KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

ШЫҒАНАҚ АРАБ ЕЛДЕРІНІҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ ТУРАЛЫ

ШЫҒАНАҚ АРАБ ЕЛДЕРІНІҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК 	КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ ТУРАЛЫ

24.06.2022

Парсы шығанағының араб монархиялары гуманитарлық салаға үлкен мән береді және оны жаһандық та, ұлттық та деңгейде өзінің сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Бұл бірінші кезекте – Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Сауд Арабиясына және Қатарға қатысты айтылып отыр.

Бұл мемлекеттердің гуманитарлық қызметі көпжоспарлы сипатқа ие және оны сыртқы істер министрліктері үйлестіреді. Аталған монархиялар дамушы елдерге қаржылық көмекті осы мақсат үшін арнайы құрылған ұлттық қорлар арқылы ғана емес түрлі араб, аймақтық және халықаралық қаржы және гуманитарлық ұйымдар арқылы, оның ішінде Араб валюта қоры және Араб экономикалық және әлеуметтік даму қоры, Ислам даму банкі, ОПЕК қоры, Африка даму қоры, Африка даму банкі, сондай-ақ халықаралық құрылымдар – Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қызыл крест және жарты ай, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау арқылы жүзеге асырады.

Араб, аймақтық және халықаралық институттар арқылы араб елдері 1970-1995 жылдары берген қаржылық көмектің жалпы көлемі шамамен 102,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ондағы араб монархияларының үлесі 93 пайыздан асады (64,1 пайызы Сауд Арабиясына, 16,4 пайызы Кувейтке, 10,6 пайызы Біріккен Араб Әмірліктеріне және 2 пайызы Катарға тиесілі). Осылайша, Шығанақтың төрт елі халықаралық құрылымдарға жәрдемдесу үшін айтарлықтай қаржылық көмек көрсетуді қамтамасыз етті.

Қазіргі таңда Шығанақ араб елдерінің халықаралық гуманитарлық іс-әрекеттері Таяу Шығысқа, атап атқанда, бұл салаға бөлген қаржылары Сирия, Ирак, Йемен, Иордания, Оңтүстік Суданға бағытталып отыр.

Мысалы, 2021 жылы әлемдегі ең ірі көмек көрсетуші елдер санатына АҚШ, Германия және Ұлыбритания кірді. Бұл көрсеткішке міндетті төлемдер, жарналар мен өз еркіменбөлген қаржы жатады. АҚШ (8,2 млрд долл.), Германия (1,8 млрд долл.), Европа комиссиясы (1,5 млрд долл.),Ұлыбритания (840 млн долл.), Канада (601 млн долл.), Жапония (473 млн долл.), Швеция (468 млн долл).

Араб елдерінен Сауд Арабиясы (378 млн) 8-ші орында, БАӘ (252 млн долл.) 10 орында болды. Араб елдері гуманитарлық көмекті негізінен өзінің географиялық аумағында көрсетеді десе болады. Мысалы, Сауд Арабиясы мен БАӘ Йемендегі гуманитарлық жағдайды қалыпқа келтіруге бағытталған шығынның 50 пайызын көтеріп келеді. Ал Сирия, Ирактағы гуманитарлық қажеттілікті негізінен Европа одағы елдері қаржыландырады.

Бұл жерде сириялық қашқындар мен босқындарға гуманитарлық көмек көрсетудің үлкен үлесін Түркия, Иордания және Ливан көтеріп келе жатқанынын айта кету керек. Шығанақ араб елдерінің гуманитарлық агенттіктер бойынша көмектері де жылдан-жылға кеміп келеді. 2022 жылы БҰҰ босқындарға азық-түлік көмегін күрт төмендетті. Дағдарыс және азық-түлік бағасының өсуі халықаралық бюрократияны Ангола, Малави, Мозамбик, Конго, Танзания және Зимбабведегі босқындардың рационын 50-75% — ға төмендетуге мәжбүр етті. Шын мәнінде, бұл елдер қазірдің өзінде аштық алдында тұр

Сонымен қатар, БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғары комиссарының басқармасы саласы бойынша 2019 жылғы әлемнің жетекші қаржы бөлуші 20 елінің қатарына бірде-бір араб елі кірмеді. Сауд Арабиясы 17 млн АҚШ долларымен 23 орында, ал Кувейт 7 млн доллармен 35-ші орында.

Әлемде гуманитарлық көмекке деген қажеттілік артып отырған уақытта Шығанақ араб елдерінің донарлық көмегінің кемуінің себептерінің қатарына, ең алдымен, соңғы жылдары көмірсутегінің бағасының түсуіне байланысты бұрын жетекші демеушілер болып табылған Сауд Арабиясы, Кувейт, Қатар, БАӘ кірістерінің төмендеуі, Йемендегі соғыс жатады. Сонымен қатар, мұнай бағасының 2020 жылғы наурыз айында құлдырауы да болашақта гуманитарлық көмек көлеміне теріс әсер етеді деп күтілуде.

Дей тұрғанмен, аталған араб елдерінің гуманитарлық қажеттіліктерді қаржыландыруы кемігенімен олардың ұзақмерзімдік инфрақұрылымдық инвестициялық саладағы жарналары артып отыр. Дамуға ресми көмек көрсету бойынша Сауд Арабиясы 6,75 млрд доллармен әлемде 7-ші орында келеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 2022 жылға арналған бюджеті 3,151 млрд АҚШ долларын құрады. Бюджет ұйымға кіретін мемлекеттердің жарналары есебінен қалыптасады. БҰҰ-ның тұрақты бюджетіне ең көп үлес қосатын елдердің қатарына негізінен дамыған елдер жатады. БҰҰ тұрақты бюджетіне жарна мөлшері бойынша 2022 жылы келесі мүше мемлекеттер көш бастап келеді: АҚШ — 693 млн долл., Қытай — 480 млн долл., Жапония — 253 млн долл., Германия — 192 млн., Ұлыбритания — 137 млн., Франция — 136 млн., Италия — 100 млн., Канада — 82 млн., Оңтүстік Корея — 81 млн., Испания — 67 млн., 16 орында Сауд Арабиясы — 37 млн. долл-мен тұр.

Оның үстіне, Сауд Арабиясы, Қатар көрші жатқан Сирия мен Ирактың гуманитарлық қажеттіліктерін өтеуге саяси тұрғыдан басымдық бермейтіндігі белгілі. Сондықтан, Шығанақ елдерінің Таяу Шығыстағы гуманитарлық көмек көрсетуі олардың сол елдегі өздерін қолдайтын күштердің арасалмағына қатысты десе болады.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Об итогах 24-го Саммита ШОС в г.Астане и вкладе Казахстана в деятельность Организации

Республика Казахстан, как одно из государств-основателей Шанхайской организации сотрудничества (ШОС), с первых дней ее создания принимает самое активное участие в деятельности Организации и привержена к дальнейшему...

Проекты строительства АЭС в Центральной Азии

Узбекская АЭС – замах на рубль, удар на копейку В ходе недавнего визита в Узбекистан, Президент России озвучил новость – Узбекской АЭС всё-таки быть, подписан контракт на строительство АЭС в Узбекистане.  После 7 лет...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока