KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Рияд қаласында «Қазақстан — 30 жыл дамуы» атты кітабының тұсау кесері өтті

Рияд қаласында «Қазақстан — 30 жыл дамуы» атты кітабының тұсау кесері өтті

02.12.2021

2021 жылғы 30 қарашада Рияд қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев күнін және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту шеңберінде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі, Сауд Арабиясының Орыс-араб зерттеулері мен ақпарат қорымен, сондай-ақ Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Ә.Назарбаев орталығымен бірлесе отырып, «Қазақстан — 30 жыл даму» атты кітабының араб тіліндегі тұсаукесері өтті.

Кітапта мемлекеттің сыртқы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы негізгі бағыттары көрсетілген тәуелсіз Қазақстанның басты тарихи оқиғалары баяндалған. Ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісіне, Елбасының әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін өткізу жөніндегі бастамасына бөлек тарау арналған.

Сонымен қатар, кітапта Қазақстан-Сауд ынтымақтастығының түрлі бағыттардағы дамуының маңызды кезеңдері қамтылған.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақтандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық қатынастарды орнатудағы тарихи рөліне ерекше назар аударылған.

 

Сауд Арабиясындағы Қазақстан Елшілігі

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

О саммите в Эр-Рияде

18 февраля 2025 года в Эр-Рияде, столице Саудовской Аравии, состоялись первые за три года переговоры между Россией и США. Российскую делегацию возглавляли министр иностранных дел Сергей Лавров, помощник президента Юрий...

Создание национальной системы защиты от беспилотных авиационных систем: вызовы и пути реализации

В последние годы наблюдается стремительный рост использования беспилотных авиационных систем (БАС) в гражданской, коммерческой и военной сферах. Наряду с положительными эффектами, это сопровождается ростом угроз,...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока