KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Кувейт пен Сауд Арабиясы арасындағы жер таласы

Кувейт пен Сауд Арабиясы арасындағы жер таласы

28.10.2022

2019 жылдың желтоқсанында Кувейт пен Сауд Арабиясы екі ел арасындағы шекара бойындағы бейтарап аймақ бойынша бес жылға созылған келіссөздер нәтижесінде бұрын осы аймақта тоқтатылған мұнай өндірісін қалпына келтіруге уағдаласты.

Кувейт пен Сауд Арабиясының өкілдері бейтарап аймақты бөлу туралы келісімге және бөлімге іргелес су асты аймағын бөлу туралы келісімге, сондай-ақ өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Қол қойылған құжаттардың егжей — тегжейлері жарияланған жоқ.

Бұған дейін Кувейттің мұнай министрлігі Кувейт пен Сауд Арабиясы 2020 жылдың соңына дейін бейтарап аймақта мұнай өндіруді қалпына келтіру туралы келісімге келе алады деп хабарлады.

Кувейт пен Сауд Арабиясы арасындағы 1922 жылы қол қойылған келісім аясында екі ел шекарасының бойында 5,7 мың шаршы шақырымнан асатын бейтарап аймақ құрылған болатын. Сауд Арабиясы мен Кувейт арасындағы бейтарап аймақтағы өндіріс дауының себебінен 2014 жылы екі ел арасындағы аумақтық дау аясында мұнай өндіру тоқтатылды. Бейтарап аймақта мұнай өндіру тәулігіне 500 мың баррельге жетуі мүмкін.

2020 жылдың 1 шілдесінен Сауд Арабиясы мен Кувейт әл-Уафра кен орнында бірлескен мұнай өндіруді қайта бастады. Кен орнында мұнай өндіру тәулігіне 10 мың баррельден басталалып, алты айдың ішінде ол сегіз есе өсті.

Кен орнындарында — әл-Вафра мен әл-Хафджи кен орындарында барланған мұнай қоры 5 миллиард баррельді құрайды, ал күнделікті өндіріс тәулігіне 500 мың баррельге тақау.

Сайып келгенде, әл-Вафра мен әл-Хафджидегі барлық жұмыстар жерді пайдалану және экологиялық рұқсаттар туралы дауларға байланысты тоқтатылды. АҚШ бұл іске араласып, Вашингтон бірнеше ай бойы екі ел арасындағы келісімге қол жеткізуге тырысты және нәтижесі сәтті болды. АҚШ Мемлекеттік департаменті болашақта елдің қауіпсіздігіне кепілдік беруге уәде бергеннен кейін Кувейт айқындамасын жұмсартты.

Бейтарап аймақтың пайда болуына келсек, кезінде сауд мемлекетінің негізін қалаушы Абделазиз Әл Сауд Кувейтті күшпен қосып алуға ұмтылды. Соның салдарынан Неджд сұлтандығы (қазіргі Сауд Арабиясы) мен Кувейт шейхтығы арасындағы қақтығыс болды. 1919-1920 жылдардағы екі мемлекет арасында бірнеше қақтығыстар орын алды.

1922 жылы өткен конференцияда Кувейт пен Недж шекаралары орнатылды. Бұл ретте Кувейт келіссөздерге өз өкілін жіберуден бас тартты. Нәтижесінде саудтықтар британдықтарды Кувейт территориясының үштен екісін беруге көндірді. Конференциядан кейін Кувейт Сауд Арабиясының экономикалық блокадасына және бірнешеі тонау рейдтеріне ұшырады.

1913 жылы Эр-Рияд билеушісі Хас мекенін басып алып, Кувейтпен жер жағынан көршісіне айналды. 1913 жылғы ағылшын-түрік конвенциясы бойынша Кувейт аумағы оңтүстікке қарай Манифаға дейін ұзартылды (Кувейт қаласынан шамамен 200 км), бірақ саудтықтар бұл шешімді мойындаудан бас тартты.

1919 жылы кувейттіктер елдің оңтүстігінде сауда қаласын салуды жоспарлады. Бұл қадам саудтықтармен қарым-қатынастарды шиеленістіріп, дипломатиялық дағдарыс тудырды. Ұлыбритания араласып, кувейттіктердің бастамасына тосқауыл қойды.

1920 жылы саудтықтардың Кувейттің оңтүстігінде бекініс салу әрекеті Хамд шайқасына әкеліп соқты. 2000 саудтық кувейттік әскермен шайқас алты күнге созылып, екі жақ та ауыр шығынға ұшырады және саудтықтар Кувейт қаласының маңындағы Джахраға қарай жылжи алды.

Келесі шайқаста 4000 саудтық Джахрадағы Қызыл фортқа шабуыл жасады. Қамалды 1500 кувейттік жанқиярлықпен қорғады. Бекініс қоршауға алынып, егер ол құласа, Кувейт сауд мемлекетінің құрамына енетін еді.

Алайда саудтықтардың шабуылы тойтарылып, келіссөздер басталды. Жергілікті ауқаттылар Кувейт билеушіні британдық күштердің көмегіне жүгінуге көндірді. Сонымен іске ағылшындар араласып, саудтықтар қоршауды тастап шығуға мәжбүр болады.

1922 жылғы Укайра келісімі Кувейт пен сауд иелігінің шекараларын белгіледі. Оған сәйкес, кейін мұнай шығып екі ел арасындағы таласқа айналатын 5180 шаршы шақырымға жуық сауд-кувейт бейтарап аймағы құрылды.

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Рекомендуем прочитать

ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ШЫҒАНАҚ АРАБ ЕЛДЕРІ

Бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасы мен Парсы шығанағында орналасқан араб елдері арасындағы қарым-қатынастар өзара тиімді саудаға негізделген десе болады. Қытай мен аймақ елдері арасындағы сауда көрсеткіші...

Протесты в Иране: «женский фактор» и ставка на этнические меньшинства

Исламскую Республику пытаются запалить с разных сторон одновременно В опубликованном 28 октября совместном заявлении Министерства разведки Исламской Республики Иран и разведывательной организации Корпуса...

Сауд Арабиясының 5 аймақтық инвестициялық компаниясы

Сауд Арабиясының тақмұрагері Мұхаммед бен Салман осы елдің Мемлекеттік инвестициялық қоры Иордания Хашимит Корольдігіне, Бахрейн Корольдігіне, Судан Республикасына, Ирак Республикасына және Оман Сұлтандығына...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока