KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

ИРАК РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ ЖӨНІНДЕ

12.05.2016

Ресми Бағдад бұған дейін басқа араб елдеріне қарағанда аймақтағы өзіндік геосаяси орны қомақты ел ретінде сыртқы саясатта ұлттық мүддені көздейтін дербес саясат жүргізіп келген болатын. Ирактың бұл қадамы Сирияға, Иранға қатысты ұстанымдарынан айрықша байқалды. Сонымен бірге, Ирак Күрдістаны және басқа да көптеген белгілі Ирак саясаткерлері, оның ішінде оппозициялық тұлғалар тәуелсіз сыртқы саясатты жүргізуде белсенділік танытуда. Алайда, Үкімет басына келген жаңа ирак билігі 2015 жылы әлемдік державалармен, аймақ елдерімен қарым-қатынастарына жаңа ұстаным енгізуімен ерекшеленді. Х.әл-Әбади бастаған Ирак Үкіметі қазіргі таңда, аймақ елдеріне деген саяси тұғырнамасын қайта екшелеуде.

Ирак-америка қатынасы негізінен әскери байланыстармен көзге түсуде. Дегенмен, бұл байланыстар Ирак АҚШ-қа толық тәуелді болған кезеңінен бастап, Америка елден қарулы күштерін шығарғанға дейінгі аралықта күрделі кезеңді өткеріп келеді.

Америка Құрама Штаттары ұзақ уақыттан бері Ирактағы қалыптасқан осындай жағдайды ырықтарында ұстау және оның аймақтағы ұтымды орналасқан геосаяси орнын өз мүдделеріне сай пайдалану үшін осы елге қатысты саяси-дипломатиялық, экономикалық, әскери, әлеуметтік және басқа да мақсаттардағы іс-шараларды жүзеге асыруға ерекше ден қоюда.

Ақ үйдің Ирактағы тағы бір мақсаты — осы аймақтағы оған қарсы саясат жүргізіп отырған иран билігіне, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Парсы Шығанағы елдеріне ықпал етуді көздеуі. Америка Израильмен бірлесе аймақ елдерін ырықта ұстау үшін ондағы Сирия, Ирак сияқты және тағы да басқа бірқатар елдерде тұрақсыздық ошақтарын орнатуда белсенділік танытуда.

Осы тұста, Вашингтон 2011 ж. желтоқсанында Ирактан өз әскерін әкеткенімен Бағдадтың билік құрылымы мен өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің жеткіліксіз екенін есепке ала отыра, оған ықпал ету тетіктерін сақтап қалды. Ал, Ирак үшін Американың экономикалық және қаржылық көмегі маңызды болып қалуда. Сонымен қатар, Ирак саяси элитасы АҚШ-пен тығыз ынтымақтастықты дамытуға бет алған.

АҚШ Иракпен әскери келісім-шарттар жасасу арқылы да осы елдегі өз мүдделерін жан-жақты ойластыруда. Олар Ирак әуе кеңістігін қорғау үшін аталған елмен әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыруда. Вашингтон F-16 әскери ұшақтарын (истребительдерін) және әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрылымдарын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп, қазіргі таңда оның алғашқы партияларын Иракқа алып келді. Ақ үй көп миллиардты келісімдер Иранның аймақтағы амбициясын тізгіндеуге мүмкіндік берумен қатар, АҚШ әскерін шығарғаннан кейін Иракпен арадағы ұзақ мерзімді қатынастардың негізін қалауға септік болады деп жоспарлауда.

Бірақ, Америка Иракқа Иран билігінің күшейіп келе жатқан ықпалынан және екі елдің интеграциялану ықтималдығы зор болашағынан қауіптенеді. Қазіргі таңда, АҚШ Ирактағы Иран ықпалын шектеуді басты мақсат тұтуда.

АҚШ-тың Иракқа деген айрықша қызығушылығының тағы бір тұсы көмірсутекке байланысты. Ирак Вашингтонның аймақтағы басты экономикалық серіктесі ретінде саналады. Екі елдің сауда қатынасы соңғы он жылда 5 есеге өскені мұның дәлелі болса керек (2002 ж. – 3.8 млрд болса бұл көрсеткіш 2014 ж. — 21.6 млрдқа жеткен).

Жоғарыда баяндалғандарды ескере келе, Вашингтонның Ирактан әскерін шығарғанымен, елдегі америка саясатының плацдармы болып қалуға мүдделілігін байқаймыз. Бірқатар сарапшылар АҚШ шиіттік және сүнниттік экстремизмінің өсуіне, Иранның ықпалына, сондай-ақ Сириядағы тұрақсыздыққа қарсы тұруға септігін тигізетін Ирактың одақтасы болатынына үлкен үміт білдіруде.

Ирактың көрші елдер арасындағы басты одақтасы Иранмен қарым-қатынастары жоғары деңгейде жалғасуда. Бағдад пен Тегеран жақын болашақта сауда айналымын 25 млрд. долларға жеткізуді көздеуде. Ирак пен Иран ресми түрде өзара мүдделі экономикалық және сауда қарым-қатынастарын дамытуға ниет білдіргенімен, бірінші кезекке саяси қатынастар шығуда. Ирактың бұрынғы вице-президенті көрнекі саяси тұлға Н.Мәлики «Ирактың Иранмен саяси альянс құруына жол бермейтінін мәлімдеген болатын. Дегенмен, Премьер-министр Х.әл-Әбади Иранмен арадағы жоғары деңгейдегі байланыс тараптардың мүдделеріне сай келетінін Тегеранға жасаған сапарында жеткізді. Аймақ державасы мәртебесіне ие Иран бір кезеңдерде Иракты бесінші колонна ретінде бақылауларында ұстап келген болатын. Ендігі «Ислам Мемлекеті» ұйымының қауіпі түскен тұста Тегеран Бағдадпен әскери ықпалдастық жолдарын қарастыруда. Олар осы ретте, Ирактағы тұғырнамасын мығымдау мақсатында билік басындағы шиіттік саяси күштермен тығыз байланыстарын күшейте туспек. Олар бұл күндері де Ирактың ішкі саясатына араласуларын жиілетуде. Салдарынан сүнниттер мен шиіттер арасындағы қайшылықтар жалғасуда.

Иракта орын алып жатқан күрделі ахуалдарға қарамай оның көрші елдердің арасындағы басты одақтасы Иранмен алдағы уақытта да қарым-қатынасы жоғары деңгейде сақталып қалмақ. Иран Ирактағы тұғырын мығымдау мақсатында билік басындағы шиіттік саяси күштермен тығыз байланыстарын нығайтады деп топшылаймыз.

Ирактың көптеген араб елдерімен қарым-қатынасы жаңа кезеңге бет бұрды. Елді қалпына келтіру мәселесінде араб елдерінің көмегіне жүгінуді жөн деп тапқан Бағдад билігі Сауд Арабиясы, Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт сияқты бірқатар араб елдеріне жоғары деңгейде сапарлармен барды. Бұған дейін Бағдадты Иранның тигізіп отырған ықпалдарының күштілігі туралы айыптап келген сүнниттік араб елдері қазіргі жаңа Бағдад билігімен ықпалдасуға ниетті екендіктерін байқатуда. Олар бұл ретте, радикалды топтармен күресте  Бағдад билігімен ынтымақтаса отырып, билік жүйесіндегі сүнниттік лауазымдардың артуын көздеуі ықтимал екендігін жоққа шығармаймыз.

Аймақтық сарапшылар да Ирактағы соңғы жылдары үздіксіз орын алып жатқан терактілерге байланысты түрлі көзқарастар білдіруде. Дегенмен, басым көпшілігі лаңкестік әрекеттердің өзегін Ирактың ішінен емес  сыртынан іздестіруде. Атап айтсақ, бірқатар саясаткерлер күн сайын іске асып жатқан ирак зұлматына негізінен Парсы Шығанағындағы Сауд Арабиясы мен Қатар сияқты жетекші араб елдері себепкер деген пікір білдіруде. Ал, дипломатиялық арналар арқылы алынған бейресми ақпаратқа сүйенсек, Сауд Арабиясының аймақты тұрақсыздандыруға қатысты белсенді әрекеттері негізінен АҚШ-пен келісілген және оның нұсқауымен іске асырылуда.

Осыларды назарға алған Бағдад Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарын жаңаша түзей бастады. Ирак Президенті Ф.Масум бастаған ирак делегациясы Корольдікке жасаған сапары шеңберінде бірқатар қомақты жетістіктерге қол жеткізілді. Рияд Бағдадпен 2008 жылдан бері үзіліп қалған дипломатиялық байланыстарын қайта орнатуға ниеттерін танытты. Олар осы тұрғыда, жуық арада Бағдадта Елшілігін, ал, Ирбилде (Ирак Күрдістаны) Бас консулдығын ашу мәселесін қарастыруда.

Бағдад өз кезегінде Ирактағы дағдарыстарға бірінші кезекте Сауд Арабиясы кінәлі деген ұстанымдарыннан айныды. Олар керісінше, «Ислам мемлекеті» ұйымына және терроризмге қарсы соғыста Риядтың көмегіне жүгінуді жөн көруде. Бұл туралы Ф.Масумның Риядқа жасаған сапары шеңберінде мәлімделді.

Баяндалғанды ескерсек, екі ел арасындағы қарым-қатынастардағы оң өзгерістер жақын болашақта да жалғасын табатынына күмән келтірмейміз. Керісінше, көршілермен ынтымақтастықты нығайтуды көздеген Ирак Үкіметі алдағы уақытта да Ирак-Сауд Арабиясы ынтымақтастығын жаңа кезеңге көтеруге күш салады деп топшылаймыз.

Н.әл-Мәлики Үкіметі тұсында Ирак пен Түркия қарым-қатынастары күрделі сипатта өрбіп келгені белгілі. Жаңа Ирак билігі олармен де байланыстарды жоғары деңгейге көтеру мақсатында бірқатар саяси қадамдарға баруда. Нәтижесінде, Ирак Парламентінің Төрағасы С.Жәбуридің, Сыртқы істер министрі И.Жафаридің Анкараға, ал, Түркия Премьер-министрі А.Дәуітоғлының Бағдадқа сапарлары болды. Тараптар бүгінгі күні екі жақты ынтымақтастықтағы қордаланған мәселелерді шешу жолдарын қарастыруда.

Жоғарыда баяндалған назарға алынса, Ирактың алдағы уақытта да сыртқы саясатта осы сарында өрбітуге құлшыныс танытатындығы көрінеді. Әлемдік державалардың аймақтағы саясаты Иракты өз қауіпсіздігі мен ел ішіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етуі үшін сыртқы саясатта мейлінше белсенді қимылдарға жетелейді. Олар осы ретте, АҚШ, Иран, Сауд Арабиясы, Түркия сияқты әлемдік және аймақтық державалармен санаса отырып, ел ішіндегі билік жүйесін нығайтуды мақсат тұтатындығы күмән келтірмейді.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока