KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Қатар Мемлекетінің «Футбол қаласы» жобасы

Қатар Мемлекетінің  «Футбол қаласы»  жобасы

17.12.2022

Парсы шығанағында орналасқан мұнайға бай елдердің ұзақмерзімдік үлкен жобалары бар. Мысалы, БАӘ-нің Дубай қаласы әлемге әйгілі, бұл ел мұнайдан түсетін табыстан бірегей туристік инфрақұрылым құрып, әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшыларды тартуды жоспарласа, Сауд Арабиясы Қызыл теңіз жағалауындағы Иордания, Египет пен Израильге жақын жерде болашақ қаласы Неом шаһарын салуды бастады.

Сауд Арабиясының ұзақмерзімдік амбициясын көрсететін жаңа қала Неом туралы алғаш рет 2017 жылы айтыла бастады. Неом грекше  «неос» — жаңа және арабша «мустақбал» — болашақ деген сөздерден құрылған атау.

Неомның орналасқан жері Қызыл теңіз жағалауындағы Иордания, Египет пен Израильге жақын жер. Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы Қызыл теңіз бойымен туристік трансшекаралық қаланың жобасы. Жоба авторлары әлем халқының 40 пайызы қалаға ұшақпен 4 сағат ішінде жете алады деп мәлімдейді.

Кувейт Мемлекеті де 2006 жылдан бері осындай жобаны іске асыруды мақсат тұтып отыр. «Жібек қала» (Silk City) — Кувейттің солтүстігінде салынатын қаланың жобасы. Аумағы 250 шаршы шақырым болатын қалада әлемде ең биік мұнара, жасыл қорық, жаңа әуежай, үлкен сауда орталығынан басқа конференц-залдар, экологиялық аймақтар, спорт алаңдары, медицина, білім беру және өнеркәсіп объектілер орналасатын болады. Қаланың басты назар аударарлық орны — Мубарак мұнарасы, оның биіктігі 1001 метр болады.

Жоспар бойынша оған Египет және Иордания шекараларындағы теңіз аумағы да кіреді. Жобаның басты міндеті -халықаралық инвестициялар тарту, елдегі озық салалар мен технологиялардың дамуын күшейту, Сауд Арабиясының мұнайға тәуелділігін азайту және оның экономикасын әртараптандыру.

Неом жобасы тақмұрагері Мухаммад бен Салманның  Сауд Арабиясының экономикасын модернизациялау және мұнайдан бас тарту арқылы әртараптандыру үшін жасаған «Болашақ-2030» жобасының ресми бөлігі болып табылады.

Бұл ретте табиғи газ өндірудің арқасында Катар жүзеге асырған Лусаил алғашқы эко-қаласы бұл елде бұрын-соңды болмаған ең ірі құрылыс.

Құрылысы 2006 жылы басталған Лусаил қаласы «Qatar 2030» даму жобасының бөлігі болып табылады. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін Лусаилl тұрғындарының саны 450 мың адамды құрайды. Оның ішінде 200 мың тұрақты тұрғын, 170 мың қызметкер және 80 мыңнан астам қонақ болады деген болжам жасалуда.

Шамамен 45 миллиард АҚШ доллары тұратын қаланы дамыту, салу, маркетинг және басқару үшін Qatari Diar Real Estate Investment Company еншілес кәсіпорны Lusail Real estate Development Company (LREDC) құрылды.

Лусаил — Таяу Шығыстағы ең ірі коммерциялық жобалардың бірі. Қатардың астанасы Дохадан солтүстікке қарай 22 км жерде орналасқан бұл жағалаудағы қала ұзындығы 28 км-ден асатын жағалауды алып жатыр.

Эко-Лусаил қаласының жобасы тұрғындар мен қала қонақтары үшін жұмыс, демалыс және ойын-сауық жағдайын жасауды көздейді. Қалада жайлы өмір сүру үшін қажет қажет нәрселердің бәрі болады. 19 ойын-сауық, коммерциялық және тұрғын аудандар, төрт арал, екі айлағы бар Шығанақ, 25 мың тұрғын үй, зәулім ғимараттар мен аласа ғимараттар бой көтерді. Сонымен қатар, бірнеше 20 қабатты аралас ғимараттар мен аласа ғимараттары бар бизнес ауданы жұмыс істейді.

Эко-Лусаил қаласында сауда орталықтары, ауруханалар, порттар, екі гольф алаңы, бес стадион, энергетикалық компаниялардың бірнеше өкілдіктері, мектептер, мешіттер, сондай-ақ спорт, ойын-сауық орындары, даңғылдар, демалыс аймақтары, мәдени орталықтар, дүкендер және 22 халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер салынды.

Қаланың негізгі аудандары Marina District, Energy City Qatar, Entertainment city және тұрғын үй кешені Fox Hills деп аталады.

Energy City Qatar — өңірдің алғашқы толыққанды мұнай-газ орталығы. Катардың футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатының орны ретінде таңдалғандықтан сыйымдылығы 80 мыңнан асатын Lusail Iconic Stadium осы қалада салынды және турнирдің ашылу салтанаты сол жерде өтті.

Қаланың 19 ауданының бірі Lusail Marina District болып табылады. Оған жағада орналасқан тұрғын үй, сауда және қонақ үй нысандары кіреді. Олардың жалпы ауданы шамамен 1,8 млн. шаршы метр.

Турнирді өткізгеннен кейін ұйымдастырушылар стадионның сыйымдылығын екі еседен астам қысқартуды, оны жергілікті спорт клубтарына беруді және қонақжайлылық аймағының көп бөлігін қоғамдық нысандарға айналдыруды жоспарлап отыр. Ал Лусаил қаласы тәуелсіз мегаполиске және жарты миллионға жуық адамға арналған қалаға айналады.

Катар футболдан әлем чемпионатын дұрыс өткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанына күмән жоқ.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока