KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Халық игіліктерді келешекте емес, бүгін көруі керек!

Халық игіліктерді келешекте емес, бүгін көруі керек!

27.10.2020

Кезекті мәрте өткен Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі (Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі — деп дұрыс аталмай жүр) отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан қоғамын, тұрғындарды ойландырып, тіпті алаңдатып келе жатқан бірқатар айтулы мәселелердің түйінін тарқатып бергеніне куә болдық.

Қысқалау қайырғанда, Ұлттық кеңес билік пен ел арасындағы сындарлы сұхбат алаңына айнала бастады. Өйткені Кеңес мүшелері қалың жұртшылық үшін өзекті, маңызды деген жайттарды жасырмай, жасқанбай көтеріп қана қоймай, олардың шешілу амалдарын да ұсынады. Мұның өзі ішкі саясаттың түрлі салаларын түбегейлі реформалаудың қажеттілігін ашып бермек.

Халық мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының игілігін кемел келешекте емес, көз алдында өтіп жатқан бүгінгі ғұмырында көріп, сезінуі хақ. Таусылмайтын сан алуан халықаралық рейтингтерге таласуға жұмсалатын күш-жігер, қажыр-қайрат, қаражатты үнемдеп, халықтың әлеуметтік ахуалын оңалтуға түбегейлі бет бұру. Расында, бұл данагөй Абай атам баяғыда-ақ айтып кеткен «мәз болады болысың, арқадан ұлық қаққанға» ғой. Басқасын айтпағанда, осынау жаһандық індет ешқандай рейтингке қарамай-ақ жаппай таралып, мемлекет атаулының барлығы басына түскен қиындықпен негізінен жалқы күйде жанталаса күресуде.

Парламенттен басталып, енді міне мемлекеттің үлесі бар компанияларда басшылықтың отыз пайызын әйелдер қауымы құрауы жөніндегі ұсынысқа Президенттің бұл бастаманы біртіндеп қолға алу керек деген пікірінің астарында көп мән жатқанын сезіндік. Тереңіректен келгенде, әйел қауымының болмысы, орны, анығында айырым қасиеті елдің, ұлттың өсіп-өнуімен, ұрпақ тәрбиесімен, ана тілінің сақталып қанат жаюымен тікелей тамырлас, сабақтас болуы табиғи. Демек жұмыс, қызметтегі қым-қуыт баянсыз жүгіріс пен жанұялық жылылық, әулеттің әлеуеті, ақыры ғалам таразысындағы ұлыс тағдырының арасалмағы менмұндалайды.

Ел аймақтарындағы тұрғындар тығыздының әралуандығы, жұмыс күштерінің теңсіздігі ішкі көші-қон мәселесінің күннен күнге өткір болып бара жатқанын аңғартуда. Сондықтан оңтүстік өңірлерден солтүстікке, шығыстағы аудандарға жас отбасылардың, мамандардың көшіп баруына байыппен көндіру барынша маңызды. Бұл бағытта, бірқатар шет мемлекеттерден ата жұртына оралуға ниеттеніп отырған қалың қандастарымызды да қолайлы қарсы алып, тиімді орналастыра білу парызы да кешенді шаралар қабылдауды талап етеді.

Кейінгі кезеңдерге дейін көп айтылмай келе жатқан қазақстандық еңбек мигранттарына қатысты тақырыптың көтерілуі әбден орынды. Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта мыңдаған отандастарымыз ресей, корея, араб елдерінде әртүрлі жұмыс істеуде. Әрине, сыртқы әлемді көру, басқа елдердің тәртібі, жүйесімен танысу, жаңа кәсіп үйрену, біліктілікті жетілдіру жөнінен қарағанда бұл да  артық етпес. Дегенмен, туған топырақты басып жүрмегендіктен, жат жұртта жалтаңдап, өз бауырластарыңмен өз тіліңде қатынаса алмай, ең ақыры еңбекақың мен күнің бөтенге қарауы да оңай болмайтыны белгілі. Сондықтан қазақстандық мигранттардың тұрмыс-тіршілігін зерделеп отыру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға атсалысу сырттағы дипломатиялық мекемелер қызметінің елеулі бағытын құрайды.

Мемлекет басшысының ортаға салған күретамырлы жайттардың ішінде еліміздегі білім саласының, ел ішінде түрлі мағынада, дәлірек, жағымсыз бейнеде жиі айтылатын  жоғары оқу орындарындағы білім сапасы, фундаменталді білім берумен емес, диплом таратуды жеңіл табыс көзіне айналдырған мекемелерге қатысты қапысыз пікірлерін жұртшылық қанағатпен қабылдайды.

Білім мен ғылым, мәдениет пен руханият майданында мектеп қабырғасындағы оқушыларымыз бен ЖОО дәліздеріндегі жастарымыздың оқу сауаттылығының тежеңдеп қалуы алаңдатады. Қазіргі ғаламдық интернеттің қарқындауы кітап оқуды әбден ығыстырып барады. Мұның өзі күнделікті өмірде, жұмыс барысында мамандардың ой-өрісінің шектелуі, ішкі мәдениетінің ақсауы, болмысының таяздығы мен тартымысыздығына апарып соғатындай. Осы орайда ең жоғары мінберлерден биылғы мерейтой мазмұнына сай Абайды оқу, ақын өлеңін жаттау, жалпы әлем әдебиеті мен отандық қуатты туындыларды оқуын ынталандыру —   ішкі сасатымыздың кешіктірмей қолға алынуы тиіс ажырамас бөлігіне айналуы кәміл. Жалаң ұрандармен жұртшылық жаппай кітап оқуға бет бұруы неғайбыл. Олай болса, бұған ынталандыру, тіпті өркениетті жолдармен мәжбүрлеу тәсілдерін қолдану да пайдалы. Мысалы, компаниялар мен мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу талаптарына көркем әдебиет оқу талаптарын енгізу.

Біз Тәуелсіздігіміздің отыз жылдық кезеңінде өміршең, елеулі белестерден өте келе, темірқазығы Абай деп танылған рухани құндылықтарымыздан ажырамауымыз міндет. Кітап қарамайтын жұрт, әсіресе жас буын арасында адасушылыққа, теріс әлеуметтік әрекеттерге, шет елдерден келетін жат діни ағымдар мен идеологияға бой ұруы сыпатты қатерлі бағытқа бет бұруы ықтимал. Демек, бүкіл халықтың ұлт ұстазы Абайдың алдында, Алаш қайраткерлерінің асыл мұрасы мен бүгінгі арамыздағы зиялы қауымның жәрдемімен есеп беріп, кем тұстарымызды түгендеп, ұлттық кодымызды сақтау арқылы, халық үніне құлақ аса отырып өзекті реформаларды нақты іске асыру жолымен әлеуметтік, экономикалық Һәм рухани қуатымызды еселей беруіміз парыз.

Автор: Мұхтар Кәрібай

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

В отношении транзитного потенциала ЦАР

Складывающаяся геополитическая ситуация продолжает оказывать позитивное влияние на транзитный потенциал Центрально-азиатского региона (ЦАР). Постоянные нападения на торговое судоходство в Красном море со стороны...

Атақты арабист Асқар Мусиновтің асуларын білесіз бе? Шығыстанушы-арабист Асқар Мусинов туралы не білеміз?

Ұзақ жылғы үзеңгілес әріптесіміз, ағалы-інілі бауыр, отандық дипломатия саласының көрнекті өкілдерінің бірі, шығыстанушы-арабист Асқар Ахметұлы Мусиновтың кенеттен келген қазасы баршамыздың қабырғамызға батты....

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока