KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

ҚАУІПТІ САУД-ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ

ҚАУІПТІ САУД-ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ

21.11.2022

Таяу Шығыста жаңа шиеленіс ошағы пайда болуы мүмкін. Халықаралық қауымдастық Сауд Арабиясы мен Иран арасында әскери қақтығыс бұрқ ету қалуы ықтимал деп алаңдаулы. Рияд Тегеран өзіне қарсы шабуыл жасауы мүмкін екендігін растайтын барлау ақпаратын американдықтарға бергені.

Дереккөздер шабуыл «жақын арада» болады деп атап көрсетті. Бір атап өтерлігі, американдықтар бұл ақпаратты алғанымен  АҚШ-тың бірде-бір елшілігі немесе консулдығы Сауд Арабиясында немесе Таяу Шығыстың басқа елдерінде американдықтарға бұған байланысты ескертулер мен нұсқаулар берген жоқ.

Дегенмен, Вашингтон Иранның Сауд Арабиясына ықтимал қауіп-қатеріне алаңдайтындығын және қажет болған жағдайда жауап беруден тартынбайтындығын Ақ үй мәлімдеді. АҚШ Мемлекеттік департаменттің атынан сөйлейтін Нед Прайс АҚШ-тың әскери, дипломатиялық және барлау арналары арқылы саудиялықтармен үнемі байланыста болатынын мәлімдеді.

Ислам революциясының сақшылары корпусының қолбасшысы Хосейн Салами Сауд Арабиясының басшылығын Израильге сенбеуге үндеген.

Бұған дейін Сауд Арабиясы Иранғды 2019 жылы мұнай зауыттарына зымыран мен дронды соққылар жасады деп айыптаған, бірақ Тегеран бұл шабуылдар үшін жауапкершілігін жоққа шығарады. Сауд Арабиясы мен Иран Ислам Республикасы ондаған жылдар бойы бір-бірімен бәсекелесіп, Таяу Шығыста пекеуінің арасында  аймақтық одақтастарының қолдауымен ақпараттық соғыс жүріп жатқандығы ешкімге құпия емес.

Рияд 2016 жылы ирандық наразылық білдірушілер Сауд Арабиясының Тегерандағы елшілігіне өз елінде шиит дінбасыларының өлім жазасына кесілуіне жауап ретінде шабуыл жасағаннан кейін Тегеранмен ресми дипломатиялық қатынастарды үзді. Иранның қолдауына ие болған йемендік хусит көтерілісшілері соңғы жылдары Сауд Арабиясы мен БАӘ-дегі мұнай нысандарына бірқатар шабуылдар жасады.

Батыс БАҚ-тың хабарлауынша, Сауд Арабиясы мен Иран шенеуніктері соңғы айларда қауіпсіздік мәселелерін (соның ішінде хуситтер мен Сауд Арабиясы қолдайтын әскери коалиция арасындағы Йемендегі соғысты) талқылау үшін жасырын кездескен. Бірақ тараптар арасындағы келіссөздер бітімсіз аяқталған. Бұл Тегеран мен Рияд арасындағы шиеленістің жаңа қарқынмен өршуіне әкеліп соққан.

Иранның Сауд Арабиясына ықтимал шабуылы туралы алаңдаушылықтың артуы Байден әкімшілігі Тегеранды жаппай наразылықтарды күшпен басқаны үшін сынға алып, Иранды Украинадағы қақтығыста пайдалану үшін Ресейге дрондарын жіберді деп айыптады.

Жақында Иранда 22 жастағы қыз Махса Аминидің полиция ұстағаннан кейін қайтыс болуына байланысты туындаған үкіметке қарсы акциялар орын алды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, наразылық кезінде кем дегенде 288 адам қаза тауып, 14 мыңнан астам адам қамауға алынған. Иран басшылары АҚШ, Израиль мен Сауд Арабиясын наразылық ұйымдастырды деп айыптады. Иранның қарсыластарының террористік әрекеті — Шираз қаласындағы шиит мешітіне шабуыл жасалып, кем дегенде 15 адамды өлтірілді. Террористік акт бойынша жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы алды. Осыған байланысты шабуыл болған Шахчераг мешітінің күмбезінің үстінде қызыл жалауша көтерілді, бұл шабуыл жасағандардан кек алу талабын білдіреді.

Вашингтон мен Рияд арасындағы қарым-қатынас ОПЕК+ альянсы (онда саудиялықтар басты рөлдердің бірін ойнайды) жақында мұнай өндіруді қысқартуға шешім қабылдады, бұл АҚШ-тағы бензин бағасының өсуіне алаңдаушылық туғызды. Сонымен қатар, американдық саясаткерлер картельдің қараша айынан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 2 миллион баррельге қысқартуы Украиндағы соғыс жағдайында Ресей бюджетін толықтыруға көмектеседі деп мәлімдеді.

Сарапшылар бұл қақтығысқа объективті негіз жоқ деп түсіндіреді, бірақ белгілі бір күштердің жаңа әскери дағдарыс ошағын жасауға деген ұмтылысының көрінісі деп санайды.

Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы ықтимал әскери қақтығыс қызу пікірталас тудырып отыр. Сарапшылар қауымдастығында пікір екіге бөлінді. Олар ықтимал әскери қақтығыстың болу-болмауы бойынша полярлық көзқарастар ұстануда. Өткен көктемде Венада иран-сауд байланыстарына қосымша «ядролық келісімді» жандандыру туралы келіссөздер басталды. Бұл Вашингтон мен Тегеранды 2015 жылы Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесімен және Германиямен қол қойған бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын орындауға қайтаруға тырысу болып табылады. Бұл құжаттың мақсаты санкцияларды алып тастаудың орнына Иранның ядролық бағдарламасын шектеу еді. 2018 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамп Вашингтонды келіссөздерден біржақты шығарып, Иранға қарсы санкцияларды қайта бастады. Бұған жауап ретінде Тегеран АӨСШК шеңберіндегі міндеттемелерінің бір бөлігінен бас тартты. Джо Байден әкімшілігі Иранға қысым көрсету саясаты жұмыс істемейді деп санап, «ядролық келісімге» оралуға шешім қабылдады. Алайда, одан ештеңе шықпады, тараптар ешқандай нәтижеге келе алмады. АҚШ пен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Иранмен келіссөздер процесін жалғастыруға ұмтылып отыр. Осы факторлар жақын болашақта Сауд Арабиясы мен Иранның арасындағы қатынастарға тікелей әсер ететін болады.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

В отношении транзитного потенциала ЦАР

Складывающаяся геополитическая ситуация продолжает оказывать позитивное влияние на транзитный потенциал Центрально-азиатского региона (ЦАР). Постоянные нападения на торговое судоходство в Красном море со стороны...

Атақты арабист Асқар Мусиновтің асуларын білесіз бе? Шығыстанушы-арабист Асқар Мусинов туралы не білеміз?

Ұзақ жылғы үзеңгілес әріптесіміз, ағалы-інілі бауыр, отандық дипломатия саласының көрнекті өкілдерінің бірі, шығыстанушы-арабист Асқар Ахметұлы Мусиновтың кенеттен келген қазасы баршамыздың қабырғамызға батты....

Российско-Западная энергетическая война. Часть II.

Конфликт России и Запада продолжается, в том числе и в энергетической сфере.  В прошлом году я дал развернутый анализ стадии энергетической «войны» на том этапе: Российско-Западная энергетическая война...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока