KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Сауд Арабиясының 5 аймақтық инвестициялық компаниясы

Сауд Арабиясының 5 аймақтық инвестициялық компаниясы

10.11.2022

Сауд Арабиясының тақмұрагері Мұхаммед бен Салман осы елдің Мемлекеттік инвестициялық қоры Иордания Хашимит Корольдігіне, Бахрейн Корольдігіне, Судан Республикасына, Ирак Республикасына және Оман Сұлтандығына инвестициялар бағыттайтын 5 аймақтық компания құрғанын хабарлады. Бұл инвестициялық компаниялардың әр түрлі секторларға салатын инвестицияларының көлемі 24 млрд АҚШ долларын құрайды.

Бұл жөнінде хабарландыру Риядта өткен Болашақ инвестициялық бастама жөніндегі бүкіл әлемдік инвесторлар, инноваторлар мен көшбасшылар тобының кездесуі кезінде жасалды.

Аталған компаниялар бірнеше стратегиялық секторларға, соның ішінде инфрақұрылымға, жылжымайтын мүлікті дамытуға, тау-кен өнеркәсібіне, денсаулық сақтауға, қаржылық қызметтерге, азық-түлік пен ауыл шаруашылығына, өндіріске, телекоммуникация мен технологияға және басқа да стратегиялық секторларға инвестиция салады.

Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры араб елдерінде іске қосылған Сауд Арабиясының инвестициялық компаниялары 100% Қорға тиесілі екенін және қажетті қаражат құйылғанын мәлімдеді. Қор қаражатты осы нарықтардағы мүмкіндіктерге сәйкес бағыттайтынын атап өтіп, бөлінген сомалар толығымен немесе олардың бір бөлігі инвестициялауға бағытталады деп көрсетті.

Қордың стратегиясы инвестицияларды экономиканың пайда әкелетін 13 секторына бағыттау екендігі атап өтілді. Инвестициялық мүмкіндіктер әр елде әр түрлі, сондықтан жаңа компаниялардың әрқайсысының өзіндік инвестициялық философиясы мен стратегиясы болады.

Бес жаңа компания құру Мемлекеттік инвестициялық қордың және оның портфельдік компанияларының, сондай-ақ Сауд Арабиясының жеке секторының бірлескен жобасы десе болады. Бұл инвестициялық серіктестік аймақтағы көптеген инвестициялық мүмкіндіктерді дамытады және нығайтады, ұзақмерзімді перспективада тартымды табысқа қол жеткізуге, сондай-ақ жоғарыда аталған елдердің әрқайсысында жеке сектормен стратегиялық экономикалық әріптестік орнатуға ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Жаңа компанияларды құру туралы хабарландыру Мемлекеттік инвестициялық қордың Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағында жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді іздеу стратегиясына сәйкес жасалған және Қордың активтерін барынша арттыруға және бизнесті әртараптандыруға қол жеткізу үшін ұзақмерзімді перспективада стратегиялық экономикалық серіктестіктер құруды көздейді.

Осы орайда, Сауд Арабиясының қаржы министрлігі зардап шеккен аймақ елдеріне қолдау көрсету үшін Даму институттары жұмылдырылады деп мәлімдеді. Рияд ұйымдастырған Болашақ инвестициялық бастама бойынша конференцияның барысында проблемаларды шешу үшін әлем елдерімен өзара іс-қимыл жоспары бар екені атап өтілді. Атап айтқанда, Сауд Арабиясы азық-түлік пен энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету салаларында табысы төмен елдерге және басқаларға көмек жібереді.

Сарапшылар төтенше мұнай қорына қатысты алдағы алты жыл Парсы шығанағы араб мемлекеттері үшін өте жақсы болады деп болжам айтып отыр.

Дүние жүзінде қазба отынынан жаңартылатын энергияға көшу бір түнде болмайды, 30 жылға созылуы мүмкін, сол үшін Сауд Арабиясы көмірқышқыл газының зиянды қалдықтарын азайтуға көп күш салып жатыр.

Парсы шығанағы елдерінің экономикасын өзгерту үшін олардың өндірістік және экспорттық қуатын арттыруы керек, ал ішкі өнімнің көп бөлігі тұтыну мен импортқа тәуелді. Әрине, Сауд Арабиясының бұл бағыттағы күш-жігері әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығына тікелей байланысты болып отыр. Әлемдік экономика қиын кезеңдерді бастан өткеруде, сондықтан мұнай өндіруші елдер барынша абай болуы керек деп санайды сарапшылар. Шамамен соңғы 10 жылда инвестициялар саласында қалыптасқан жағдай өзгерістерге ұшырай бастады.

Сарапшылар аймақ елдерінің монетарлық мекемелері, сонымен қатар орталық банктер,  доллар өте күшті болғандықтан ақша-несие саясатын қатайтып жатыр. Энергетика саласында дүрбелең бар және осының бәріне қарамастан, мұнай өндіруші елдердің кейбір мүмкіндіктері, соның ішінде мұнай сатудан тұрақты кірістері бола береді.

Сарапшылар ресейлік мұнай мен мұнай өнімдеріне жоспарланған еуропалық тыйым салу қарсаңында мұнай нарығында үлкен белгісіздік бар екенін айтуда. Шикі мұнай басқа тұтынушыларға қайта бағытталады. Азияға арналған шикі мұнай Еуропаға, Солтүстік Америкаға және басқа жерлерге жөнелтілетін болады. Бір баррель мұнайдың бағасы келесі жылдың бірінші тоқсанында 100 доллардан асып түседі деген болжал бар. Ол  үш себепке байланысты болып отыр. Атап айтқанда ОПЕК-тің жақында өндірісті күніне екі миллион баррельге қысқарту туралы шешімі. Екіншіден, Еуропаның Ресей мұнайына желтоқсан мен ақпан аралығында күтілетін тыйым салуы және үшіншіден, Америка Құрама Штаттары өз қорларынан АҚШ нарықтарына мұнай жеткізуді тоқтатты.

Қазіргі кезеңде Сауд Арабиясының өркендеп келе жатыр және оның экономикасы үлкен жиырмалық елдер арасындағы ең үлкен өсімді көрсетіп отыр. Оны Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры Иордания, Бахрейн, Судан, Ирак және Оманға инвестициялар бағыттайтын 5 аймақтық компания құрғаны көрсетіп отыр.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока