KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Тәуелсіздік тұмарлары

Тәуелсіздік тұмарлары

23.08.2017

Бұдан он тоғыз жыл бұрын, яғни 1998 жылы күзде еліміз Тәуелсіздігінің тарихындағы ақ түйенің қарны жарылған алқалы оқиға — алғашқы үшем дүниеге келді. Есімізде, сол жылдары әлемде тағы бір қаржы дағдарысы басталып, енді қаз тұрған егемендігіміз кезекті сын-тезіне кезіккен-тұғын. Міне, дәл осындай қиындау сәтте біздің әріптесіміз, жас дипломат Исраил Тілегеновтың отбасында арыстай үш ұлдың шыр етіп дүние есігін ашуы — бір әулеттің ғана емес, ақ ниетті барша қалың жұртымыз, қазақ қоғамы үшін Жаратушының өзі жарылқағандай, жақсылықтың, ізгіліктің, бірлік пен ынтымақтың рауан рәмізіндей шаттықпен қабылданды. Тәуелсіздіктің тәуекелі көп сапарына жол тартқан халықтың кәміл сенімін дүр сілкінтіп оятқандай еді олардың таң шапағымен жарыса шыққан тұнық дауыстары. Содан да болар, асыл Тәуелсіздігіміздің алтын бойтұмарлары сынды сезіледі осынау үш сәби, бала, жеткіншек, енді міне — азамат.

Ел көшін бастап отырған сарабдал басшы, халықаралық жағдай өз алдына, қоғам өміріндегі әрбір оқиғаны, жылт еткен жаңалықты, жұртының көңіл-күйін, үміт-қалауын қалт жібермей отыратын қырағы жан Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы, әлбетте,  мемлекет тарихындағы осынау айрықша сәттен қалыс қалмайтыны баршаға аян. Арнайы Құттықтау хатын «Айналайындар!, — деп бастап, — Бүгінгі қуаныштарың құтты болсын… Төле, Қазыбек, Әйтеке бабаларындай батыр, байсалды, халқына қамқор болып өссін. Өмір жастары ұзақ болсын. Ұзағынан сүйіндірсін», — деген шынайы қуанышын, ұлт көшбасшысы ретінде ұлы қамқорлығын, анығында, әкелік мейірімін төккені кәміл! Сәбилердің атын да өзі ұсынғандай халқымыздың қастерлі тұлғалары Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің құрметіне қойылып, алдағы жасампаздық кезеңдердің жылы хабаршыларындай болсын деген тәубелі тілектен шыққанын қалың ел іштей батасын оқи отырып қолдады. Сол бір қиын шақтарға қарамастан, мемлекет тарапынан жас отбасына қажетті тиісті көмек те көрсетілді. Көптің тілегі көл дегендей, мінеки жылдар да жылжып өтіп, жылы да зиялы отбасында үлгілі, өнегелі тәрбие көріп өскен үш балапан ұясынан қанат қағатын жауапты кезеңге де келіп қалған екен.

Өзіміз де дипломатия ауылының өкілі болғандықтан, Исраил бауырымыздың қызметінің талабына сәйкес, жас отбасының «көшпелі» өмірінің, бірақ бұрынғы заманнан өзгешелігі — енді жер шары көлемін қамтиын сан қилы ерекшелігін, әрине, қызығынан қиындығы көптеу тұстарын жақсы түсінеміз, әсіресе балалардың үздіксіз мектеп ауыстыруы, оларды әрдайым үйренген ортасынан жұлып әкетіп отырудан туындайтын психологиялық салмақты айтар едік.

Тілегеновтер әулеті де үшемнің үш жасқа толып, тілдері қазақша шығып, қазақ топырағындағы алғашқы қадамдарын енді басқан сәттерінде «тірі шемодандар» ретінде Ұлыбритания еліне аттанды. Ол жақтағы іссапар мерзімі аяқталған соң елге, Астанаға оралды, бұл кезде тілдері ағылшынша кәлимаға кеп қалған үш батыр енді елорда ауласындағы құрдастарымен тіл табысуға кірісті. Бұл уақыт та артта қалып, отағасының кезекті сапары мұхиттың арғы жағына, Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігіндегі қызметімен байланысты болып еді. Ал, одан кейінгі жылдары біздің кейіпкерлеріміз азаттық аралы Кубада тұруларына тура келді. Осылайша, әлемнің әр түкпірінде, саяси, мәдени, әлеуметтік мазмұнда, тіпті табиғат райы мүлде өзгеше, кейде қайшылықты елдерде өмір сүрудің ерекшеліктерін бастан өткерген.

Әрине ержету кезеңдері атамекеннен алыста, шет елдерде өткендіктен, балалардың да сол жақта негізінен ағылшын тілінде орта білім алып шыққаны белгілі. Алайда қайда жүрсе де, ең алдымен отбасындағы ұлағатты тәрбие, елдегі ағайын жұрттың, ата-әженің аялы ықыласына бөленіп өскен бозбалалардың туған жерге, Отанына деген махаббаты айрықша. Мұның жарқын дәлелі ретінде Төле, Қазыбек, Әйтекенің Елордамызда өтіп жатқан әлемдік ауқымдағы маңызды шара ЭКСПО-2017 көрмесінде еріктілер қатарында қызмет жасап, шетелдік қонақтар мен отандастарымыздың риясыз құрметіне бөленгендігіне барша Қазақстан жұртшылығы куә болды.

Енді алдағы уақытта жас жеткіншектердің өміріндегі ең маңызды, ең жауапты кезең басталмақ. Жоғарыдағыдай себептермен орта білімді ағылшын тілінде алып, әрі үздік оқыған Төле мен Қазыбек Голландияның Тильбург қаласындағы Тильбург университетінде Төле – Бизнесті басқару, Қазыбек — Халықаралық юриспруденция, ал Әйтеке сонау Канаданың Монреаль қаласындағы Конкордия университетінде  Компьютерлік ғылым мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына түсіпті. Өздері сұхбаттарында айтқанындай, талапты жеткіншектер амандығын беріп, оқуларын аяқтаған соң туған елі  — Қазақстан Республикасының одан әрі қарыштап дамуына өз үлестерін қоспақ. Бұл арада мынаны ашық айту керек – қазір балалардың оқу ақысы толығымен ата-ананың мойнында. Бұған дейін бір-бірінен бес құлаштан артық ажырамаған ағайындылардың енді араларын алып мұхит бөлетін елдерде жүруіне тура келетіні сондықтан, бәлкім.

Елбасымыздың идеясымен жүзеге асырылып келе жатқан «Болашақ» бағдарламасы бойынша қазіргі кезде бакалавриат деңгейінде білім алу тоқтатылғаны белгілі. Демек, біздің кейіпкерлеріміздің таңдаған оқу орындарының жылына ондаған мың доллар немесе евро тұратындығы, бұған баспанадан бастап, оқу құралдары, күнделікті тұрмыс шығыстары, каникулда елге немесе ата-анасы тұратын мемлекетке барып-келудің көлік қаражаты қосылып, бір отбасы үшін оңайға түспейтіні аян.

Айтылған жайттарды тиянақтай келіп, еліміздің тиісті мүдделі мемлекетік органдарының, ірі компаниялар мен фирмалардың, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында көрініп отыратын демеушілік, ізгі қадамдарымен танымал арда азаматтардың, түрлі салаларға, соның ішінде білім саласына инвестициялар тарту басты міндеттері болып табылатын еліміздің шет елдердегі дипломатиялық мекемелерінің назарына осы шағын баянымызды ұсына отырып, егемендігіміздің, елдігіміздің алғашқы қарлығаштарындай үш бауырымыздың келешекке ұмтылған жас талаптарын мүмкіндігінше қолдауды ұсынуды азаматтық парызымыз деп білдік.

P.s. Материал ұсынушының жеке бастамасымен жариялауға жолданды. Бұл туралы оның кейіпкерлері жарық көруіне дейін бейхабар болғандығын атап көрсету лазым. (авт. Мұхтар Кәрібай)    

Зауль
23.08.2017 в 23:43 - Ответить

Окуга талай акша кететин болыпти

Токсанбай
24.08.2017 в 09:22 - Ответить

Автор Мухтар Карибай личность известная в МИД РК. Патриот, дипломат, человек принципа. Т

Эльмира
11.09.2017 в 19:10 - Ответить

Спасибо большое за тёплые слова , заботу и искреннюю поддержку.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока