KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Сауд Арабиясында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаев күні атап өтілді

Сауд Арабиясында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаев күні атап өтілді

02.12.2021

2021 жылғы 30 қарашада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі Сауд Арабиясының Орыс-араб зерттеулері ақпарат қорымен (ОАЗАҚ), сондай-ақ Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Ә.Назарбаев орталығымен бірлесе отырып, гибридті форматта «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі заманғы мемлекеттің қалыптасуындағы тарихи рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Конференцияға Сауд тарапынан Корольдіктің Консультативтік Кеңесінің депутаты – Қазақстан-Сауд Арабиясының парламенттік достық тобының мүшесі доктор Мона Әл Мушаит, ОАЗАҚ Төрағасы М.ат-Турки, Сауд Арабиясының Қазақстандағы бұрынғы Елшісі З.Аленези, Имам Мұхаммед бен Сауд атындағы Ислам университетінің,  Зерттеу және мәдениетаралық білім орталығының (CRIK), ОАЗАҚ-тың және басқа да саудтық ғылыми орталықтарының ғалымдары мен жетекші мамандары, «OIC UNA» және «Al Ahram» ақпараттық агенттіктерінің басшылары, сондай-ақ жергілікті және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Б.Арын, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Ә.Назарбаев орталығының Төрағасы Б.Сәрсенбаев, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары Т.Шаймергенов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессорлары, оқытушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Б.Арын қатысушыларды еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері, халықаралық сахнадағы елеулі табыстары туралы хабардар ете отырып, Қазақстанның жаңа тарихы мен бүгінгі жетістіктері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Сондай-ақ, қазақстандық дипломат қазіргі таңда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы айтып берді.

Өз кезегінде, ОАЗАҚ Төрағасы М.ат-Турки Қазақстан Үкіметі мен халқын мерейтой күнімен және Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, қатысушыларға Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңіндегі негізгі тарихи оқиғалар туралы баяндайтын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшілігінің, ОАЗАҚ және Н.Ә.Назарбаевтың орталығының бірлескен күшімен шығарылған «Қазақстан-30 жыл даму» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.

Бұл ретте М.ат-Турки өз сөзінде өткен ғасырдың басында қазақ және сауд халықтары арасындағы достықтың негізін қалаған Корольдіктегі алғашқы қазақ Елшісі Н.Төреқұлов атындағы кітапханада дөңгелек үстел өткізудің символикалық мәні бар екенін атап өтті.

Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің мүшесі М.Мушаит ҚР мен САК арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытумен қатар, Қазақстан Парламенті мен Корольдіктің Консультативтік кеңесінде құрылған екі мемлекет арасындағы достық топтардың үлкен рөл атқаратын парламентаралық диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. М.Мушаит ханым қатысушыларды САК Консультативтік кеңесінің төрағасы шейх Абдалла Әл аш-Шейхтің Нұр-Сұлтанға жасаған сапарының қорытындыларымен таныстырды, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы сәулет өнерінің ғажайыптарына толы екенін айтып, еліміздің астанасы туралы өзінің оң әсерімен бөлісті.

Ол қазақ халқының қонақжайлылығына, елдің туристік әлеуеті мен мәдени әралуандығына назар аударып, оның әрі қарай өркендеуіне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Елші З.Аленези Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы үлкен жетістіктері, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі, ғылым және технологиялар бойынша ИЫҰ-ның бірінші саммиті және т.б. осы сияқты еліміздің нәтижелі халықаралық бастамаларының куәсі болған Қазақстандағы қызметі жылдары туралы айтып берді. Сонымен қатар, ол байсалды дипломатиясымен, тату көршілік қарым-қатынастарды дамыту бағытымен және сыртқы әлем алдындағы барынша ашықтығымен ерекшеленетін Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші рөлін атап өтті.

Қазақстан-Сауд қарым-қатынастарына қатысты З.Аленези өзара тиімді ынтымақтастықтың негізі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Сауд Арабиясына жасаған сапарлары және оның Корольдіктің басшылығымен кездесулері барысында қаланып, ал көшбасшылардың саяси ерік күші әріптестіктің қазіргі жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік бергеніне назар аудартты.

Саудтық дипломат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі заманғы мемлекеттің қалыптасуындағы тарихи рөлін атап, биліктің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік дамудың жаңа векторын қалыптастырып жатқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, конференцияға қатысушыларға қысқа деректі фильм көрсетіліп, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы фотокөрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында келушілерге «Қазақстан – 30 жыл дамуы» атты жаңа кітаптың, Елбасы Н.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың кітаптары және Қазақстан туралы, оның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндайтын өзге де ақпараттық-имидждік материалдар таратылды.

Жалпы, тәуекел жылдары қазақстандықтарды батылдық пен шыдамдылық танытуға, ең бастысы – жүргізіліп жатқан өзгерістер бағытын қолдауға жұмылдыруға көндіре алған Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін дөңгелек үстелге қатысушылар жоғары бағалады. Бұл жайт тұрақтылықты сақтауға және бірқатар Кеңес одағына кірген мемлекеттерде орын алған әлеуметтік-саяси күйзелістерді болдырмауға мүмкіндік берді.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында ынтымақтастық пен бірлескен күш-жігерді жалғастыруға келісті.

 

Сауд Арабиясындағы Қазақстан Елшілігі

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока