KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Йемен — соғыс та жоқ, бейбітшілік те жоқ

Йемен — соғыс та жоқ, бейбітшілік те жоқ

16.11.2022

Йеменде хусит көтерілісшілері мен Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы қолдаған үкімет күштері арасында атысты тоқтату режимі орнатылғаннан бергі уақытта тараптар оқ атуды тоқтатуды алма кезек бұзып, жауапкершілікті бір-біріне жабуда. Тараптар Риядтың кезекті әскери операциясынан соң өткен сәуір айында оқ атуды тоқтата тұру туралы бітім жасаған болатын.

Осы орайда, Сауд Арабиясының Йемендегі жеті жылдық әскери кампаниясының нәтижесінде ондаған мың бейбіт тұрғын қаза тапты, бірақ бұл халықаралық қауымдастықтың айыптауын не наразылығын тудырмады. Неліктен Риядтың соғысқа қатысуына әлемнің жетекші елдері көз жұмып қарайды? — деген сұрақ туады.

Йеменнің «Айн-әл-Инсания» адам құқықтарын қорғау орталығының мәліметінше, бейбіт тұрғындар арасында азаматтық соғыс құрбандарының жалпы саны 46 мыңнан астам адамды құрайды, оның ішінде 4 мыңнан астамы балалар.

Хуситтер Сауд Арабиясындағы келіссөздер процесіне қатысқан жоқ, бірақ соңында республика аумағында атысты тоқтату режимін орнатуды қолдады. Рас, «Ансар Алла» басшылығы Йеменнің Президенттік басқарушы кеңесін құру туралы бастаманы алдын-ала сынға алды, бұл туралы Йеменнің бұрынғы басшысы Хади Рияд қаласында жариялады.

Саясаткердің айтуынша, Президенттік басқарушы кеңесі органы жанжалды шешуге ықпал ету үшін өтпелі кезеңде мемлекетті басқару бойынша барлық өкілеттіктерді алуы керек. Хуситтер Йемендегі бейбітшілік шетелдік әскерлер шығарылып, агрессия тоқтатылған жағдайда ғана мүмкін болатындығын атап өтті. Олар шетелдік әскерлер деп негізінен Сауд Арабиясына қатысты айтып отыр.

Алайда, йемендік көтерілісшілердің БҰҰ немесе басқа халықаралық ұйымдар желісі бойынша мәлімдемелеріне қарамастан, олар әскери шабуылды тоқтату жөінінде Риядқа айқын талаптар қойып отырған жоқ. БҰҰ Йемендегі қазіргі жағдайдың әскери шешімі жоқ екендігін мәлімдейді.

Неліктен Сауд Арабиясы Йемендегі әскери кампания үшін сынға ұшырамайды деген сұраққа сарапшылар әртүрлі жауап береді. Сонымен, кейбіреулерінің пікірінше, қазіргі уақытта халықаралық қауымдастық Сауд Арабиясының Йемендегі әскери операциясы туралы ортақ консенсусқа келген. Олардың айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2015 жылғы қарарынан бастап ұлттық үкіметтердің шешімдеріне дейін Сауд Арабиясын қатаң айыптау болған жоқ және Риядқа қарсы қандай-да бір шара қабылданған емес.

Риядтың Йемендегі  операциясына қатысты бұл ұстаным Сауд Арабиясының халықаралық алаңдарда, соның ішінде АҚШ пен Еуропадағы бұқаралық ақпарат құралдары және лоббистер оның хуситтер мен Иранға қарсы белсенді іс-әрекеттер жүргізуде өте белсенді болуын бағалайды. Сондай-ақ, Сауд Арабиясының Мұнай экспорттаушы елдер ұйымындағы (ОПЕК) маңызды рөл атқаруы есепке алынады. Нәтижесінде мұнай факторымен бірге бұл елдің Батыс елдерінде елеулі инвестициялар мен капиталдарының болуы Йемендегі қақтығыстағы Риядтың іс-әрекеттерін айыптаудың орнына, барлық сын олардың қарсыластары хуситтерге бағытталған.

Сонымен бірге, Сауд Арабиясы әрдайым Таяу Шығыстың ғана емес, бүкіл әлем елдері үшін аймақтағы жүйе құрушы ел болып қала береді.

Бұл Риядпен қарым-қатынас АҚШ, Еуропа одағы және Азия елдері үшін де маңызды екенін білдіреді.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясының Йемендегі әрекеттеріне бүкіл әлемде қалыптасқан көзқарас — Рияд көрші ел Йемен жерінде  «террористік» Иранмен соғысып жатыр және егер бұл жерде бейбіт халық зардап шексе, оған ештеңе істеуге болмайды. Бұл циник және адамгершілікке жатпайтын ұстаным, бірақ бұл факт. Сондықтан Йеменнің солтүстігінің тас-талқанын шығарса да Сауд Арабиясына қарсы ешқандай санкциялар жоқ.

Негізгі келіссөздер көбінесе хуситтердің қатысуынсыз өткенін ескерсек, дағдарыстан шығу туралы түпкілікті ұсыныстарды көтерілісшілер мақұлдауы екіталай, бұл соғыс қимылдарының одан ары жалғасуына әкелуі мүмкін.

Сауд Арабиясының Йемендегі жеті жылдық әскери кампаниясы Рияд пен оның одақтастары әскери жолмен толық басымдыққа қол жеткізе алмағанын көрсетті. Кезінде Рияд әскери әрекеттер ұзаққа созылмайды және оның жеңісіне тез әкеледі деген еді.

Қазіргі кезде Сауд Арабиясы хуситтермен тағы да келіссөздер жүргізді. Бұл жолы Рияд олармен сөз саптауын жұмсартып, екі жақ қабылдайтын нұсқаларды талқылауға дайын. Диалог сәтті болуы мүмкін, бірақ бұл өте бұлыңғыр. Реттеу ықтималдығы өте үлкен, бірақ әлі де көптеген факторлар жанжалдың жалғасуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Кейбір сарапшылар Йемендегі саяси сахнада бұрынғы президент Абд Раббо Мансур Хади болғанша, айтарлықтай ештеңе өзгермейді деп санайды. Егер бұл тұлға қала беретін болса, нақты бір нәрсе туралы келісу екіталай, өйткені йемендіктер оны Сауд Арабиясының қуыршағы ретінде қабылдайды. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін Йеменде елеулі саяси қайраткер немесе өз билігі арқылы ел халқын біріктіре алатын адамдар тобы жоқ. Йеменнің солтүстігі мен оңтүстігі қазір бір-бірінен соншалықты алыс, бұл елдің екі бөлікке немесе кем дегенде екі мүлдем автономды федералды аймаққа бөлінуі мүмкін. Сондықтан бітімгершіліктен қандай да бір елеулі табыстар күтудің қажеті жоқ, жақын арада оның бұзылуы мүмкін.

Қазіргі кезде тараптар оқ атуды тоқтату туралы келісімді соза алмағандарына қарамастан әскери әрекеттер басталған жоқ. Йемен соғыс та жоқ, бейбітшілік те жоқ жағдайды бастан кешіп отыр.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока