KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Оңтүстік-Шығыс Азия айдаһары Сингапур, Орталық-Азия барысы Қазақстан

Оңтүстік-Шығыс Азия айдаһары Сингапур, Орталық-Азия барысы Қазақстан

29.01.2018

1965 жылы шағын ғана Сингапур Малайзиядан бөлініп, тәуелсіздігін алған кезде, елдің өмір сүріп кетуіне ешкім сенген жоқ. Әлем елдері Сингапурдың болашағына үлкен күмәнмен қарады.

Осы жағдай 1991 жылы Қазақстан Кеңес Социалистік Республикалық Одағынан бөлініп, 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған кезде, Қазақстанның аяққа тұрып, өмір сүруіне кейбір мемлекеттер теріс көзқараспен қарады.

Малайзия мемлекетінің негізін қалаушы Тунку Абдул Рахман Сингапурдың болашағына қатты алаңдады. Сингапурдың Малайзияны қуып жетуі іс-жүзінде мүмкін еместігін атап өтті.

Тіпті, АҚШ Президентінің көмекшісі, Мемлекеттік хатшы «Ұлы шахмат тақтасы» кітабының авторы Збигнев Бжизинский өзінің еңбегінде Орталық Азиядағы көшбасшылық басымдықты Қазақстанға емес Өзбекстанға берген болатын.

Дегенмен, «Сингапур кереметінің» архитекторы Ли Куан Ю, «Қазақстан кереметінің» негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ХХ-ХХІ ғасырда әлемдегі ең танымал тұлғалардың біріне айналды.

Екі тұлғаның жеке тапқырлығы мен қабілеттілігі, ақыл-парасаттылығы мен күш-жігері Сингапурды «Үшінші әлемнен – бірінші әлемге» айналдырды, Қазақстанды бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосуға септігін тигізді. Қазіргі уақытта күн тәртібінде тұрған өзекті мәселінің бірі әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру.

Сингапур мен Қазақстанның қарыштап дамуы басқа елдерге үлгі болуда. Әлемдік саясаткерлер, халықаралық және трансұлттық компаниялардың басшылары Ли Куан Ю мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалайды.

Қазіргі уақытта, әлемнің көптеген сарапшылары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту бастамасын осы күнге дейін көтеріп келе жатқанын ескере отырып «Бейбітшілік саласына қосқан үлесі үшін – «Нобель» сыйлығын беру жөніндегі пікірлерін жиі-жиі көтеруде.

Екі тұлғадан

туындаған негізгі идея     

Ли Куан Ю Сингапур тәуелсіздігін жариялаған кезде Үкіметке экономиканың абсолютті жаңа моделін құруға тура келгенін айтты.

Ли Куан Ю егер мемлекет дәстүрлі жолмен жүретін болса, онда мемлекеттің өмір сүру деңгейінің бұдан әрі нашарлайтынын жақсы түсінді. Мемлекеттің дамуы үшін әдеттегіден тыс жаңа қабілеттіліктер мен күш-жігерлер қажет екендігін атап өтті.

Ли Куан Ю «Сингапурдың ұзақмерзімді 1965-1995 стратегиясын» жасауға бірден кірісті. Бұл өз кезегінде, мемлекеттің аяқтан тұрып, мемлекеттік жүйенің біртіндеп жұмыс істеуіне, ел экономикасының көтерілуіне септігін тигізді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарында халыққа: «Ең алдымен экономика, одан кейін саясат» деген қағидатты жүргізді. Халықтың ең алдымен күн-көріс деңгейін, өзін-өзі қамтамасыз ету, жұмысқа деген қабілеттілігін арттыруды көздеді.

Осы мақсатта, Мемлекет басшысының: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді.

Тәуелсіздіктің алғашқы бес жылдығында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ұлттық мүддесін қорғайтын – «Қазақстан – 2030 стратегиясы» әзірленді.

Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығында ХХІ ғасырда жаңа сын қауіп-қатерлердің алдын алуға жауап беретін «Қазақстан – 2050 стратегиясы» жасалды.

Жаңа міндет:

жалғыздықта өмір сүру

1971 жылы британдық үкімет өз әскерлерін Сингапурдан толық шығару туралы мәлімдеме жасады. Бұл Сингапур үшін жеке қауіпсіздіктің жоғалуын ғана емес, сондай-ақ ЖІӨ-нің 20%-нан айырылуын білдірді.

Сингапурдың жалғыздықта өмір сүріп үйренуіне тура келді. Дамудың жаңа парадигмасын табу қажет болды.

Ли Куан Ю мемлекетке ірі корпорациялардың инвестицияларын тарту қажеттігін түсінді. Ли Куан Ю іс-жүзінде тап болған бірнеше сынақтар мен қателіктерден кейін, Сингапурды тығырықтан шығарудың ең тиімді жолы – американдық трансұлттық корпорацияларды тарту қажеттігі туралы қорытындыға келді.

Ли Куан Ю американдық инвесторларды тарту жөніндегі стратегияның бір бөлігі Сингапурды «үшінші әлем» өңірінде «бірінші әлем» оазисін құру қажет деген тұжырымға келді.

Ли Куан Ю көздеген мақсаты Сингапурды «бірінші әлем» деңгейінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін «Негізгі зияткерлік мемлекетті» қалыптастыру болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдегі жұмыссыздықты жою, халықтың күн-көріс деңгейін көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу, қарапайым халықтың өзін-өзі қамтамасыз ете алатын дәрежеге жеткізу үшін американдық инвесторларды тартуға бел буды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанға американдық «Shevron», қазіргі «Теңіз-Шевройл» компаниясы келді. Осы компаниядан түскен табыстың есебінен елдегі күрделі мәселелерді шешуге өз септігін тигізді. Қазақстанның батыс өңірінде жаңа жұмыс орындары ашылды.

Сонымен қатар, Қазақстанда жекешелендірудің бастапқы үш кезеңі табысты жүзеге асырылды. Жекешелендірілген кәсіпорындар мен зауыттар, фабрикалардың иелері елде жаңа жұмыс орындарын ашты. Елге тартылған инвесторлар мен жекешелендірудің есебінен ел экономикасы біртіндеп көтерілді.

Табысқа жетудің басты жолы:

өз істеріне жауап бере алатын сапалы мамандар

Ли Куан Ю мемлекеттік қызметті, сондай-ақ бизнесті жүргізуге ешқандай тәжірибесі жоқ жастарға сенім артты. Сингапур мектептерін бітірген әр түлектердің ішінен үміткерлерді таңдап, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Австралия, Еуропа құрлығы, АҚШ үздік университеттеріне оқуға жіберді. Сингапурда табысты мемлекеттік корпорацияларды құру үшін жеке кәсіпкерлерді өсірді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1993 жылы қазақстандық жастардың шетелде білім алуын көздейтін «Болашақ» бағдарламасын құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Осы күнге дейін шет елде 13 мыңға жуық қазақстандық жастар білім алып, мемлекеттік қызмет, ұлттық компаниялар мен холдингтерде ел игілігі үшін еңбек етуде.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев уақыт өт келе «Дарынды жастар – мемлектетің ең құнды қазынасы болып табылады» деген мақсатта «Болашақ» бағдарламасын іске қосты. Бұл өзінің нәтижесін беруде.

Ли Куан Ю мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Табысқа жетудің басты жолы – өз істеріне жауап бере алатын сапалы мамандар» деп есептеді.

Қоғамдық игіліктерді субсидия жолымен емес,

меншік жинау жолымен қайта бөлу қажет

Ли Куан Ю ел байлығындағы әр азаматтың үлесі мен болашақтағы үмітін қамтамасыз ету қажеттігін өзінің басты қамқорлығы деп санады. Ол Сингапурдың тұрғындарын субсидияларды алушылар емес, мемлекетте меншік иелері болуын қалады.

Ли Куан Ю сингапурлық халықты тұратын жеке тұрғын-үйін мемлекеттен емес, жеке меншік жинау жолымен дағдыландыруға үйретті. Халық меншік жинау жолымен жеке тұрғын-үй, баспана мәселесін шешті.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қарапайым халыққа өте тиімді жеңіл бағада тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында Үкіметке 2005 жылы «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкін құруды» тапсырды.

Қарапайым халық жеке меншік жинау жолымен «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы ретінде мемлекеттік бағдарламалар «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» арқылы баспанаға ие болуда. Тұрғын-үйдің бастапқы 30% жинау қажет, қалған 70% мемлекет тарапынан несие ретінде жылдық 5% беріледі.

Бұл іс-әрекет Ли Куан Ю мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Сингапур мен Қазақстанда тәуелділердің емес, иеленушілердің қоғамын» құруға септігін тигізді деп айтуға болады

Тіл мәселесі

Ли Куан Ю: «Барлығы ағылшын тілін үйренуі керек, ал ана тілі сіздер үшін, екінші орында тұруы тиіс, себебі ағылшын тілін білмей, халықаралық корпорациялармен байланысты орнатуға мүмкіндік болмайды. Егер, мен тек қана малай тілін білетін болсам, онда мен өзімді мәңгүрт деп санайтын едім»

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Үш тілді еркін меңгеру – бұл жаһанданған әлемге бастайтын жол деген сөз. Ал, ағылшын тілі керек емес дейтіндер – қазаққа қарсы адамдар»

Сингапурда бір тіл ешқашан болған емес. Бұл қала отарлық үкімет билігінің астында «полиглот – көп тіл білетін халық» болатын. Қала тұрғындары қытай, малай, тамиль және ағылшын тілдерінде сөйледі.

Ли Куан Ю мемлекет тәуелсіздігін алғаннан кейін, ресми тіл туралы мәселені көтерді. Мемлекетте ұлттық қақтығыстардың алдын алу үшін «Төрт тіл – ресми тіл» болады деп шешім қабылдады.

Мектепте екі тілде оқыды – ағылшын және жергілікті тұрғындар пайдаланатын қалған үш тілдің біреуі. Дегенмен, жалғыздықта өмір сүру және Сингапурдың гүлденуінде тұрғындардың жаппай білімі болған «Ағылшын тілі» маңызды рөлді ойнады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ал қолданыстағы ресми тіл – орыс тілі болуы қажет деген қорытындыға келді. Бұл норма ҚР Конституциясының 7-бабында арнайы бекітілді.

Дегенмен, қазіргі уақытта, Елбасы халықтың «Үш тұғырлы тіл – қазақ, орыс, ағылшын» тілдерін еркін білуге қатты көңіл бөлуде.        Бұл процесс кезек күттірмейтін заман талабы. Мемлекеттің алға қойған мақсаты – қазақстандық жастардың әлемде бәсекеге қабілетті болуы.

Әсіресе, Елбасының ағылшын тілін еркін меңгеру қажет дегені – бұл ғылым мен техниканың тілі, бұл дипломатия мен жаһандық өркениеттің тілі, бұл Қазақстанның дамыған елдер қатарында бәсекеге толық қабілетті болуын көздейтін іс-әрекеті деп түсіну қажет.

Мемлекетте үш тілде еркін оқытатын «Назарбаев зияткерлік мектептері», тек ағылшын тілінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беретін «Назарбаев университеті» қызмет жасауда.

Нәтижесінде, ХХІ ғасырдағы Қазақстан жастары ағылшын тілінде емін-еркін сөйлейтін, өз елінің білімді де, білікті патриоттары болуы тиіс деген тұжырымдама жасауға болады.

Халықаралық қаржы орталығын құру

Ли Куан Ю Сингапурды Халықаралық ірі қаржы орталығы болуын қалады. Сингапурдың қаржы орталығына айналуына АҚШ-тың Нью-Йорк, Сан-Франциско штаттары және Еуропаның  Цюрих, Франкфурт, Лондон қалалары өз септігін тигізді.

Нәтижесінде, 1990 жылға қарай Сингапур әлемдік картада Америка мен Еуропаның ортасында орналасып, әлемдік банктік эстафетаны қабылдау мүмкіндігі мен ақшаларды тәулік бойы ауыстыру циклін жүзеге асырды.

Сингапур – Халықаралық қаржы орталығына айналудың арқасында әлемдегі дамыған 10 мемлекеттің қатарына кіріп отыр.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «100 нақты қадам Ұлтты жоспары» атты сайлауалды бағдарламасында «Астана халықаралық қаржы орталығын құру» құру қажет деген шешімге келді.

Астана қаржы орталығының хабы болашақта әлемнің 20 алдыңғы қаржы орталықтарының қатарына кіруі көзделіп отыр.

Қазіргі уақытта Келімбетов Қайрат Кемелұлының басшылығымен көздеген мақсатқа жету үшін «Астана халықаралық қаржы орталығы қызмет жасауда.

Қаланы көгалдандыру:

Ақылды қала Сингапур мен Астана

Ли Куан Ю елдің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, Сингапурды «үшінші әлемнен – бірінші әлемге» айналдыратын тәсілді іздеді.

Біріншіден, қаланы жасыл аймаққа көгалдандыру үшін оқушылардың сана-сезімін жаңғырту мақсатында мектептерде балаларға «Жанды табиғатты аялау, бау-бақшаға қамқорлық жасау туралы» арнайы пән енгізілді. Балалар үйлеріне келіп, үйренген білімдерін өздерінің ата-аналарына жеткізді. Жоғары оқу орындарында табиғатты аялауға қатысты арнайы курстар жүргізілді.

Екіншіден, қаланы көгалдандыру үшін, ең алдымен қоғамдық тәртіпті ретке келтірудің механизмін енгізді, бұл айыппұл (штраф).

Қаланың қоғамдық орындарында шылым шегіп, жерге лақтыру – 1500$, жерге түкіру – 1500$, екі бұзушылық – 3000$ құрайды. Егер суарылатын гүлдің жанындағы табақшаға суды қойып кетсеңіз айыппұл 500$, cебебі табақшадағы суға маса, шыбын шіркей жиылады, ол уақыт өте келе адамға белгілі бір ауру туғызады.

Үшіншіден, қаланың көшесіндегі барлық қайықтар мен заңсыз таксилер алынып тасталды. Өзендер тазаланды, ал ескі қоймалар мен шеберхана үйлері кафе, дүкен, қонақ-үйлерге, саябақтарға айналды.

Төртіншіден, қаладағы айқай-шумен күресу басталды, заңсыз көші-қон мәселесі реттелді, қалаға пиротехникалық заттарды әкелуге тыйым салынды.

Нәтижесінде, Ли Куан Ю адамдарды тәртіпке келтіруді қалады, яғни адам тәртіпке неғұрлым келген сайын, қаланың іші гүлденіп, солғұрлым көгалданып, жасыл экономикалық аймаққа айналады деген жоспарын сәтті жүзеге асыра білді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайын Астананың гүлденуіне, жасыл көгалданған қала болуына көңіл бөліп келеді. Астананың сыртқы аумағында қаланы шаң-тозаңнан сақтау үшін «Жасыл орман қалашығы» отырғызылды. Жасыл орман қалашағында әртүрлі жануарлар, аңдар, құстар өмір сүруде.

EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің жанынан Астананың көркін келтіретін «Ботаникалық бау-бақша» жобасы іске асырылуда. Бау-бақша Астананың жасыл экономикалық хабқа айналғанын көрсетеді. Жыл сайын «Астана – таза қала» жобасы аясында қаланың ішінде жасыл көшет-ағаштары отырғызылады.

Қалада тұрғындарға жол-көлік қозғалысының уақтысын реттеп отыратын «Аstana-Smart» жобасы қосылған.

Елбасы ақылды қала Астананың әуе жайдан қонақ-үйге дейін, қонақ-үйден министрліктер үйі мен Ақордаға дейін жолдарға әдемі отырғызылған жасыл ағаштар мен бұталарды өсіру – Қазақстандықтардың сенімділігі мен салмақтығын көрсететін ең жақсы тәсілдердің бірі деп болжады.

Жасыл қала Астананың орталық ауданы ағаш-бұталармен безендіріліп, мінсіз таза көгал отырғызылды. Бұл ландшафт қазақстандықтардың тәртіптілігі мен сенімділік нышанын білдіреді деп түсіну қажет.

Қорытынды

Қорытындылай келе, Ли Куан Ю, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үкіметтік жүйенің одан да қарқынды жұмыс істеуі үшін, үнемі оқып, зерттеп, талдап, елдегі ахуалдың өзгеруіне қарай, қажетті түзетулерді енгізіп отырды. Екі тұлғаның осы жүйесі қарқынды жұмыс істеді.

Екі тұлғада өз тәжірибелерінде «Қандай да бір теорияның кепілі немесе сол теорияның тұтқыны болу қажет емес» деген қорытындыға келді. Елдің дамуы үшін дәстүрлі жолдан тыс, жаңа қабілеттіліктер мен жаңа бастамалар, жаңа реформалар, жаңа идеялар, жаңа жаңғыру механизмінің қажет екендігін түсінді.

Екі тұлғаның басшылығындағы ұйымшыл және талапкер команда  сингапур мен қазақстандық халықтың ептілігі мен еңбекқорлығын қолдай отырып, мемлекетті бір ұрпақтың өмір бойына «Үшінші әлемнен – бірінші» әлемге айналдырды, әлемдегі бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосты.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында сыртқы саясат дипломатиясына өз үлесін қосып, әлемдік сахнада Қазақстанды таныта білді.

2010 жылы – Қазақстанның «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтамақтастық ұйына» төрағалық ету;

2011 жылы Қазақстанның «Ислам ынтымақтастығы ұйымына» төарағалық етуі.

Бұған қоса, Қазақстанның «Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету».

2017 жылы 3 ай бойы EXPO – Халықаралық көрмесінің Астана қаласында өтуі негіз болып табылады.

Елбасының Давос форумында «Дағдарыстан шығудың кілті» атты бағдарламалық мақаласы әлем елдеріне ұсынылды.

(авт. Мырзабек Шымыр)

Гость
04.02.2018 в 15:16 - Ответить

Сингапурдың біздер айырмашылығы көлемінде. Кішкентай арал ғана. Хылық саны да аз. Сондықтан олар тезірек дамыды. Мақала жақсы бірақ бір жақты.

Гость
04.02.2018 в 15:20 - Ответить

Кто такой Шымыр, не слыхал такого. Он кто вообще?

Амиржан
10.03.2018 в 12:02 - Ответить

Сингапурға жету қайда бізге. Зимбабвені үлгі тұтып отырған тәріздіміз.

Амиржан
10.03.2018 в 12:03 - Ответить

Зимбабвені үлгі тұтып отырған тәріздіміз.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока