KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Сауд Арабиясы мен Оман инвестиция және қосымша қаржыландыру мәселелерін талқылады

Сауд Арабиясы мен Оман инвестиция және қосымша қаржыландыру мәселелерін талқылады

03.06.2021

Кездесу онлайн режимінде өтті. Сауд Арабиясы делегациясын Энергетика министрі Халед әл-Фалих, ал Оман тарапын Сауда және өнеркәсіп министрі Кайс аль-Юсеф басқарды.

Нәтижесінде тараптар Сауд-Оман іскерлік кеңесін құруға, өзара сапарлар ұйымдастыруға және инфрақұрылым, сауда және экономика саласында бірқатар екіжақты жобаларды бастауға келісті.

Кездесуде Оман үкіметінің саудиялықтардан ақша талап етуге деген айқын ұмтылысы басым болды.

2014 жылдан бастап әлемдік мұнай бағасының құлдырауы, сондай-ақ COVID-19 пандемиясы Сұлтандықтың экономикасын айтарлықтай ақсатып, ұлттық қарызды рекордтық биіктікке дейін көтерді. Осының салдарынан билік жаңа салықтар енгізуге мәжбүр болды. Мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау уақытша тоқтатылды. Дегенмен жаппай үнемдеу шараларына жартылай көшу, халық арасында қолдау таппады.

2020 жылдың қаңтарында таққа отырған Сұлтан Хайсам бин Тариқ үшін әлемге әйгілі Сұлтан Кабус қайтыс болғаннан кейін, бұл сілкіністер оның имиджіне және билікті күшейтуге кері әсерін тигізгендігін назарға алған жөн.

Өткен аптада Оманның ірі қалаларда жұмыссыздыққа қарсы әдеттен тыс қатты екпін алған наразылықтардан кейін Оман үкіметі экономикалық және қаржылық мәселелерді тоқтату үшін неғұрлым белсенді әрекет етуі керектігіне жүгінді. Аталған жағдайды ретке келтіру мақсатында олар қаржылық жағынан қуатты саудиялықтармен кездесу қажеттігін әбден дқрыс деп табуда. Ал саудиялықтар мұны Масқатқа өз ықпалын күшейту мүмкіндігі ретінде қарастырады.

Оманның да, Сауд Арабиясының да экономикалық, әлеуметтік үлкен және амбициялық жағынан қарқынды даму жоспарлары бар. Екі мемлекетті де тарихтағы өз орнын ұлы реформатор ретінде қалағысы келетін саяси көшбасшылар басқарады.

2020 дағдарысы екі елді де жақындастыра түсті. Бұл аймақтық көшбасшылыққа ұмтылып отырған Мұхаммед бен Салманның да, елдегі соңғы проблемалар аясында қорғанысқа өткен Хайсам бен Тариқтің де алысқа көз тіккен мүдделеріне сай келеді.

Әділхан Тәжіханов

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

В отношении транзитного потенциала ЦАР

Складывающаяся геополитическая ситуация продолжает оказывать позитивное влияние на транзитный потенциал Центрально-азиатского региона (ЦАР). Постоянные нападения на торговое судоходство в Красном море со стороны...

Атақты арабист Асқар Мусиновтің асуларын білесіз бе? Шығыстанушы-арабист Асқар Мусинов туралы не білеміз?

Ұзақ жылғы үзеңгілес әріптесіміз, ағалы-інілі бауыр, отандық дипломатия саласының көрнекті өкілдерінің бірі, шығыстанушы-арабист Асқар Ахметұлы Мусиновтың кенеттен келген қазасы баршамыздың қабырғамызға батты....

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока