KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Еуропа Одағы мен Таяу Шығыс елдері арасындағы мұнай саласындағы ынтымақтастық туралы

Еуропа Одағы мен Таяу Шығыс елдері арасындағы мұнай саласындағы ынтымақтастық туралы

29.07.2022

Еуропа одағының Таяу Шығыстағы стратегиялық мақсаттарының қатарына бірінші кезекте айқын және жүзеге асатын энергетикалық саясатты жасау және іс жүзінде қолдану болып табылады. Ресейдің Украинаға қарсы соғысы Таяу Шығыс елдерінің Европа одағы үшін мұнай экспорттаушы ретінде маңызы одан әрі артып отыр. Әлемдегі мұнайдың дәлелденген қорының 60 пайызы және газдың 40 пайызы Таяу Шығыс елдерінде орналасқан.

Жалпы алғанда, Таяу Шығыс елдері Европа одағы үшін энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ерекше орында қала береді және Европа одағы аймақтағы елдермен энергетика саласындағы стратегиялық әріптестігін одан әрі күшейтуге тырысады.

Мұсылман елдері әлемдік қатынастардың жүйесіне, ал экономикалары әлемдік экономикаға бітесе қайнасқан. Мысалы, Парсы шығанағы араб елдерінің сыртқы саудасының басым бөлігі пайызы Батыс елдерімен екендігі белгілі. Түркияның сыртқы саудасы Европа одағы елдерімен тығыз байланысты.

Мұсылман елдері арасындағы ынтымақтастыққа олардың ішкі мәселелерінің шешілмеуі кедергі келтіріп отыр. Палестина, күрд мәселелері Сауд Арабиясы мен Оман, Ирак пен Кувейт, Ирак пен Иран, Марокко мен Алжир, Сауд Арабиясы мен Йемен арасында жер таластары тағы да бар.

Европа одағының Таяу Шығыстағы өзекті мәселелер бойынша айқындамалары белгілі. ЕО Сириядағы дағдарысты Женева уағдаластықтары бойы шешілуі тиіс деп қарайды және қалған мәселелер де бейбіт келіссөздер арқылы қарастырылуы тиіс деп санайды.

Европа одағы Таяу Шығыс елдеріне қатысты белсенді саясат жүргізіп отыр. Брюссельде Европа Одағының Сыртқы істер министрлері Ирақты қалпына келтіру мен Таяу Шығыста бейбітшілік орнату ісіне үлкен көңіл бөлуде. Олар, сондай-ақ, Израиль және Палестина арасындағы келіссөздердің одан әрі жалғасуына күш-жігер жұмсауда. Евроодақтың сыртқы істер мекемелерінің басшылары екі жақтыда халықаралық «жол картасы» атты жобаны қарқынды түрде іске асыруға шақырмақ.

Европа одағының күш-жігерімен Сирияға гуманитарлық көмек көрсету бойынша конференция соңғы ірі шара осыдан екі жыл бұрын өтті. Еуропалық Одақ пен БҰҰ бірлесіп ұйымдастырған Сирия бойынша төртінші халықаралық донорлық конференция 2020 жылдың 30 маусымында бейне форматта өтті. Оған 60 ел және 25 ұйым қатысты. Көптеген қатысушылар ірі жарналар туралы жариялады. Конференция нәтижесі бойынша әлем елдері Сирияға гуманитарлық көмек ретінде 7,7 млрд АҚШ долларынан аса қаржы бөлуге уәде берді. Атап айтқанда, Германия – 1,8 млрд, Ұлыбритания – 1,76 млрд, АҚШ  — 696 млн АҚШ долларын бөліп, ірі демеушілердің қатарынан көрінді.  Жиналған ақшаның едәуір бөлігі араб елдері мен Түркиядағы босқындар лагерлерінде тұратын сириялықтардың қажеттіліктеріне жұмсалады.

Батыс үшін араб монархияларындағыыы адам құқықтарын құрметтеу және демократиялық бостандықтар сұрақтары ерекше орын алады. Атап айтқанда, Шығанақ араб елдері Таяу Шығыс аймағында демократиялық қайта құрулар жөніндегі The Middle East Partnership Initiative (MEPI) бағдарламасына қатысады. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – азаматтық қоғамды, жастар және әйелдер қозғалысын дамыту, сайлау технологияларын жақсарту және депутаттардың кәсіби деңгейін көтеру болып табылады.

Қазіргі таңда Европа одағының Таяу Шығыс елдерімен қатынастарында ең күрделі мәселенің қатарына босқындар тақырыбы жатады. Еуропадағы дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру үшін Европа одағы Таяу Шығыс елдерімен тығыз жұмыс істеуде. Европа одағы Шығанақ араб елдерінен сириялық босқындардың бір бөлігін қабылдап алу жөніндегі талабы бар. Алайда Парсы шығанағы араб елдері сириялық босқындарға қатысты бұл сұрақты қарастырамыз деп уәде берумен шектелуде. Сарапшылар Шығанақ араб елдері босқындарды қабылдап алудан барынша бас тартатындығына және оны шешу үшін қаржы бөлумен шектелетіндігіне назар аударуда.

Айта кету керек, Ресейдің Украинаға қарсы әскери әрекеті аясында әлемдік энергетика нарығында антиресейлік санкциялар әлі де өзекті деңгейде. Еуроодақ қазір Ресейге қарсы анкциялар пакеттерін қабылдауда. Бұл жолы басты назар мұнай төңірегінде өрбіп отыр. Бұған дейін хабарланғандай, Еуропа елдері тамыз айынан бастап Ресей көмірінің импортына тыйым салмақ. Нарық ішіндегі инсайдерлердің айтуынша, аталған тыйым шарасының өз күшіне дәл тамызда енуіне алдымен Германия күш жұмсаса керек. Ресейдің отын ресурстарына мейлінше тәуелді Германия «тыйым мерзімін барынша ұзартуға мәжбүр» дейді олар.

Белгілі болғандай Сауд Арабиясының мұнай өндіруші ұлттық компаниясы Saudi Aramco  Азия және Америка нарықтарына маусым айында жеткізілетін мұнайдың бағасын қымбаттатып жіберді. Bloomberg мәліметінше, үстіміздегі уақытта аrab ight маркасындағы мұнай Азия нарықтарына бір баррелі 9,35 долларға, ал АҚШ нарығына – 6,65 долларға жеткізілмек. Әлемдік мұнай нарығындағы соңғы ақпараттарға жүгінсек, Сауд Арабиясы тарапынан ұсынылған бұл бағалар араб мұнайының негізгі тұтынушылары болып табылатын Үндістан мен Қытайдың көңілінен шығып отырған жоқ. Осы елдердегі БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Үндістан мен Қытай тамызда араб мұнайы импортын ептеп қысқартуы мүмкін. Бүгінгі таңда аталған екі ел әлемдік нарықта біршама арзандап кеткен Ресейдің Urals маркалы мұнайын (еуропалық бірқатар компания сатып алудан бас тартқан соң) кең ауқымда сатып алуда. Бұл тұрғыда Құрама Штаттар тарапынан Үндістанға қатысты өзіндік ескерту де жасалған болатын.

Таяуда ОПЕК+ құрамындағы елдер мұнай өндіру ауқымын біртіндеп көтеру ұстанымын кезекті мәрте мәлім етіп, 2022 жылдың шілде айынан мұнай өндіру ауқымын тәулігіне 432 мың баррельге көтеру туралы шешім шығарды. ОПЕК болжамынша, мұнайға деген биылғы сұраныс тәулігіне 3,67 млн баррель деңгейін құрауы ықтимал. Бұл картель сарапшыларының алдыңғы болжамымен салыстырғанда тәулігіне 500 мың баррелге төмен көрсеткіш.

Европа одағы бұл елдермен әскери-саяси әріптестігін дамыта отырып, олардың Парсы шығанағындағы стратегиялық орналасуын – Иранмен көршілігі, мұнай факторын – араб елдері әлемдік мұнай қорының 60 пайызына дейін иелік етуін есепке алуда. Жалпы алғанда, араб монархиялары Европа одағы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық, әскери және басқа салалардағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі.

Баяндалғанды назарға ала отырып,  Европа одағының Таяу Шығыстағы саясаты мен әсер етуі осы елдің аймақ елдерімен сауда-экономикалық байланыстарын белсенді түрде дамыту болып табылады. Оның ішінде, Парсы шығанағы елдерінен көмірсутегіні үздіксіз алуды қамтамасыз ету, осы елдердегі инфрақұрылымдық жобаларға қатысу. ЕО жақын және алыс болашақта аймақ елдерінің ішкі саясатына араласпау айқындамасын ұстанады және сонымен қатар аймақ елдерімен терроризмге және ислами экстремизмге қарсы күресте бірлескен кеңесулерді одан әрі жалғастырады. Сонымен қатар, ЕО аймақ елдерінде өзінің инвестицияларын орналастыруға және аймақ елдерінің инвестициялық мүмкіндіктерін өзінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тарту болып табылады.

Оставьте свой комментарий к статье:

Рекомендуем прочитать

ШЫҒАНАҚ АРАБ ЕЛДЕРІНІҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ ТУРАЛЫ

Парсы шығанағының араб монархиялары гуманитарлық салаға үлкен мән береді және оны жаһандық та, ұлттық та деңгейде өзінің сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Бұл бірінші кезекте –...

Религией Саудовской Аравии мог быть иудаизм

Новое исследование древних изменений климата показало, что около 1500 лет назад Южная Аравия пострадала от многолетней засухи. Это, вероятно, способствовало падению некогда могущественного еврейского царства,...

Региональный союз будет независим от США?

Вчера, 22 июня, впервые за четыре года, самолет наследного принца Саудовской Аравии Мухаммеда бин Салмана приземлился в турецком аэропорту. Для него и президента Турции Реджепа Эрдогана это завершение периода...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока