KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Рияд қаласында «Қазақстан — 30 жыл дамуы» атты кітабының тұсау кесері өтті

Рияд қаласында «Қазақстан — 30 жыл дамуы» атты кітабының тұсау кесері өтті

02.12.2021

2021 жылғы 30 қарашада Рияд қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев күнін және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту шеңберінде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі, Сауд Арабиясының Орыс-араб зерттеулері мен ақпарат қорымен, сондай-ақ Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Ә.Назарбаев орталығымен бірлесе отырып, «Қазақстан — 30 жыл даму» атты кітабының араб тіліндегі тұсаукесері өтті.

Кітапта мемлекеттің сыртқы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы негізгі бағыттары көрсетілген тәуелсіз Қазақстанның басты тарихи оқиғалары баяндалған. Ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісіне, Елбасының әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін өткізу жөніндегі бастамасына бөлек тарау арналған.

Сонымен қатар, кітапта Қазақстан-Сауд ынтымақтастығының түрлі бағыттардағы дамуының маңызды кезеңдері қамтылған.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақтандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық қатынастарды орнатудағы тарихи рөліне ерекше назар аударылған.

 

Сауд Арабиясындағы Қазақстан Елшілігі

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Рекомендуем прочитать

Палестина-израиль дағдарысының ағымдық жағдайы және болашағы

Соңғы жылдары араб-израиль дағдарысын шешу әрекеттері шетке жылжытылған секілді әсер береді. Бір жағынан бұан Таяу Шығыс елдерінің бірқатарындағы жағдайдың тұрақсыздануы, сондай-ақ Иранмен текетірестің алға шығуы...

Араб әлемінің 2022 жылғы есте қаларлық оқиғалары

Араб елдері Украина-Ресей соғысына тікелей немесе жанама түрде қатыспаса да бұл оқиға араб елдері үшін 2022 жылы есте қаларлық оқиғалардың қатарына жатады. Ресейдің Украинаға қарсы соғыс ашуы Батыс елдері тарапынан...

Израиль вот-вот нанесет удар по Ирану? От чего это зависит

У тех, кто слушал на днях традиционные выступления уходящих в отставку министра обороны и премьер-министра на церемонии выпуска курсов пилотов, могло сложиться ошибочное впечатление, что Израиль рассматривает...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока