KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Супер державалы мемлекеттер: АҚШ, Ресей мен Қытайдың Орталық Азия аймағы үшін күресі

Супер державалы мемлекеттер: АҚШ, Ресей мен Қытайдың Орталық Азия аймағы үшін күресі

10.02.2018

Тарихта екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін АҚШ пен Кеңес Одағының әлемдегі ықпалы күшейді. Екі полярлы супер державалы алып мемлекеттер АҚШ пен КСРО әлемде өз билігін жүргізді.

Қоғамның барлық саласында, соның ішінде білім мен ғылым, мәдениет, спорт, техника, өнеркәсіп өндіріс орындары және т.б.                  АҚШ пен КСРО толық бәсекелес болды. Тіпті, екі ел арасында                     1946-1991 жылдары «Қырғи-қабақ» атты идеологиялық қақтығыс орын алды. Нәтижесінде, АҚШ жеңіске жетіп, КСРО ыдырады. 1989-1993 жылдары АҚШ-тың 41-ші Президенті Джордж Герберт Уокер Буштың билікте болған кезінде КСРО таратылды. АҚШ-тың Президенті болмай тұрып, 12 жыл бұрын 1976-1977 жылдары Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры лауазымын атқарды.

Збигнев Бжезинский: «Ұлы шахмат тақтасы» еңбегінде жеңіске жеткен ел әлемде өз ықпалын жүргізеді деп баға берді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін әлемдегі геосаяси ахуал биполярлы жүйеге АҚШ-тың қоластына өтті. АҚШ әлемдегі бірегей супер державаға айналды.

Анықтама: Збигнев Бжезинский – Коммунизм мен социалистік жүйеге қарсы КСРО күйретудің басты идеологтарының бірі. «Жаңа әлемдік тәртіп», «Ұлы шахмат тақтасы» атты еңбектің авторы. АҚШ-тың 39-ші Президенті Джимми Картердің 1977-1981 жылдары Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі.

Жаңа геосаяси аймақ – Орталық Азия Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, ХХ ғасырда 1991 жылы пайда болды. Орталық Азияның географиялық аумағы  Ресейден Азияға, Қытайдан Еуропаға, сондай-ақ Оңтүстік Азияға дейін қиылысады.

Орталық Азияға кіретін бес мемлекет: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан әлемдік картада Еуразияның орталығында жатыр. Мұндай аумақта бес мемлекеттің орналасуы супер державалы мемлекеттер АҚШ, Ресей мен Қытайдың осы елдерге деген қызығушылығын кеңейтуге ықпал етеді.

Себебі, Орталық Азия елдерінің пайдалы қазба байлықтары, ақ алтын мен қара алтын: мақта, мұнай, газ, көмірсутегі ресурстары,                 өте бай шикізат қорлары, мыс кен орындары, атом өнеркәсібі бар.

Осыған орай, АҚШ, Ресей мен Қытай осы аймақта жаһандық, өңірлік, сондай-ақ тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделілік танытады.

Бұған қоса, діни экстремизм мен терроризмнің көзі болып табылатын елдегі ахуалы өте тұрақсыз ислам мемлекеті – Ауғанстан мемлекеті Орталық Азия елдеріне қауіп төндіреді.

Орталық Азия бүгінгі күні АҚШ, Ресей мен Қытайдың үш формуласында геосаяси, геостратегиялық және геоэкономикалық мүдделерінің қиылысында жатыр.

Осы елдердің әрқайсысы Орталық Азиядағы өз мүдделерін қалыптастырып, сыртқы саясат доктринасында аймақтың орны мен рөлін анықтап, мемлекеттік мүдделерінің басымдықтарына баса назар аударады.

Егер, Ресей мен Қытай «Шанхай ынтымақтастығы ұйымы» форматында көршілес Орталық Азия елдерімен әріптестікті күшейту арқылы өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі болса, онда АҚШ-тың жаһандық мүддесі – Азияның ішкі бөлігіне кіру болып табылады.

АҚШ үшін аймаққа кіру бүкіл Еуразияның саясатына ықпал етуге  мүмкіндік береді және олар Еуразияда басқа сыртқы күштің, әсіресе Ресей мен Қытайдың пайда болуына жол бермеуге талпынады.

Сондықтан, Ресей мен Қытай ғана АҚШ-тың Еуразиядағы мүмкіндігін шектей алады, сондай-ақ Вашингтонның әлемде үстемдік орнатуға қатысты талаптарын жоққа шығаруға мүмкіндігі бар.

АҚШ-тың басты міндеттерінің бірі – Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы стратегиялық бақылауының қалыптасуына жол бермеуге, сондай-ақ Мәскеу, Қытай мен Тегеран арасында саяси-стратегиялық одақты құруға тырысады.

Сонымен қатар, Орталық Азия аймағында американдық-ресейлік-қытайлық қарсыласудың кез-келген түрі өңірді бөліп, исламдық радикализмнің пайдасына жаһандық өзгерістерді алып келуі әбден мүмкін.

АҚШ Орталық Азия елдеріндегі жеке мемлекеттерге ықпалын жүргізумен шектеліп қана қоймай, сондай-ақ трансұлттық қауіп-қатерлер: терроризм, заңсыз есірткі айналымы, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, бақылаусыз көші-қон және адам саудасына байланысты бірқатар мәселелерге мүдделілік танытады.

АҚШ өз кезегінде ең басты әлеуетті бәсекелестері – Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалын әлсіретуді көздейді. Себебі, Мәскеу мен Пекинді әлемдегі американдық әскери және экономикалық ахуалды төмендетуге күш біріктіреді деп есептейді.

Осы орайда, АҚШ, Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы өз ықпалдарын «Энергетикалық көлік саласымен: мұнай, газ, су электр станциясын» салыстырмалы түрде сипаттауға болады.

АҚШ-тың «Набукко» жобасы Түрікменстан, Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжан арқылы Еуропаға жолданатын еуропалық-американдық газ құбыры болып есептеледі. Бұл жоба тікелей Ресейге қарсы бағытталған.

Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын Мәскеудің Тәжікстан мен Қызғызстандағы СЭС (су электр станциясы) құрылысының жобасы электр беру желісі бойынша электр қуатын бұдан әрі Ауғаныстан мен Пәкістанға экспорттайды.

Бұл жоба өз кезегінде АҚШ пен Қытайға қарсы бағытталған. Нәтижесі Тәжікстан мен Қырғызстанды толық бақылау, Өзбекстан мен Қазақстанның оңтүстік аумағын ішінара бақылау, сондай-ақ Ауғаныстан мен Пәкістанға ықпал ету. Қазіргі уақытта жүзеге асу барысы әлі орташа деңгейде.

Мәскеудің Түрікменстан және Қазақстаннан Ресейге жолданатын Каспий газ құбырының Ресейлік жобасы. Еуропаға қарсы бағытталған. «Набукко» газ құбыры бойынша Еуропа газды алуға мүмкіндігі жоқ. Жобаның жүзеге асу барысы жоғары деңгейде.

Қытайдың да «Орталық Азия – Батыс Қытай» газ құбыры жобасы бар. бұл жоба Ресей мен АҚШ қарсы бағытталған. Жобаның мақсаты – Орталық Азия елдерімен Қытайды байланыстыру. Бүгінгі таңда, осы жобаның жүзеге асу барысы өте жоғары, іс жүзінде қарқынды жұмыс жасауда.

Дегенмен, көптеген сарапшылар: «Орталық Азия елдерінің билігі Ресейдің ықпалында жатыр» деп болжайды. Ресей өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін өзінің ықпалында ұстағысы келеді.

Мәскеу ТМД мемлекеттерін жұмылдырып «Еуразиялық экономикалық одақ, Кеден одағы, жалпыға бірдей ортақ валюта – «Алтын», әскери блок – ОДКБ» секілді іс-әрекеттерін жеделдетуді қалайды. Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақтың ауқымы кеңейіп келеді. Одаққа Қырғызстан мүше болып, Тәжікстанда мүшелікке қабылдануға ниет білдірді.

Қытайда Орталық Азияда өз мүддесінің ықпалын арттырғысы келеді. «Шанхай ынтымақтастығы ұйымын» айтпасақта түсінікті. Қытай Орталық-Азия елдерінде бірқатар экономикалық келісімдерге қол қойып, тұрақты инвестиция салуда. Салынып жатқан инвестицияның да өзінің көздейтін белгілі бір мүддесі бар.

Қазіргі уақытта, Қытай Орталық Азия елдерінде өз ықпалын жүргізетін АҚШ пен Ресейдің деңгейіне жетті. Қытай армиясының  күш-қуаты, әлемдік рынокта сыртқа экспорттап жатқан тауарларының әлеуеті артуда.

Қытай өзінің «Жаңа Жібек жолы» атты жобасы арқылы Орталық Азиядағы елдермен саяси-экономикалық мәселелерге қатты көңіл бөлуге мүдделі болып отыр.

Пекиннің Орталық Азиядағы 50 млрд $ асатын «Орталық Азия – Батыс Қытай», «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобалары іске қосылған.

Дегенмен, Орталық Азиядағы мемлекеттер, әсіресе Өзбекстан мен Қырғызстан не үшін АҚШ-тың ерекше назарына ілікті деген сұрақ туындайды?

Себебі, АҚШ-тың геостратегиялық сыртқы саяси доктринасында Орталық Азияда ықпалын жүргізу үшін Өзбекстан мен Қырғызстанды ең тиімді жоба деп cанады. Жалпы, АҚШ-тың Өзбекстан мен Қырғызстандағы геосаяси мүддесі негізінен әскери-саяси салаға негізделеді.

Нәтижесінде, Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалының артуынан қорыққан АҚШ бұл аймақта өз ықпалын күшейтуге қайта кіріскен болатын. Вашингтон тұрақты өңірде бақылау жүргізу мақсатында Мәскеудің саяси-экономикалық ықпалына түскісі келмейтін Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайтуға көшті.

Ауғанстан факторы-АҚШ-тың Орталық Азиядағы ықпалын жүргізуге септігін тигізетін әскери жоба. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Нью-Йорк штатындағы Әлемдік сауда орталығының жарылысынан кейін, АҚШ-тың 43-ші Президенті кіші Джордж Буш Талибан режимін құлату, Аль-Каиданы жою, сондай-ақ Усама бен Ладенге іздеу салу мақсатында Ауғанстанға өз әскерлерін кіргізу туралы арнайы мәлімдеме жасады.

АҚШ-тың «Ауғаныстандағы жағдайды тұрақтандыру» арқылы Орталық Азия елдерімен қоса Қытай, Пәкістан, Иран елдеріне де өз ықпалын жүргізетін сыртқы саяси доктринасы әзірленді.

Бүгінгі күні көптеген сарапшылар 2011 жылғы 11 қыркүйекте              Нью-Йорк штатындағы Әлемдік сауда орталығының жарылысына күмәнмен қарайды, себебі бұл процесс даулы мәселе болып табылады. Күн тәртібінде шешімін таппай жатқан күрделі сұрақтың бірі.

Ал, кейбір сарапшылар қауымы АҚШ билігінің Әлемдік сауда орталығын жару арқылы Халықаралық экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтары сақталмайтын елдерде Демократияны орнатуды сылтау етіп, қара алтынға өте бай «Ислам әлеміндегі Араб елдерінің мұнайы мен газына өз ықпалын тұрақты жүргізгісі» келеді деп болжайды. Шынында да солай секілді.

Кешегі Еуропа елдері Косово, Югославия, Грузия, Украина, Ислам елдері Ауғаныстан, Ирак, Египет, Ливия, Сирия, сондай-ақ Орталық Азия елі Қырғызстан еліндегі мемлекеттік төңкерістер елдегі саяси режимнің ауысуына алып келді.

2003 жылы АҚШ Иракты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1441 Қарарын бұзды деп, 43-ші Президент кіші Джордж Буш соғыс ашты. Саддам Хусейн режимі құлатылды, сондай-ақ 2006 тұтқындалып дарға асылды.

44-ші Президент Барак Обаманың тұсында 2011 жылдан басталған «Араб көктемі» төңкерісі – Мысырды күйретті, Ливия әлсіреді, елді 40 жыл бойы басқарып келген  Муаммар Кадаффидің режимі бұзылып, оның өліміне алып келді. Нәтижесінде, Ливияда американдық демократия орнады. Қазіргі Ливия М.Кадаффидің дәуірін аңсайтын сияқты.

Уақыт өте келе Сирия дағдарысына ұласты. Бүгінгі Сирияда Ислам атын жамылған экстремистік ұйым «ДАИШ – ИГИЛ, қазіргі ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІ» атты мегажоба іске қосылып, Башар Асадтың режиміне қарсы күресуі халықтың әбден мазасын ұшырды.

Осы Ислам мемлекетінің мүшелері Еуропа мемлекеттері: Англия, Бельгия, Дания, Испания, Францияда экстремистік шабуылдар жасап, бірқатар жарылыстарды ұйымдастырды.

Ислам мемлекеті Орталық Азия елдері үшінде үлкен қауіп төндіреді. Себебі, Орталық Азия мемлекеттерінен діни сауаттылығы төмен жастар әлемнің ең қауірт аймағы Сирияға аттанып, Ислам мемлекетінің құрамында Башар Асад режиміне қарсы соғысуда.

АҚШ пен НАТО әскерлері «Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін» АҚШ-тың әскери әуе базасы 2001-2005 жылдары Өзбекстанның «Карши-Ханабад» қаласында орналасты.

2001 жылы 7 қазанда Өзбекстан мен АҚШ арасында келісімге қол қойылды. Келісім бойынша АҚШ Өзбекстанға жылына 100 млн $ төлеуді өз міндетіне алды. АҚШ-та өз тарапынан Өзбекстанды әскери-техника және әскери мамандармен қамтамасыз етуге келісті.

Өзбекстанның АҚШ-пен келісімге келуі мақсатқа сай болды.

Біріншіден, Ауғанстан мәселесін реттеу өзбек бигілінің күн тәртібінде тұрған күрделі сұрақтардың бірі болды. Өзбекстан оңтүстігінде Ауғанстанмен тікелей шектесті. 1999 жылғы Ташкент қаласында болған бірқатар жарылыстар өзбек билігінің әбден мазасын алды.

Екіншіден, Өзбек билігі ішкі саясатта қоғамдағы діннің рөлін өзгерту өте қажет деп санады. Наманған мен Ферғана – өзбекстандық ислам қозғалысының, сондай-ақ дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылардың, радикалдық көзқарасты ұстанатын тұлғалардың жасырын түрдегі орталығы болды.  Оның үстіне Ферғана алқабы – «Есірткі айналымының өлкесі» болды.

«Егер кімде кім Ферғана алқабында бақылау жүргізетін болса, сол Орталық Азияда ықпалын жүргізеді» деген әңгімелер тарады.

Алайда, «Әндіжан оқиғасынан» кейін Ислам Кәрімов: «АҚШ-ты елдегі билікке қарсы топтар оппозицияға көмек берді, сондай-ақ Вашингтонның Әндіжан оқиғасына өткір сын айтты» деген айыппен Өзбекстаннан АҚШ-тың әскери әуе базасын шығару туралы шешім қабылдады.

Ислам Кәрімов: «Ресей біздің барлық салада, соның ішінде әскери салада ең сенімді әріптесіміз болады» деп тұжырымдама жасады. 2006 жылы 16 тамызда Өзбекстан ОДКБ мүшелігіне қайта қабылданды.

Ал, АҚШ болса өңірдегі бақылауды бұдан әрі жүргізу мақсатында қосымша баламалы жолдарды іздеуге кірісіп кеткен еді.

Ауғаныстан мәселесін реттеудегі «Бишкек бастамасы». 2004 жылғы қараша-желтоқсан айларында АҚШ Қырғызстанмен Манас әуежайына әскери әуе базасын кіргізу жөнінде келіссөздер жүргізді. Келіссөзде Ауған мәселесімен қоса, Қытай шекарасына дейін барлау ұшақтарын тұрақты ұшыру тармақтары қамтылды.

Қырғыз тарапы күрделі қиындықтармен АҚШ тарапының ұсынысынан бас тартты. Президент Асқар Ақаев Манас әуежайын АҚШ-тың әскери әуе базасына жалға бермейміз деп нүкте қойды. Әскери-саяси саладағы жүргізілген келіссөздер АҚШ үшін сәтсіз аяқталды.

Қалай болғанда алдағы уақытта алып мемлекеттер бәсекесі күшейе бермек. Ықпалын кеңейту үшін барлық тетіктер пайдаланатын болады. Аймақ елдеріне жасалатын қысымның түрлері мен тәсілдері алуан кейіпті қамтиды. Сондықтан болар, қазіргі уақытта аймақ елдерінің көңілін барлығы тапқысы келіп, қызығушылық тудыртатын экономикалық және саяси ұсыныстар мен жобаларды ұсынуда. Алайда олардың артында түпкілікті қандай мақсаттар жатқандығын жіті қадағалап, зерделенуі бірінші кезекте болуы керек.

Авт. Мырзабек Шымыр

 

Гость
11.02.2018 в 18:30 - Ответить

Автор правильно указал на основные моменты. Но почему то не указывал роль Казахстана во всех этих хитросплетениях.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока