KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Мәскеу Дамаскты қолдауынан бас тартпайды

Мәскеу Дамаскты қолдауынан бас тартпайды

19.01.2023

Ресей өзінің қарулы күштерінің едәуір бөлігі Украинадағы әскери іс-қимылдарға қатысып жатқандығына қарамастан Сирия режимін қолдаудан бас тартпайды. Бұл туралы Дамаскіде Ресей Федерациясының ведомствоаралық үйлестіру штабының жаңа басшысы, босқындарды Сирия аумағына қайтару жөніндегі жауапты тұлғасы мәлімдеді. Бұдан бұрын американдық the New York Times газеті Ресейдің Сириядағы әскери қатысуының төмендеуі туралы жазған еді. Бұл Мәскеудің аймақтағы ықпалының төмендеуіне әкелуі мүмкін деген тұжырым айтылған болатын.

«Ресей Федерациясының Украинада арнайы әскери операция жасауы біздің достас Сирия Араб Республикасын қолдау жоспарымызға әсер етпейтінін ерекше атап өткім келеді», — деді босқындарды Сирия аумағына қайтару жөніндегі Ресей Федерациясының ведомствоаралық үйлестіру штабының жаңа басшысы полковник О.Горшенин. Ол қыркүйек айының соңында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары болып тағайындалған генерал-полковник М.Мизинцевтің орнына келді.

Бұл мәлімдеме Дамаскіде өткен Ресей мен Сирияның ведомствоаралық үйлестіру штабтарының бірлескен отырысында айтылды. Ведомствоаралық үйлестіру штабы сириялық босқындарды отанына қайтару мәселесімен айналысады. Отырыста Ресей Федерациясы Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі А.Лаврентьев сөз сөйлеп: «Мәскеу Дамаскіге бар кедергілерді еңсеруде қолдау көрсетуді және Сирия армиясына терроризмге қарсы күресте қосымша қолдау көрсетуді жалғастыруда», — деп атап өтті.

Ресей өкілдерінің бұл мәлімдемелері Сириядағы Ресей контингентінің қысқаруы туралы американдық The New York Times газетінде жарияланған ақпаратқа жауап аясында айтылды. Американдық басылым Украинамен соғысқа қатысып жатқан контингенті күшейту мақсатында Ресей Сирия аумағынан екі батальонды (1,2 мыңнан 1,6 мыңға дейін әскери) және С-300 жүйесін шығарғаны туралы жазған болатын. С-300 жүйесін шығарғандығы туралы бұдан бұрын израильдік ақпарат көздері хабарлаған еді.

The New York Times сонымен қатар бірнеше әскери бөлімдердің офицерлерінің Сириядан Украинаға ауысуына назар аударды және «Мәскеудегі әскери басшылық Сириядағы операцияларды күнделікті басқаруға, соның ішінде Израильмен әскери үйлестіруге аз қатыса бастады», — деп мәлімдеді.

«Бұл қадамдар бұрынғы кеңестік республикаларда — Орталық Азия елдерінде Ресейдің ықпалының төмендеуінен кейін болды, Украинадағы соғыс Ресейді ТМД елдері арасындағы дәстүрлі көшбасшылық рөлінен алшақтатып, Мәскеудің беделі мен ықпалына нұқсан келтірді», — деп жазды американдық газет.

Сонымен қатар, The New York Times газетінің хабарлауынша, Израиль билігі Мәскеумен тағы бір ықтимал қақтығыстар туғызбау үшін Киевті әскери қолдауда барынша салқынқанды ұстанымды басшылыққа алып келді. Бірақ қазіргі уақытта жағдай өзгеруі мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Киев ресейлік шабуылдардан қорғану үшін Израильден әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін сұрады, бірақ бұл Израиль ресми түрде Киевке көмектесуден бас тартты.

Сондықтан, Украинадағы соғыс басталғаннан бастап израильдік саясаткерлер Ресейдің Сириядағы әскери қатысуын және Мәскеудің Таяу Шығыс саясатына әсерін есте сақтауға шақырды.

Дегенмен, The New York Times Израиль Украинаға Ресейдің арнайы операциясының алғашқы айларына қарағанда көбірек көмек көрсете бастады деп санайды. «Украинаның және Израильдің жоғары лауазымды тұлғаларының айтуынша, Израиль Украинаға Ресей қолданып жатқан ирандық дрондар туралы негізгі мәліметтерді ұсынып отыр. Сонымен қатар Украинада құлатылған ирандық дрондардың қалдықтарын зерттеуге дайындығын білдірген», — деп жазады газет.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан сарапшылар Ресей Сириядан ешқайда кетпейді деп санайды. Олардың ойы бойынша, Сириядан шығу туралы әңгіме ақымақтық, өйткені Мәскеудің сириялық саясаты Ресейдің Таяу Шығыс стратегиясының жүйе құраушы элементі болып табылады. Олар Украинадағы соғыс аясында Ресейдің Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы шынымен өзгерістерге ұшырап жатқанын мойындайды, бірақ сонымен бірге Таяу Шығыста жағдай басқаша екенін атап өтуде.

«Орталық Азиядан айырмашылығы, Таяу Шығыс аймағында ешқашан ресейлік мәдени, экономикалық және өркениеттік үстемдік болған емес. Таяу Шығыс ешқашан Ресейдің қызығушылық аймағы болған емес», — деп атап өтті сарапшы.

Сонымен бірге ол араб елдері Украинаның айналасындағы оқиғалардың дамуын мұқият қадағалап отырғаны және олардың көпшілігі екі тараптың ешқайсысын қолдамау ұстанымын басшылыққа алып отырғаны белгілі.

Егер әскери аспект туралы айтатын болсақ, Мәскеуде Ресейдің Сириядан кетуі туралы әңгіме де негізсіз деп саналады. «Мұндай әскери қызметшілердің орын алмасуы , әсіресе қазір Сирияда қандай да бір елеулі соғыс қимылдары жүргізілмегендіктен ротацияға байланысты болуы мүмкін. Командирлер де ротацияға жатады», — деп көрсетеді әскери сарапшылар.

Израильге келетін болсақ, сарапшының пікірінше, тежегіш Сирияда Ресей контингентінің болуы емес, Мәскеу израильдіктер үшін Иран арқылы көптеген проблемалар тудыруы мүмкін екенін түсіну болып табылады. Ресей және Израиль басшылығы бір-біріне көптеген проблемалар туғызуы мүмкін екенін түсінеді және мұндай түсінік екі ел арасындағы бейбіт қатынастардың ең жақсы кепілі екені белгілі. Сондай-ақ, Ресей мен Израиль бір-бірін қауіп факторы ретінде қабылдамайтыны маңызды деп санайды сарапшылар.

Сириядан шығарылған С-300 — ге келетін болсақ, оның Сирияда болуы Израильге осы елдегі әскери нысандарға шабуыл жасауға кедергі келтірмеді және оның елден әкетілуі Израильдің  жаңа операцияларға деген тәбетін ашпайды деп күтілуде. Израильдің ynet сайты осы аптада жарияланған мақалада атап өткендей, Израиль Сириядағы соңғы шабуылдарын жасағаннан бері бір айдан астам уақыт өтті. Бұл бірқатар себептерге, соның ішінде Иранның Сирияға қару жеткізу көлемінің азаюына байланысты болған. «Егер қарудың жылжуы анықталса Израиль әрқашан әрекет етеді», — деп хабарлайды портал.

Сонымен бірге, Израиль Ресейдің Украинада ирандық дрондарды қолдануы туралы ақпаратты сабырлы түрде қабылдайды деп айтуға болмайды (Мәскеу олардың қолданылуын мүлдем жоққа шығарады).

Израиль премьер-министрі Яир Лапид Ресей мен Иран арасындағы қарым-қатынас Израиль үшін ғана емес, Украина, Еуропа және бүкіл әлем үшін маңызды мәселе, Иран Израиль үшін қауіпті мемлекет және Ресейдің онымен іс жүргізуі бүкіл әлемге қауіп төндіреді деп санайды.

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Рекомендуем прочитать

ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ШЫҒАНАҚ АРАБ ЕЛДЕРІ

Бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасы мен Парсы шығанағында орналасқан араб елдері арасындағы қарым-қатынастар өзара тиімді саудаға негізделген десе болады. Қытай мен аймақ елдері арасындағы сауда көрсеткіші...

Протесты в Иране: «женский фактор» и ставка на этнические меньшинства

Исламскую Республику пытаются запалить с разных сторон одновременно В опубликованном 28 октября совместном заявлении Министерства разведки Исламской Республики Иран и разведывательной организации Корпуса...

Сауд Арабиясының 5 аймақтық инвестициялық компаниясы

Сауд Арабиясының тақмұрагері Мұхаммед бен Салман осы елдің Мемлекеттік инвестициялық қоры Иордания Хашимит Корольдігіне, Бахрейн Корольдігіне, Судан Республикасына, Ирак Республикасына және Оман Сұлтандығына...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока