KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Өзбек президентінің діни ренессансы

Өзбек президентінің діни ренессансы

01.03.2019

Шавкат Мирзиеевтың билікке келуімен елдің діни саласына қатысты әсер ететін ауқымды жаңа реформалар бастау алды.

Атап айтқанда, 5-ші басымдық бағыт: «Қауіпсіздік, діни толеранттылық, ұлтаралық келісім, сыртқы саясатты қамтамасыз ету». Бұл бағыт мемлекеттің барлық саласында алдағы 5 жылдықта (2017-2021 жж.) 5 бағытта іске асырылатын жаңа реформалардың ішінде қамтылды. Осы ретте, Шавкат Мирзиеев 2017 жылғы 7 ақпанда «Өзбекстан Республикасының бұдан әрі дамуы жөніндегі                2017-2021 жж. арналған  5 басымдық бағыттың стратегиясын жүзеге асыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Шавкат Мирзиеевтың 5-ші бағыты мен Жарлығында Өзбекстандағы діни ахуалды күшейтуге бағытталған іс-шаралар қамтылды. Бүгінгі күні Өзбекстанда халықтың 94% — исламды, 3,5% — православтық христианды, 2,5% басқа дінді ұстанады (католик, буддизм және т.б.). Елде 16 конфессия, 2037 исламдық діни бірлестіктер (мешіттер), 9 медресе, 158 христиандық бағыттағы православ шіркеулері, 8 еурей қауымы, 6 бахай қауымы және т.б. тіркелген.

2017 жылы 13 қыркүйекте Шавкат Мирзиеевтың тікелей тапсырмасымен Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысымен «O‘zbekiston» телерадикомпаниясының «Ҳидоят сари» және Ташкент Ислам университеті жанындағы «Зиё медиа маркази» студияларының қызметтерін ұйымдастыруға қатысты шаралар туралы Жарлық қабылданды.

2017 жылы 19 қыркүйекте Шавкат Мирзиеев БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күштік әдістермен (БП, ҰҚҚ, ІІМ) күрес жүргізудің өз-өзін ақтамайтынын және оған балама ретінде жастарға және Халықаралық қауымдастыққа Исламның гуманистік мәнін түсіндіру арқылы жағдайлар жарату, сондай-ақ, БҰҰ Жастардың құқықтары туралы арнайы конвенцияны әзірлеу, БҰҰ мүше елдерге Бас Ассамблеяның «Ағарту және діни толеранттылық» туралы арнайы қаулы қабылдау туралы өз ұсынысын білдірді.

2018 жылы 16 сәуірде Шавкат Мирзиеев «Діни-ағарту саласындағы қызметті түбегейлі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. 2017-2021 жж. арналған 5-ші бағытты және Жарлықты жүзеге асыру шеңберінде діни саланы күшейтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері жөніндегі комитеттің құрылымында діни және әлеуметтік процестерді зерттейтін ақпараттық-талдау орталығы ашылды. Имам Бухари және Имам Термизи атындағы Халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары Самарқанд пен Сурхандария облыстарында ашылды. Халыққа ислам дінінің гуманистік мәнін түсіндіру мақстаында «Имам Бухари» туралы фильмді түсіруге тапсырма берілді.

Сонымен қатар, Ташкент қаласында Ислам мәдениеті орталығы ашылды. Ташкент ислам институты жанынан Өзбекстан Халықаралық ислам академиясы ашылды. Академия дін саласында ғылыми және ғылми-педагогикалық кадрларды даярлау қызметін бастап кетті. Академияның Қарақалпақстан, Самарқанд, Наманған, Сурхандария облыстарында өңірлік филиалдарын ашу жоспарлануда.

Республика бойынша Қалам, Хадис, Ақида ғылымдарын терең  түсіндіретін діни мектептер өз қызметін бастады. Самарқанд облысында Хадистану мектебі ашылды. Ташкент қаласында діни-ағартушылық бағытта білім беретін ЖОО «Хадистанудың ұлттық мектебін» ашу жоспарлануда.

Шавкат Мирзиеев имамдарды қолдау мақсатында ӨМБ жанынан «Уақып» қайырымдылық қоғамдық қорын ашқызды. Ресми деректерге сәйкес 2037 мешіт қызмет етуде, 5000-нан аса бас имамдар мен наиб-имамдар қызмет жасауда. ӨМБ мәліметіне сәйкес имамдардың 80-90% жалақымен қамтамасыз етілген, 300 мыңнан бастап (35$), 1-1.5 млн. сумға дейін (120-180$) айлық алады. Имамдардың ай сайынғы жалақысы еңбек ұжымымен мешіттерге түскен кірістер және жамағаттың қайырымдылықтарынан түсетін қаражаттан төленеді.

Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасына сәйкес Өзбекстан Үкіметімен мешіттер мен шіркеулер, діни құлшылық ету орындарын (намазханаларды) қайта қалпына келтіру мақсатында 3 млрд. сум (370 мың $) көлеміндегі бағдарлама іске қосылды. Мешіттерде азан дауысы жай күндері және мұсылман мерекелерінде еркін айтылатын болды, түнгі уақыт 23.00-ге дейінгі шектеу алынып тасталды.

Бұдан бөлек, Шавкат Мирзиеев ӨМБ-да Мүфтидің орынбасары лауазымын тұрақты иеленетін ҰҚҚ (СНБ) өкілдерінің лауазымдық орындарын жойғызды және мешіттердің қызметіне тікелей бақылау жүргізетін ҰҚҚ-нің қызметкерлерінің орындарын босатқызды. Мешіттер ҰҚҚ-сіз бақыланатын болды.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметкерлер мен жастарға еркіндік берілді, Шавкат Мирзиеевтың Өкімімен мемлекеттік қызметшілер өз жұмыс орындарында еркін намаз оқи алады. Кәмелет жасқа толмаған жастар мешіттерге еркін кіріп, намаз оқып, діни құлшылық ете алатын дәрежеге жетті. Нәтижесінде, Шавкат Мирзиеевтың басшылығымен              2,5 жылдың ішінде осы жүзеге асырылған іс-шаралардың барлығы – елдегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу, жастарға дәстүрлі исламның гуманистік мәнін түсіндіруге тікелей бағытталуда.

Дегенмен, Шавкат Мирзиеевтың дін саласында жүзеге асырып жатқан реформаларына халықтың, көптеген сарапшылардың пікірі         әртүрлі болуда. Діни саладағы реформалар бүгінгі күні өз жемісін бермеуде, халыққа түсіндіру және ағарту жұмыстары төменгі деңгейде қалуда. Соның ішінде, мемлекет «Ресейде жүрген өзбек мигранттарына» көңіл бөле алмауда.

Әсіресе, Ресейде: Самарқанд, Бұхара, Әндіжан, Ферғана, Хорезм,  Ташкент облыстарынан кеткен өзбек мигранттары жұмыс жасауда. Осы мигранттар бүгінгі күні деструктивті радикалды діни ағымдардың мүшесіне айналуда. Ресейде жұмыс жасайтын өзбекстандық азаматтардың саны 2 млн. 333 мың адамды құраған, бұл көрсеткіш Өзбекстандағы экономикалық белсенді халықтың 20%-ын құрап отыр.  Ресейдегі өзбек мигранттарының 33,1% — жоғары білімді, 31% — орта білімді, 26,2% — орта арнайы білімді. Ресей Орталық банкінің мәліметіне сәйкес, өзбек мигранттарының есебінен 2013 жылдың қорытындысы бойынша 6 млрд. 632 млн $, ал 2018 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша 1 млрд. 739 млн $ Өзбекстанға тікелей қаражат аударылған, бұл көрсеткіштер Өзбекстан Республикасы ЖІӨ-нің (ВВП) 15%-ын құрайды.

Сонымен қатар, бүгінгі күні бейресми мәліметтерге сәйкес лаңкестік тараған аймақтарда ИМ қатарында, әсіресе Самарқанд, Әндіжан, Ферғана, Ташкент облыстарынан кеткен 2500-ден астам өзбек жастары, сондай-ақ Қырғызстанның оңтүстік өңіріндегі өзбек ұлты жиһад үшін соғыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн.

ИМ қатарында соғыс жүргізіп жатқан жанкешті өзбек лаңкестері Ресейдегі өзбек мигранттарына діни экстремизм мен терроризм идеяларын таратуға, сондай-ақ әлем елдерінде болып жатқан терактілік жарылыстарды ұйымдастыруға ықпалын тигізуде.

Бұдан бөлек, 2017 жылы әлем елдерінде болған төрт терактілік жарылыстар Өзбекстаннан шыққан азаматтар – жанкешті лаңкестермен орын алды. Жаңа жыл күні Стамбұл қаласында, сәуір айында Стокгольм қаласында, қараша айында Нью-Йорк қаласында, Санкт-Петербург қаласындағы Метрода болған жарылысты Өзбекстан Республикасының азаматтары ұйымдастырды деп айып тағылды. Осы оқиғалардан кейін АҚШ Өзбекстан азаматтарына АҚШ-қа келуіне виза беруден бас тарту туралы шешім шығаруға асықты. Осы орайда, Шавкат Мирзиеев 2017 жылы 5 маусымда Әндіжан облысына жасаған ресми сапарында экстремистерді Өзбекстан Республикасы азаматтығынан айыруға дайын екендігін жеткізді.

Әлем елдерінде болған терактілік жарылыстардан Халықаралық қауымдастық, құқық қорғаушылар, ҮЕҰ, орталықтар мен бюролар  Өзбекстандағы дін саласында жүргізіліп отырған Шавкат Мирзиеевтың реформаларына сыни көзқараспен қарауда.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының пікірінше, Өзбекстан түрмелерінде экстремизм бабы бойынша жалған айып тағылған 1000-нан аса азаматтар отыр. Құқық қорғаушылар 2017 жылы 11 мұсылман экстремизм бабымен сотталған, дегенмен олардың мәліметіне сәйкес, бұл іс-әрекет биліктің толық қолымен жасалған деп тұжырымдайды. HRW баяндамасында: христиандық қауымдарда билік тарапынан қысым көріп жатқандығы туралы айтылған. 2017 жылы сәуір айында Қарақалпақстанда 4 протестант өздерінің жеке үйінде діни құлшылық еткені үшін әкімшілік қамауға алынған.

Amnesty International ұйымы – Өзбекстанда дін саласында жаңа реформалардың жүргізіліп отырғанына қарамастан, діни сенім бостандығы құқықтарының әлі күнге дейін өрескел бұзылуы сақталып отырғанын атап өткен. Бұдан бөлек, БҰҰ-ның Діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Ахмед Шахид 2017 жылдың қазан айында Өзбекстанда 10-күндей ресми сапармен болды.

Ахмед Шахид Өзбекстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша ел Конституциясы діни сенім бостандығына кепілдік беретініне қарамастан, іс жүзінде бостандыққа қарағанда қауіпсіздік басымдықтарымен қатаң реттелетіндігін жеткізген. Ахмед Шахидтің  пікірінше, Өзбекстанда діни сенім бостандығы әлі күнге дейін шектелген. Ахмед Шахид  «Жаслық» түрмесіне барып, экстремизм мен терроризм бабы бойынша сотталған тұлғалармен кездескен. Сотталушы азаматтар Ахмед Шахидке түрменің ішкі тәртібін бұзғаны үшін олардың мерзімдерін ұзартып жатқаны туралы өз наразылықтары мен шағымдарын білдірген.

Бұдан бөлек, көптеген дін саласына танымал сарапшылар мен қоғамдық белсенділер, ӨМБ мешіттерінен ҰҚҚ (СНБ) қызметкерлерінің мүлдем кетуі, олардың мешіт қызметіне бақылау жүргізбеуі, сәйкесінше деструктивті радикалды діни ағымдардың жақтастары мешіт маңайына қайтадан топтасады деген қорытынды жасауда.

Әсіресе, зайырлы мемлекетте мемлекеттік қызметшілердің өз жұмыс орындарында намаз оқуы Қырғызстандағы діни ахуалдың сценарийін қайталайды, яғни зайырлы мемлекетте: «Жайнамазға жығылды» деген түсінікті қалыптастырады деп отыр.

Қорытындылайтын болсақ, Шавкат Мирзиеевтың дін саласында жүргізіп отырған саясатына жергілікті халықтың пікірін келесі жүргізілген зерттеулермен негіздеуге болады. ИА Regnum хабарлағанындай, 2018 жылы ақпан айында жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, Өзбекстан халқының 90%-дан астамы биліктің дінге қатысты саясатын қолдайды, 1,3% — діни факторларды күшейту қоғамның зайырлы құрылымына ықпалын тигізеді деп есептейді. Тиісінше, «Ижтимоий фикр» орталығының жақында өткізген әлеуметтік сауалнамасында көрсетілгендей, халықтың басым бөлігі 78,5% исламның жеке талаптарымен таныс, 90% дін саласындағы биліктің жұмысын оң бағалайды, 1,3% діни саланы күшейту мемлекеттің зайырлы сипатына әбден қауіп төндіруі мүмкін деп есептейді.

Қалай болғанда да, Шавкат Мирзиеевтың дін саласында жүргізіп отырған жаңа реформалары өз нәтижесін бермеуде. Себебі, биліктің шетелдегі мигранттарына көңіл бөле алмауының салдарынан, экстремистік-террористік ұйымдардың арбауына жолыққан жанкешті өзбек лаңкестерімен әлем елдерінде террорлық жарылыстар орын алуда. Бүгінгі ИМ лаңкестері Орталық Азия елдеріне үлкен қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Осы іс-әрекеттерге қарсы тұру үшін Өзбекстан билігі дайын ба деген сұрақтар туындайды. Себебі, қазіргі уақытта, лаңкестік тараған аймақтардан бөлек, Ауғанстанда Аль-Каида ұйымы мен Талибан қозғалысының қатарында соғысып жүрген өзбек ұлттары өте көптеп кездесетіндігін атап өткен жөн.

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Игра в признание афганского Эмирата: ход арабских Эмиратов

«На сегодняшний день ни одна страна официально не признала легитимность власти «Талибана» в Афганистане». По всей видимости, данная фраза, посвященная нынешнему талибскому статус-кво, уже стала фразеологизмом. К тому...

От поддержки к осторожности: эволюция отношений Саудовской Аравии с «Талибаном»

Истоки Советская оккупация Афганистана, начавшаяся в 1979 году и продолжавшаяся почти десятилетие, стала одним из ключевых эпизодов, сформировавшим в каком-то смысле ту реальность, в которой Афганистан проживает...

Стабильность национальных валют арабских монархий

Вот удивительно, казалось бы, абсолютные арабские монархии (не ограниченные ничем) сумели построить дисциплинированные общества со строгой системой ответственности, основанной на уважении своих народов и стабильных...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока