KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Сириядағы ахуал – радикалды ислам идеясының күйреуі…

Сириядағы ахуал – радикалды ислам идеясының күйреуі…

15.10.2020

Сириядағы Раққа қаласында 2015 жылдың 3 қаңтарында араб-ислам әлемін және дүниежүзін түршіктріген оқиға орын алды.

Әуеден бомбылаудан қираған ғимараттың артында Ислам мемлекеті ұйымының түсіру тобы, камералар мен кішігірім темір тор тұрды. Ислам мемлекеті террористік ұйымының кезекті қанды бейнеролигі осылайша басталған.

Беттерін бүркемелеген әскери жасақталған оншақты статитстер оқиға болатын орынның әр жерінде сап түзеген, келесі біреулері күзетші рөлін ойнады. Енді міне басты кейіпкерді алып келді. Муаз әл-Касасбе, жиырма алты жастағы иордандық, әскери ұшақтың ұшқышы, қызғылт сары көйлек пен шалбар, қолдары бос, күзетшілерсіз, тұманға оралған түсіру алаңымен торға қарай бет алды.

Ислам мемлекетінің қолына 2014 жылдың 24 желтоқсанында түскенннен кейін ол камера алдында өз оқиғасын, сондай-ақ қажетті эпизодтарды исламистердің мәжбүрлеуімен айтқан болатын.

«Мен аға лейтенант Муаз Сафи Юсуф аль-Касасбе, иордандық, Карақ қаласынан, Иордания әуе күштерінің офицерімін», — деп бастаған.

Бейнетаспада әл-Касасбе өзінің 24 желтоқсандағы әскери тапсырманы орындағаны туралы және тұтқынға түскендігі жайында баяндап берді. Оның ұшағы Ислам мемлекетімен 2014 жылдың қыркүйегінен бері күресті бастаған араб және батыс елдері әскери коалициясының құрамына кіретін.

Муаз әл-Касасбені исламистер айуандықпен тордың ішінде тірідей өртеп жіберді.

Бұл Ислам мемлекеті ұйымының кезекті жауыздық әрекеті болды. Осыған дейін камера алдында ұрланған журналист Джеймс Фоулидің бауыздалуы көрсетілді.

«Тайм» журналының тілшісі Стивен Сотлоф, британ гуманитралық миссиясының өкілдері Питер Кэссинг, Дэвид Хейнс және Алан Хенингтің де тағдырлары осылай аяқталды. Жазықсыз құрбандар жөнінде айта берсе өте көп. Қаншама бейбіт тұрғындар мен тұтқынға түскен әскерилер, күрд әйелдер мен жас қыздар, ирақ теледидарының операторлары, жапон азаматтары қанды ұйымның қанжарларының астына түсті. Ислам мемлекетіне еліктеп, ливиялық джихадшылар да өз тұтқындарын теңіз жағалауында топ-тобымен бауыздаған көрініс те ұмытылған жоқ.

Дей тұра, қарапайым иордандық әскери ұшқышты тірідей өртеу жазасы жалпы араб қауымдастығының исламдық радикализмге қатысты көзқарасын түпкілікті өзгертті. Космополиттік Иордания астанасы Амманнан бастап, сонау консервативтік уахабшыл Сауд Арабиясында наразылық пен ашу қаһары еселене түсті. Діни тұрғыдан тұтқындардың басын кесу қаншалықты қатаң болғанымен, Құранда рұқсат етілген және Сауд Арабиясында ресми жаза ретінде қолданылады. Алайда адам баласын, мұсылман сүнитті өртеу – Ислам мемлекеті ұйымының мұсылмандық қағидат-ережені өрескел бұзғандығын аян етті.

«Тек Алла ғана отпен жазалай алады, адамды өртеу қандай да себептерге қарамастан, ислам заңында қабылданбаған пасық қылмыс», — деп мәлімдеді өз твиттерінде Салман Әл-Удда, белгілі Сауд Арабиясы Корольдігінің діндары, «Бүгінгі ислам» атты сайттың жетекшісі.

Әбділ Әзіз Әл-Шейх, Сауд Арабиясының Бас мүфтиі, корольдіктің жоғары діни тұлғасы және илам құқығының білгірі қарапайым сөзбен жеткізді: «Ислам мемлекеті мұсылмандар емес, олар мұсылмандардың қас жаулары».

Тіпті исламдық радикалды ілімнің жақтаушысы және жаңа тұжырымдамасын жасаушы, аты шыққан Ислам мемлекетінің негізін қалаушы Ахмад Фадел әл-Халайли, немесе лақаб атымен айтатын болсақ, Аз-Зарқауидің діни ұстазы Абу Мұхаммад әл-Мақдисидің өзі жаңа заман мұсылмандарының әрекетінен түршігіп кетті. «Олар қан-қасаппен өлтіруден басқа жеңісті білмейді және мойындамайды. Дұшпандарын бауыздап, өз жетістіктерін осылайша теледидар алдында көрсетеді. Жұрт болса үреймен: осы ма исламымыз дейді?». Біз болсақ исламның мұндай еместігі туралы қайта түсіндіруге мәжбүрміз.

Белгілі мұсылман ғұламалары бұдан бұрын да радикалды исламистерді, террористерді және олардың әрекеттерін айыптап келген. Бірақ бұл жолғы айыптаулардың салмағы әлдеқайда ауыр болды. Араб әлемінде жоғары саяси және діни деңгейлерде, діни институттарда жай ғана айыптау мен сынның жеткіліксіз екендігі жөнінде берік түсінік орын алды.

Мысыр Президенті Әбділ Фаттах Әл-Сиси 2015 жылдың қаңтарында «Әл-Азһар» университетінде Мысырдағы барлық беделді діндарларды жинап, оларға арнаған өзінің сөзінде исламдық реформацияның уақыты келгендігін жария етті. Реформация – «революция» түрінде танылу қажеттігіне жүгінді. Фундаменталистік және радикалды идеялардан және ондай идеяларды уағыздайтындардан құтылу керектіне назар аударды.

«Ислам әлемінде ауқымды діни дағдарыстың орын алғандығын алға тартып, бұл дағдарыстан шығудың жолын мұсылмандар жеке өздері табуы қажет. Барша мұсылмандарға қасиетті идеялар мен ұстанымдар біздің халықты әлем қауымдастығының алдында үрей мен қорқыныштың, күйреу мен өлтірудің көзіне айналуына жол бермеу керек», — деді президент Әл-Сиси.

Сөз аяғында Президент «Әл-Азһар» университетінің рухани басшысы, Бас имам Ахмед әл-Тайебқа  исламда жаңа прогрессивтік төңкеріс жасау керектігіне үндеді. «Сіз Алланың алдында жауапкершіліктесіз, барша әлем Сіздің сөзіңізді күтіп отыр. Ислам қауымдастығы бытыраңқы күй кешуде, жойылу үстінде, өз ажалына қарай бет бұруда. Біз өзіміз ажалымызға жол бастап барамыз», — деді сөз аяғында.

Көп ұзамай Мысырдың Бас имамы Ахмед әл-Тайеб Ислам мемлекетін «шайтанның малайлары», деп жария етті. Көптеген радикалды пиғылдағы имамдар мен діндарлар қатаң жазаға ұшырап, мемлекеттің жіті бақылауына түсті. Радикализм мен фундаментализмге қарсы идеологиялық жан-жақты науқан Египетте қазіргі күнге дейін жалғасын табуда.

Анығында Ислам мемлекетінің Сирия мен Ирақтағы жауыздық әрекеттері барлық араб және ислам мемлекеттері басшылары мен діни ғұламалары тарапынан әшкереленді. Бірқатар мелекеттер діни бағыттағы саясатын жаңа заман талаптарына сай қайта қарауға кірісті.

Ливан журналисі, исламдық радикализм құбылысын қырық жылдан бері зерттеп келе жатқан Рами Хуридің пайымдауынша, «Әл-Қаиданы одан кейін Ислам мемлекетінің негізін қалаушылардың радикалдануы араб түрмелерінде басталып, әлеуметтік проблемалармен тұздықталып, соңында америкалық әскери ұшақтардан түскен бомбалармен шыңдалды. Осының бәрі радикалды идеялардың жүзеге асырылуына бастады».

Қазіргі уақыттағы Сириядағы ахуал әбден тұрақталды деуге келмейді. Ислам мемлекеті түпкілікті жойыла қоймады. Әскери һәм идеологиялық қуаты баршылық. Ұлы державалардың Сириядағы тартысы салдарынан бұл ұйым әлі де болса өміршеңдігін сақтап келеді, бәлкім тараптардың мүддесіне пайдаланылып жатуын да жоққа шығаруға болмас. Дей тұрғанмен Ислам мемлекетінің негізгі күретамыры, идеологиялық тұғырнамасы Сирияда күйрегені анық.

Өзімізге мәлім, Сириядағы соғысқа қазақстандықтардың да қосылғандығы өкінішті жайт. Алайда біздің мемлекет тиісті шараларды атқару арқасында халықаралық қауымдастықпен бірге бұл қауіпке лайықты түрде қарсы тұра білді. Мемлекет ішінде радикализм мен фундаменталистік идеялардың таралуына жол берілмеді. Сапалы және көреген діни саясатты жүргізу нәтижесінде Қазақстан бұл сынақты абыроймен еңсере білді. Осынау  күрделі істе барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министлігінің Дін істері комитетінің жүйелі әрі терең ойластырылған жұмысын ерекше атап өткен жөн. Ел тыныштығы мүддесіндегі қажетті іс-қимыл жүйелі жалғасын табуда.

Қазақстандық қоғамда діни радикализм нысандары белең алмады. Мұсылман қауымы арасында парасатты ислам идеялары басым. Еліміз исламды бүркемелеп, Сирияда бас көтерген адамзат болмысына жат Ислам мемлекеті ұйымының жат пиғылдарына халықаралық қауымдастық бірлесе отырып, төтеп бере алды.

Бабыр Дәуренбек

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока