясаттан «түпкілікті кету» туралы және бүкіл елдегі саяси кеңселерін жауып тастайтынын мәлімдегеннен кейін қантөгіс басталған еді. 2003 жылы американдар бастаған коалиция Саддам Хусейн жүйесін құлатқаннан кейін американдық және Ирак үкіметтік күштеріне қарсы шииттік милицияны басқарған миллиондаған адал ізбасарлары бар осы діни авторитет өзінің «зейнетке шыққанын» жариялап, «саяси істерге араласпауға шешім қабылдағанын» мәлімдеген еді.

Бұл шешім ас-Садрдың жүздеген жақтастарын «жасыл аймаққа» шабуыл жасауға және Ирактың министрлер кабинеті орналасқан республикалық сарайды басып алуға итермеледі. Наразылық білдірушілердің бір бөлігі сарайды толық басып алып, ұлттық жалауларды желбіретсе, келесі бөлігі үкіметтің қауіпсіздік күштерімен қақтығысып жатты.

«The Guardian» басылымы атап өткендей, Бағдадтағы кездейсоқ қақтығыстар Иран қолдаған милициялар мен ас-Садрға адал күштер  тарапынан өрбіген. Аталған құрылымдар 7 миллионға дейін шиит ирактықтардың адалдығына сене алады. Өз кезегінде, «Al Arabiya» каналы ас-Садрдың жақтастары, «Хашед аш-Шааби» жасағы мен Тегеран қолдайтын әскерилендірілген топтар күштерін біріктірген.

Бірақ зорлық-зомбылық күнінен кейін ас-Садр өз жақтастарына «жасыл аймақтан» кетуді бұйырды және Ирак халқынан кешірім сұрады. «Мен басымды төмен түсіріп, зардап шеккен әр адам үшін ирактықтардан кешірім сұраймын», — деді ас-Садр оқиғалардан соң Наджаф қаласында өткен баспасөз мәслихатында.

Иракта шииттердің ең беделді тұлғасы саналатын адамның сөзінен соң наразылық білдірушілер тобының «жасыл аймақтан» кете бастады. Содан соң Ирак әскери күштері енгізілген коменданттық сағаттың күшін жойды деп мәлімдеді.

Наразылықтар Ирактың оңтүстік аймақтарында да басталған болатын. Олар Ирактың оңтүстік аймақтарында негізінен шииттер тұратындықтан акциялар жылдам өршіді. Садрдың жақтастары көлік дөңгелектерін өртеп, мұнайға бай Басра провинциясындағы жолдарды жауып тастады. Жүздеген демонстранттар Миссандағы апровинция әкімшілігінің ғимаратының алдына жиналды. Ирак премьер-министрінің міндетін атқарушы Мұстафа әл-Кадими Ирактың күрдтер тұратын аудандардан басқа көптеген қалаларында коменданттық сағат енгізген еді.

Бағдадтағы зорлық-зомбылықтың өршуі кезінде көрші Иран  Иракпен шекараларын жауып, осы елге әуе рейстерін тоқтатқан болатын. Иранның Бағдадтағы елшілігі ирандықтардан Ирақтың шииттік қасиетті орындарға баруын тоқтата тұруды сұрады.

Муктада ас-Садр осы елде өте танымал және көптеген жылдар бойы өзін Иракта айтарлықтай әсер ететін шииттік саяси тұлға болып табылады. 2003 жылы американдық күштер жаулап алуын шиитік көпшіліктің билігін нығайту үшін ұтымды пайдаланды. Ас-Садрдың ұлтшылдық риторикасы және ол ұсынған реформалар бағдарламасы негізінен Ирак қоғамының ең кедей топтарынан шыққан және тарихи тұрғыдан саяси жүйеден шығарылған жақтастарының арасында ерекше қолдауға ие болды.

Жалпы алғанда, Бағдаттағы оқиғалар соңғы айларда елде болып жатқан саяси күрестің нәтижесі болып табылады. Шиит ас-Садр блогы сайлаулардағы сәттілікке қарамастан, оның үкімет құру әрекеттері бәсекелес блоктардың қарсылығына байланысты сәтсіз аяқталған болатын. Нәтижесінде Ирак саяси дағдарысқа ұшырады. Ас-Садр маусым айында өзінің бүкіл саяси блогына Парламенттен шығуды бұйырған еді.

Шілде айында Ирак Парламентіндегі ірі шиит альянсы, Мұхаммед ас-Суданиді ел басшысы етіп тағайындады. Бұл өз кезегінде ас-Садр жақтастарының наразылықтарын тудырды. Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Кадими ас-Садрдың жақтастарын отставкаға кетуге шақыруын құптап, әркім «Ирактың әлеуетін қорғауға, саяси жағдай мен қауіпсіздіктің ушығуын тоқтатуға және дағдарысты шешу үшін тез және жемісті диалог құруға» жауапты екенін мәлімдеді.

 

 

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока