KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Экстремистік және террористік пиғылдағы топтарды қаржыландыру механизмі туралы

Экстремистік және террористік пиғылдағы топтарды қаржыландыру механизмі туралы

17.11.2018

Бүгінгі күні экстремизм мен терроризмді қаржыландыру мемлекеттерге қаржылай көмекпен ұсынылатын қайырымдылық ретінде жүзеге асырылып жатқандығы жасырын емес.

Бұған қоса, террористік және қылмыстық іс-әрекеттерден түсетін пайда мен кірістерді қосу қажет (адамдарды бопсалау, адам және есірткі саудасы, қару-жарақ саудасы және т.б.)

Экстремистер үшін бірінші табыс пен кіріс көзі – Таяу Шығыс елдерінде радикалдық исламдық қорлар тарапынан, соның ішінде жалған экспорт-импорттық операциялармен әртүрлі схемалар арқылы қаржыландыру болып табылады. Аталған қорлардың іс жүзінде Сауд Арабиясы Корольдігі және Қатар тәрізді елдердің арнайы барлау қызметтерімен байланысы бар екендігі байқалады.

Ақшалай аударымдар Ұлыбритания және Батыс елдерінде орналасқан әртүрлі таяушығыстық ұйымдардың филиалдары арқылы жүзеге асырылады. Ресурстарды аудару үшін, әдеттегі банктік операциялардан бөлек «исламдық банкинг» (хауала) кең қолданылып келеді, ол әдеттегі банктік мониторинг құралдарын өкінішке орай қадағалай алмайды.

Қазіргі уақытта, таяушығыстық демеушілер өздерінің фирмалары арқылы арнайы жобаларды жүзеге асыру үшін ірі көлемдегі тауарлардың топтамасын ұсынатын тәжірибелері кең таралуда. Ресми тұрғыдан қарағанда, бұл әдеттегі сыртқы сауда келісімі түрінде көзге көрінеді, алайда түскен пайда мен кірістер тікелей діни-экстремистік инфрақұрылымдарды дамыту мен халықты радикалдандыру қажеттігіне бағытталады.

Сыртқы сауда байланыстар Орталық Азия елдерінде исламдық экстремистік кәсіпкерлік қызметтің маңызды сегменті болу үдерісі жалғасуда, көшбасшылары шетелге жасайтын сапарлары барысында өздерінің «бизнестегі әріптестерімен» бейресми байланыстарын сақтауға ерекше көңіл бөлуде.

Сонымен қатар, Орталық Азияда көптеген террористік ұйымдардың қызметі халықаралық есірткі саудасымен, соның ішінде ауған апиын саудасымен тығыз байланысты, мысалы «солтүстік бағытта»: Ауғаныстан-Орталық Азия (Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан) — Ресей — Еуропа.

Орталық Азияның бірқатар елдерінде экстремистік топтарды қаржыландыру үдерісі елдегі бәселекелес кландар арасындағы күрестің аясында да жүзеге асырылады.

Осындай күдікті әңгімелер Өзбекстан мен Қырғызстанға қатысты айтылды (болжам бойынша, Ферғана қаласындағы кландардың экстремистік топтармен байланысы) және Қырғызстанда (2010 ж. Қырғызстан Президенті Қ.Бәкиевтің қол астындағы адамдардың Ош қаласындағы есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық-экстремистік топтармен қатынасы), сондай-ақ (Қырғызстандағы бірқатар Парламенттегі партия өкілдерінің жергілікті жердегі қылмыстық-экстремистік топтармен сыбайластығы) атап өтуге болады.

Осыған орай, экстремистік-қылмыстық топтардың әлеуетін мемлекеттегі саяси транзит жағдайында бәсекелес кландық топтармен саналы түрде пайдалану қауіптілігі туындауда.

Себебі, мемлекеттегі саяси транзит жағдайында кез-келген елдің  жоғары лауазымды шенеуніктері тарапынан халықты радикалдандыру өте тиімді әдіс-тәсіл ретінде қолданылады.

Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінде жергілікті террористік құрылымдарды қаржыландыру заңды бизнес өкілдері тарапынан да жүзеге асырылады деген болжамдар жиі-жиі кездесуде. Уақыт өткен сайын осындай жағдайлардың нашарлай беретіндігіне ерекше назар аудару қажет.

Мысалы ретінде, Тәжікстанда (Тәжікстанның исламды жандандыру партиясының көшбасшы) Мухиддин Кабиридің ресми жеке меншік иелігіндегі өнеркәсіп орындары, құрылыс фирмалары, сауда орталықтары және т.б. мүліктер исламистердің жан-жақты қызметін қаржыландыру үшін белсенді пайдаланылған.

Бұдан бөлек, Орталық Азияның барлық елдерінде исламдық топтар базарларға ішінара бақылау жүргізуде және сатушылар мен саудагерлердің заңды қызметтерінен, соның ішінде «күзету» қызметтерін көрсетуден арнайы мөлшерде пайыздық үлесін алуда. Бұл үрдістер исламистердің дәстүрлі қылмыстарды ығыстыруының есебімен соңғы жылдары Қырғызстанда қатты даму алуда.

Қазақстанның батыс өңірлерінде мұнай компаниясының қызметкерлерімен өзара әрекеттесу барысында мұнайды тонау тетігі арқылы экстремистерді қаржыландыру фактілері тіркелген болатын.

Бүгінгі күні Орталық Азия елдерінде дәстүрлі қылмыс террористік және экстремистік қылмыстық іс-әрекеттермен толық бәсекеге қабілетті емес екендігін көріп отырмыз. Тиісінше, террористік және экстремистік қылмыстың әлеуеті мен күш-жігері едәуір артқан.

Сауд Арабиясы Корольдігі мен Қатар мемлекеті Орталық Азияда исламды жандандыруды мәдени көмектің тетігі арқылы ашық қаржыландыруды жүзеге асыруға тырысып бағуда. Бұл экономикалық қиындықтармен тап болатын елдердің үкіметтерінің рұқсатымен іске асуда, мысалы Тәжікстан мен Қырғызстан Республикасы.

Ақша ресми түрде мешіттің құрылыстары мен діни-ағартушылық қызметке жұмсалады. Ал, нәтижесінде Тәжікстан және Қырғызстан елдерінде ресми мұсылмандар діни басқармасын (мүфтиятты) радикалдандыру «салафиландыру», әсіресе исламың ішінде оларды радикалдық ұйымдармен және экстремистік топтармен жақындастыру үдерісі жүруде (мысалы, қырғыз мүфтиятының Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстанда, Ресей және Қытайда  қызметіне тыйым салынған ұйым «Таблиғи Жамағатпен» өзара әрекеттестігі, ресми тәжік мұсылмандары басшылығы тарапынан шииттер мен ирандықтарға  қарсы белсенді насихаты және т.б.).

Қырғызстан парламентіндегі депуттар экстремизм мен терроризм мәселелері бойынша бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Алайда, «Таблиғи Жамағат» ұйымына тыйым салу туралы мәселені осы күнге дейін шеше алмауда.

Таяу Шығыс елдерінен Орталық Азия мемлекеттеріндегі мешіт құылыстары белсенді қаржыландырылды. Тек қана Қырғызстанның өзінде 1990-жж. басында 2300-ден астам мешіт салынды. Сарапшылардың есебі бойынша, осы мешіттердің 90%-дан астамы                242 шетелдік елдердің қаржылай қолдауымен салынған, бұл шамамен              500 млн. $ құрайды. Тәжікстанда «өңірдегі ең үлкен мешіт салынды». Мешіт құрылысының 70%-ын Катар қаржыландырды.

Сауд Арабиясы Корольдігінің көмегімен Өзбекстанның Ферғана облысында заңсыз жеке діни мектептердің саны көбейген болатын. 1989 жылы елдегі мешіттердің саны 300 болса, ал 1993 жылы 6000-ға дейін күрт өскен.

Жалпы, Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі соңғы 20 жылда әлем елдерінде мешіт пен медресе, діни мектептердің құрылыстарына, сондай-ақ діни бағытта сабақ беретін оқытушылардың қызметіне 100 млрд. доллар бөлген.

Мешіт пен медреселерде оқытылатын бағдарламалары тікелей уахаббизмді (салафизм идеологиясын) насихаттауға бағытталған. Олар уахаббизм/салафизм ағымының радикалды реформашыларының қаржылай демеушілері болып табылады.

Бүгінгі күні Қырғызстанда исламдық университеттер, медреселер, 3 мыңнан аса діни білім беру мекемелері бар. Қырғызстан мен Тәжікстан діни қақтығыстардың алаңына айналуы мүмкін деген нақты болжамдар айтылуда.

Себебі, Қырғызстан мен Тәжікстанға мешіт пен медресе құрылыстарына,   сондай-ақ діни ағартушылық қызметке Таяу Шығыс елдерінен қайырымдылық көмек ретінде беріліп жатқан қаражаттың ағыны анағұрлым жоғары.

Қорытындылайтын болсақ, экстремистік және террористік қызметті қаржыландырумен күресу – халықаралық қауымдастықтың басты перспективалық бағыттарының бірі. Бұл кең халықаралық өзара әрекеттестікті орнатуды және терроризммен күресу саласын бұдан әрі күшейтуді талап етеді.

Автор: Мырзабек Шымыр

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Рекомендуем прочитать

МҰХТАР КӘРІБАЙ: ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН НӘУБЕТІ (Дипломат, Желтоқсаншы Ырысқали Дәуренбектің әңгімесі желісімен)

Жақында ғана біздің әріптесіміз, тәжірибелі дипломат, ұлтжанды, елжанды азамат Ырысқали Рақымұлы қолына «Ақталған адамның куәлігі» тигендігі туралы жаңалығымен бөлісті. Расын айтсақ, бұл хабарға не қуанарымызды, не...

«Мухаммед был…» Дитрих Александер (Die Welt)

Писатель и публицист Хамед Абдель-Самад рассказывает о том, к каким роковым последствиям до сих пор приводит почитание Пророка, считающегося святым и неприкосновенным. И фанатики, и умеренные имеют возможность на...

Научно-практический семинар в Институте стран СНГ «Россия и Турция: восприятие друг друга и пути преодоления стереотипов»

11 сентября в Институте стран СНГ прошел очередной научно-практический семинар, проводимый в рамках подготовки исследования по теме «Социально-культурные и религиозные факторы расширения международного...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока