KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Сирия дағдарысындағы әулеттер мен тайпалардың рөлі

12.01.2016

Сирия Араб Республикасының тұрғындарының басым бөлігі дәстүрлі түрде өздерін белгілі бір әулеттің немесе тайпаның өкілі ретінде танытады. Бұл фактор қазіргі уақытта үкімет тарапымен және оған қарсы соғысып жатқан қарулы оппозициямен өз үлесіне пайдаланылуда. Кейбір тайпалар үкіметке жақын және оның жүргізіп келе жатқан саясатын қолдайды. Басқалары болса, бұрынғы уақыттан бері ренішті және осы кезде ынталы түрде оппозицияға жәрдем етуде. Жалпы Сирияда 40 астам тайпа бар.

Сирия үкіметі сонау Хафез Асад кезеңінен бері, тайпалар мен әулеттердің беделін және ықпалын әлсіретуге тырысып келген. Бұл саясат нәтижесінде кейбір тайпалардың тұрғылықты мекендері үкімет тарапынан дотацияланбай, экономикалық жағынан депрессивті аймақтарға айналған. Су, электр қуаты тартылмаған. Әртүрлі шектеулер жасалып келген. Ол негізінен Сирияның оңтүстігі мен шығыс өңірлері. Дамаск қысымының нәтижесінде 80-ші жылдары ол жақты мекендеген тайпалардың көсем-шейхтері қалаға қоныс аударуға мәжбүр болған. Бірақ, қаншалықты аластатылғанымен олар руластарымен байланыстарын үзбей келген. Керісінше, қатынастар күшейе түскен. Еркін сирия армиясының құрамында елдегі ірі деп саналатын, суниттік мазхабты ұстанатын шаммар, джаббур, таи, бағғара және унайза атты тайпалардың өкілдері көп.  Суниттік тайпалық арабтық фактор, Сириядағы қарулы дағдарысқа қомақты саяси әсерін тигізуде. Бірінші кезекте олар Дераа,  Дейр Аз-Зор, Хомс және Дамаск қалалары мен провинциясында қатты сезілуде. Сондай-ақ, Ефрат өзені алқабын да айтып кетуге болады. Тайпалар өздерінің Ирақтағы, Иорданиядағы, Сауд Арабиясындағы, Кувейт пен Қатардағы қандастарымен тығыз мәдени, этникалық, туыстық және экономикалық байланыстарды ешқашан тоқтатпаған. Осылайша Ирақтағы соғыс кезінде сириядағы тайпалар өз руластарына жәрдем берген. Қару, азық-түлік, жауынгерлерді жолдап тұрған. Ендігі уақытта керісінше жағдай туындауда, Сирия үкіметіне қарсы содырлардың Ирақтан ағылуы қарқын алды.

Тайпалар факторын ресми Дамаск та өзі көздеген мақсаттарында пайдалануда. Дағдарсы басталған уақыттан бері бірнеше мәрте «Сириялық араб тайпалары мен әулеттерінің форумы» өткізілді. Үкімет қазіргі таңда олардың толық қолауы мен сеніміне кірмек. Ішкі оппозицияда тайпалардың тұғырлары берік және Б.Асад режиміне толық қолдау жасайтындары баршылық.

Баяндалғанды назарға ала отырып, тайпалардың Сириядағы рөлінің маңыздылығын назардан тыс қалдыруға болмайды. Қарулы оппозицияның жеңілмеуінің көп себептерінің қатарында, суниттік араб тайпаларының қолдауына ие болуы. Сондықтан ресми үкіметке ауқымды партизандық соғыста түпкілікті жеңіске жету оңайға соқпайды. Сириялық тайпалар арасындағы ұзақ ғасырлар бойы сақталып келген рулық тығыз байланыстар режимге қарсы жақтың «өміршеңдігін» қамтамасыз етеді.

Қонақ
19.01.2016 в 10:27 - Ответить

Қазақша ақпараттардың жазылатындығын қолдаймын. Дұрыс істелген сайт екен. Бастысы осы елдерді білетін қазақ мамандары болғаны мені қуантады.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Прогнозы будущего Сирии: вызовы и перспективы

Сирия за последние десятилетия пережила ряд разрушительных событий, включая многолетнюю гражданскую войну, гуманитарные кризисы и вмешательства извне. На фоне продолжающихся вызовов мировое сообщество пытается...

Киберпространство – современная сфера ведения активных боевых действий

Развитие информационных технологий затрагивает все сферы человеческой деятельности, включая военную. Уровень развития военных информационных технологий позволяет говорить об относительно новой сфере военных...

Афганистан как часть Центральной Азии – ожидания, реальность, вызовы и угрозы

Афганистан в экспертных и журналистских кругах все чаще стал относиться к региону Центральной Азии, что вполне обосновано с физико-географической точки зрения. Однако, с учетом современных региональных реалий, пока...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока