KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Қырғызстан – діни саясаттың құлдырауы

Қырғызстан – діни саясаттың құлдырауы

15.12.2018

Қырғызтан – діни экстремизм мен терроризм тарапынан қауіп-қатерге барынша жоғары ұшыраған Орталық Азиядағы мемлекеттердің бірі болуда.

Негізгі себептерге мыналарды жатқызуға болады:

— елдегі өте ауыр қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай, екі мемлекеттік төңкерістен кейін (2005 және 2010 жж.) елдегі билік және құрылымдық күштердің (БП, ІІМ, МҰҚК) тым әлсіреуі;

— Қырғыз билігінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық салаларда жүзеге асыратын шаралардың өте сапасыздығы мен тиімсіздігі;

— елдегі «солтүстік-оңтүстік» бағыты бойынша кландық текетірестің болуы, мемлекеттегі ақпараттың баршаға қолжетімділігі және биліктің сырқы күштерге тым ашықтығы;

— елдің оңтүстігінде терең этносаралық қақтығыстардың орын алуы (қырғыз халқының көпшілігі мен өзбек халқының азшылығы арасындағы текетірес, мұнда өзбек халқының дәстүрлі діндарлық күші басым діни аспектілер бар);

— дәл осы өзбек халқы арасында жергілікті тұрғындарды Ислам мемлекетіне (ИМ) және басқа да экстремистік құрылымдарға тарту аса ауқымды болуы;

— Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Түркия, Иордания, Ливия, Сирия, Оман, Мысыр және т.б. араб елдерінің теологиялық (ислам) жоғары оқу орындарын бітіріп келген қырғыз жастарының әлеуметтік-саяси белсенділігінің байқалуы;

— осы күнге дейін «Таблиғи-Жамағат» ағымына сотпен тыйым салынбауы.

Діни ахуалдың әлсіреуі

Бүгінгі күні Қырғызстан – діни экстремизм мен терроризмнің алаңына айналуда. Бұған қоғамдағы исламның жандану үдерісі тікелей әсер етуде. Исламдық фактор Парламент сайлауынада тікелей әсерін тигізді. Келесі Парламент сайлауында да діни қайраткерлердің ашық ықпалы сезілетін сияқты.

Анықтама: дінді саяси күресте пайдалану мақсатында «Улуу Қырғызстан» саяси партиясы өзінің жұмысын тікелей діни қағидаттарға бағыттап, парламент сайлауына қатысқан болатын.

Қырғызстан Республикасындағы билік органдарының, Қырғызстан Республикасы Президенті жанындағы Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) халық арасында абыройы мен беделінің өте төмен болуы өкінішке орай, елдегі діни саясаттың құлдырауына алып келді:

— араб елдерінде жоғары діни білім алған жастар арасынан бейресми діни көшбасшылардың пайда болуы;

— қатардағы қарапайым азаматтардың ғана емес, сондай-ақ күштік және билік құрылымдарының, мемлекеттік органдардың, ҚМДБ мешіт имамдарының арасында діни экстремизм мен терроризмнің кеңінен таралуы;

— әлеуметтік ортада өз орындарын таппаған қырғыз жастарының салафизм ағымына, сондай-ақ экстремистік және террористік ұйымдарына мүше болуы.

Мемлекетте экстремистік және террористік ұйымдардың қызметіне сотпен тыйым салу қатардағы экстремистік-террористік ұйымдағы мүшелер санының өсуіне тіпті кедергі келтірмеуде.

Атап айтқанда, Аль-Каида – 2000, Өзбекстан ислам қозғалысы – 3000, салмағы басым Хизб-ут-Тахрир – 15000, ал сотпен тыйым салынбаған Таблиғи-Жамағат (дағуатшылар) соңғы тіркелгені – 20000.

Қазіргі уақытта, Қырғызстанда экстремизмге сараптау жұмыстарын жүргізетін білікті сарапшылар мен мамандар жоқ. Тиісті бап бойынша ұсталған тұлғаны анықтау өте қиынға соғуда, себебі елде сапалы сараптама жоқ. Бұған қатысты Қырғызстан Республикасы Президенті жанындағы Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясында тиісті өкілеттік жоқ.

Қырғызстанда «Дін саласында 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасы қабылданған. Алайда, тұжырымдаманың өзі діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресуге көмектеспеуде.

Дін саласында мемлекет тарапынан жүргізілетін түсіндіру, алдын алу, райынан қайтару, әлеуметтік ортаға бейімдеу жұмыстары өкінішке орай нәтижесін бермеуде. Қоғам ақпараттық-идеологиялық иммунитетпен қорғалмаған.

Басты фактор – халықтың діни сауатсыздығы болуда. Жастар мен діндар азаматтарға жеткілікті деңгейде тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, соның ішінде орыс тіліндегі мәліметтер жетпеуде, себебі радикалдандыру үрдісі негізінен елдің оңтүстігіндегі орыс тілді халық пен өзбек тілінде сөйлейтін азаматтарды қамтып отыр.

Тиісінше, діни радикалды ағым мүшелерінің күннен-күнге санының өсіп отырғандығын көрудеміз. Нәтижесінде, билік білікті кадрларды – теологтар мен имамдарды даярлауды назардан тыс қалдырған сияқты.

ҚМДБ мешіт имамдары білімі мен біліктілігінің тым төмендігі, тіпті көптеген діни қызметшілердің аттестациядан өтпеуі елдегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресе алмауда.

ҚМДБ мешіт имамдары жастарға діни құлшылықтар мен рәсімдерді қалай дұрыс орындау керектігін түсіндірумен ғана  шектелуде. Діни қызметшілер тек діни ғибадаттарды орындаумен айналысып жатқан кезде, елдің жастары діни радикалдық ағымдардың мүшелері айналуда.

Әсіресе, жастарға зайырлы мемлекетте мұсылманның қалай өмір сүру керектігі туралы ҚМДБ-ның әрбір мешіт имамы жауап бере алмауда. Мысалы, зайырлы заңдар мен шариғат заңдарын қалай біріктіруге, сондай-ақ  демократиялық құндылықтарға қалай қарауға болады, ең маңыздысы Конституцияма немесе Қасиетті Құран Кәрімбә деген сұрақтарға жастар толыққанды жауап таба алмауда.

Осы орайда, тікелей ислам мен дәстүрлі ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақтар бойынша ҚМДБ мешіт имамдарынан дәлме-дәл жауапты таба алмаған қырғыз жастары бүгінгі күні экстремистік-террористік ұйымдардың (Өзбекстан Ислам қозғалысы, Хизб-ут-Тахрир, Таблиғи Жамағат) қатарына белсенді тартылуда.

Бұған қоса, ҚМДБ-ны радикалдандыру «салафиландыру» әсіресе оларды исламның ішінде радикалдық ұйымдармен және экстремистік топтармен жақындастыру үдерісі жүруде. ҚМДБ Мүфтиі Максат Токтомушевтің Таблиғи-Жамағат ұйымымен тікелей байланысы бар екендігі туралы әңгімелер жиі-жиі айтылуда. Сонымен қатар, ҚМДБ мешіт имамдары ішінде салафизм идеологиясы мен Таблиғи-Жамағат ұйымын ашық насихаттайтын діни қызметшілерде кездеседі.

Таблиғи-Жамағат ұйымы жасырын уағыз түрінде жастарды радикалдандыруда. Бұл іс-әрекет әсіресе Қырғызстанның оңтүстігінде байқалуда. Таблиғи-Жамағат ұйымына осы күнге дейін сотпен тыйым салынған жоқ. Өкінішке орай, Таблиғи-Жамағат ұйымы Қырғызстанның бүгінгі стратегиялық әріптесі болуда.

Экстремизм мен терроризмнің жандануы

Бастапқыда салафиландыру аз халықтың арасында, әсіресе Қырғызстанның оңтүстігінде қоныстанған өзбек ұлтының арасында жүргізілді, ал қазіргі уақытта араб елдерін бітіріп келген Бішкек қаласының білімді жастары Аль-Каида, Өзбекстан ислам қозғалысы, Хизб-ут-Тахрир, Таблиғи-Жамағат және салафизм ағымының мүшелеріне айналуда. Осы қырғыз жастарының қоғамдағы әлеуметтік-саяси белсенділігіде байқалуда.

Елде әртүрлі салафиттік топтар мен исламдық жиһадшылар, экстремистік бағытты ұстанатын түрлі санаттағы салафиттік жамағаттар қалыптасуда. Бүгінгі күні діни радикалдық ағымдар жақсы әріптестік орнату мақсатында күштік және билік құрылымдарының, мемлекеттік органдардың өкілдерін қатарларына тарту үдерісі жандануда.

Ресми салафиттік ұйымдар қайырымдылық ретінде тіркелген,  ал бейресми бірлестіктермен жамағаттар жеке мешіттердің айналасына топталуда. Әсіресе, мешіттер радикалдардың пассивті ұяшықтарына айналған.

Болжам бойынша Бішкектің өзінде ИМ-мен байланысы бар 17 автономды ұяшықтар әрекет етуде. ИМ-нің қатарында соғысу үшін Сирияға негізінен Ош қаласында тұратын этникалық өзбектер аттанған. Ресми деректерге сәйкес ИМ-нің қатарына қосылу мақсатында Сирияға 2015 жылы 500 адам кеткен. Бейресми одан да көп.

Қазіргі уақытта, салафиттік жамағаттар Қырғызстанның солтүстігіне кеңінен шоғырланған. Тиісті ұяшықтары Шу алқабы, Бішкектегі Қара-Балта, Тоқамақ ауылдық елдімекендерінде әрекет етуде. Сондай-ақ, салафиттердің Шу және Ош облыстарында белсенді қызметі байқалады. Қазіргі уақытта, Бішкектегі Лебединовка елдімекені массивінде (этникалық ұйғырлар), Әмір Темір өзбек кварталында да бірнеше салафиттік мешіттер қызмет жасауда.

Қырғызстан билігі – экстремизм мен терроризм бабы бойынша сотталған тұлғаларды бас бостандығынан айыру орындарында (түрме – «жасыл аймақ») сенімді күзетпен қамтамасыз ете алмауда. Бұған дәлел ретінде, 2015 жылы 12 қазанда 9 экстремист түрмеден қашқан, нәтижесінде 13 адам қаза тапты, оның 4 түрме қызметкерлері. Бұл халық арасында үлкен қоғамдық резонансты туғызды.

Анықтама: 2016 ж. маусым айындағы жағдай бойынша Қырғызстанда 239 экстремист түрмеде отырды, оның ішінде 159 адам жабық типтегі түрмеде, 30 ашық типтегі түрмеде ұсталған, 50 пробация департаментінде тіркелген.

Сонымен бірге, мемлекетте қатаң радикалды көзқарасты ұстанатын әйелдер жамағаты қалыптасуда. Әйелдер жамағаты әсіресе Қарасу, Араван және Нооқат аудандарында белсенді қызмет етуде. Салафиттік жамағаттар Сауд Арабиясы Корольдігіндегі университеттің түлектерін ұстаз ретінде тартып, оқу орталықтарын құруда.

Таяу Шығыс елдері насихатының ықпалымен Қырғызстандағы салафиттердің бір бөлігі жиһад және тәкфір радикалдық идеологиясын ұстануда. Жергілікті ІІМ мәліметіне сәйкес Бішкектің өзінде жалпы саны 150 мүшесі бар жиһад және тәкфір радикалдық идеологиясын ұстанатын 28-ге жуық топ анықталған.

Жиһадты ұстанатын жамағаттар Таяу Шығыс елдерінен қаржылай қолдау алуда, сондай-ақ есірткі транзитіне тартылған (оңтүстіктегі Ош қаласы солтүстік бағытта ауған есірткісін Ресейге тасымалдайтын негізгі трансшекаралық аймақ болып табылады).

Зайырлы мемлекет қағидаты сақталмайды.

Бүгінгі Қырғызстанда «Жайнамазға жығылды» деген түсінік қалыптасты. Біз, бүгінгі Қырғыз Республикасын демократиялық зайырлы мемлекет деп санаймыз, бірақ көзімізге бұл жай ғана ұран секілді көрінуде. Себебі, елдің заң шығарушы органы –  Жогорку Кеңеште (Парламент) ер азаматтар мен әйелдерге арналған құлшылық ету бөлмелері (намазхана) қызмет жасауда.

Сонымен қатар, Премьер-Министрмен қоса құрылымдық күштер мен арнайы қызметтердің басшылары бес мезгіл намаз оқиды. Жогорку Кеңеш депутаты Икрам Тазабеков Парламент отырысында «жұма намазы» кезінде үзілісті 2 сағатқа дейін ұзартуға қатысты Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс білдірген.

Қорытындылайтын болсақ, бүгінгі Қырғызстанның діни экстремизм мен терроризмнің алаңына айналу үдерісі Қазақстанға да үлкен қауіп-қатерін әбден туғызуы мүмкін. Себебі, Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресудің тәжірибесі қалыптасқан. Зайырлы демократиялық, бейбітшілік пен келісім саясаты орнаған ел.

Дегенмен, Қырғызстандағы діни саясаттың құлдырауы бүгінгі күні республикада ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтап қалама және 2005-2010 жж. елдегі билік пен құрылымдық күштерді дереу әлсіреткен мемлекеттік төңкеріс дағдарысы тағы қайталанбайма деген өзекті сұрақтар күн тәртібінде тұрғанын атап өткен жөн.

Қазақ
18.12.2018 в 11:11 - Ответить

Дұрыс жазылған, қырғыздарда билік әлсіз, ертең Қазақстанға бәле болады бұлар.

Даниар
19.12.2018 в 20:27 - Ответить

При Акаеве киргизия двигалась в правильном нпрравлении. Были ошибки а у какого государства их нет. Сейчас конечно ххаос..

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока