KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

«Ұмытылған қақтығыс» БҰҰ израильдіктер мен палестиналықтар арасындағы бейбітшілікке сенгісі келеді

«Ұмытылған қақтығыс» БҰҰ израильдіктер мен палестиналықтар арасындағы бейбітшілікке сенгісі келеді

13.01.2023

Палестина-Израиль қақтығысы құрбандарының саны күн сайын артып келеді. Соңғы аптада Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің қауіпсіздік күштерімен қақтығыстарда қаза тапқан үш жас тұрғын туралы хабарлады. Өз кезегінде, Израильде тағы бір автомобиль шабуылының салдарынан 20 жастағы қыз ауыр жарақат алған. Сарапшылар Палестина мен Израиль қоғамындағы көңіл-күйді радикалданып бара жатқандығы туралы айтады. БҰҰ халықаралық қауымдастық мойындаған «екі халық үшін екі мемлекет» формуласын жүзеге асыруға деген үміт көз алдымызда жоқ болып бара жатыр деп дабыл қағуда. Қазір әлем назары Украинадағы соғысқа ауған, сондықтан Таяу Шығыс бейбіт реттеу мәселесі «ұмытылған қақтығысқа»  айналып барады.

Соңғы күндердің бірінде, таңертең 20 жастағы израильдік әскери қызметкерді Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Кохав-Яак елді мекенінің қиылысында көлік қағып кетті. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Мұндай жағдайлар Израильде автомобиль шабуылдары деп аталады. Шабуылдаушыны полиция қызметкерлері атып өлтірді. Ол Израильде жұмыс істеуге рұқсаты бар бес баланың әкесі 45 жастағы палестиналық болып шықты.

Палестина-Израиль қақтығысының күшеюі Израильдегі бірқатар шабуылдардан кейін болды. Содан бері Израильдің қауіпсіздік күштері терроризмге күдіктілерді ұстау үшін палестиналық елді мекендеріне кіріп, бұл жаңа қақтығыстар мен жаңа шабуылдарға айналады. Осы операция барысында 3 мыңға жуық палестиналықтар қамауға алынды. Сонымен бірге, армия 2000-шы жылдардың басында екінші интифада деп аталатын уақытта Палестина қалаларында жасаған ауқымды тазартуға әзірше бармай отыр.

Палестина Премьер-министрі Мұхаммед Штайе халықаралық қауымдастықты «Израильдің кісі өлтіру машинасын тоқтату және тежеу, сондай-ақ кінәлілерді жауапқа тарту» үшін шұғыл араласуға шақырды. Бұл сөздер Палестинаның БҰҰ Бас Ассамблеясының Гаагадағы БҰҰ Халықаралық сотының «Израильдің 1967 жылдан бері Палестина территориясын басып алуы, қоныстануы және аннексиялауының» құқықтық мәртебесін қарауы туралы дауыс беруге шығару жоспарының аясында айтылды. Бұдан бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясының Төртінші комитеті (арнайы саяси және отарсыздандыру мәселелері бойынша) мұндай қадамды мақұлдады, бірақ бұл мәселе жалпыға бірдей дауыс беру арқылы бекітіледі.

Егер қарар мақұлданса, халықаралық сот Израиль оккупациясының құқықтық салдары қандай болатындығы туралы шешім шығара алады. Яғни, болашақта Израильге қатысты санкциялар туралы айтуға болады.

Осыған байланысты Израиль премьер-министрі Яир Лапид 50-ден астам мемлекет басшыларына Бас Ассамблеяда дауыс берудің алдын алу үшін Палестина әкімшілігіне өз ықпалын пайдалануды сұрап хат жолдады. Ол сондай-ақ, егер бұл әрекет сәтсіз болса, «Израильдің достары еврей мемлекетін қолдайды және бұл шешімге қарсы дауыс береді» деген үмітін білдірді. Лапид мырза даулы аумақтардың мәртебесі сот емес, Израиль мен палестиналықтар арасындағы келіссөздер барысында шешілуі керек екенін атап өтті.

Алайда, израильдіктер мен палестиналықтар арасындағы келіссөздер процесі 2014 жылдан бері тоқтап қалды және оны қайта бастауға мүмкіндік жоқ. Оған әсіресе, Израильдегі билікке соңғы жылдарда ең оңшыл үкіметтердің бірінің келуі себеп болып отыр. Осыған байланысты палестиналықтар жақын арада Израиль басып алынған аумақтарда белсенді құрылысты жалғастыра отырып, өзінің қоныстану саясатын күшейтеді деп қорқады. Израиль қоғамындағы радикалдану да атап өтіледі, оның жарқын мысалы 19 қарашада еврей қоныстанушылары Хеброндағы палестина кварталында ұйымдастырған оқиғалары болды. Алайда, радикалдану процесі Палестинада бұрыннан бар екендігі аян.

Соңғы уақытта Израильде радикалды оңшыл партиялар сайлаушылардың дауыстарын көбірек жинады. Радикалды бағытты ұстану Кнессет ішіндегі саяси пікірталастарда, сондай-ақ Израильдегі еврейлер мен арабтардың қарым-қатынасында және Палестина аумақтарындағы жағдайларда көрініп отыр.

Сонымен қатар, сарапшылар президент Махмуд Аббас бастаған Палестинадағы әлсіреген әкімшіліктің аясында екі тенденцияның күшеюі анық байқалатынын атап өтуде. Біріншісі — «Хамас» радикалды қозғалысының Иордан өзенінің батыс жағалауына әсерінің өсуі. Екіншісі — Палестина жастарының палестина-израильдік реттеудің «екі халық үшін екі мемлекет» дәстүрлі формуласына сенімінің азаюы.

Палестинаның саяси зерттеулер орталығы (PSR) жазда жүргізген сауалнамаға сәйкес, Батыс жағалаудағы және Газа секторындағы палестиналықтардың шамамен 33 пайызы еврейлер мен арабтардың біртұтас мемлекеті идеясын қолдаған. Рас, бұл ұстаным осы мемлекеттің қандай болуы мүмкін екендігі туралы идеалистік идеяға негізделген деген пікір бар. Алайда, Израиль қоғамында «екі халық үшін екі мемлекет» формуласына сенетіндер аз.

Израиль Демократия институтының қыркүйек айында жарияланған сауалнамасына сәйкес, израильдіктердің тек 32 пайызы «палестиналықтармен қақтығысты реттеу» құралы ретінде екі мемлекет құру туралы шешімді алға жылжытуды қолдайды. Израильдік саяси истеблишмент басып алынған жерлерден айырылғысы келмейді, сондықтан қалыптасқан статус-квоны сақтауға мүдделі.

«Екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде палестина-израильдық түйінді  қақтығысын шешуге сенім барынша кемігенін БҰҰ да түсінеді.

БҰҰ-ның Таяу Шығыс бейбітшілік процесі жөніндегі арнайы үйлестірушісі Тор Веннесланд: «Зорлық-зомбылық күшейген сайын Палестина мемлекетін дамыту үшін қажет экономикалық мүмкіндіктер шектеледі», — деп атап өтті. Ол сондай-ақ өсіп келе жатқан қауіптер туралы: «Бірнеше жылдан кейін Батыс жағалау мен Газа секторындағы халықтың өсуі экономикалық және саяси және қауіпсіздік жағдайларын басқаруды одан да қиын етеді», — деп ескертті. Веннесланд сонымен қатар «халықаралық басымдықтардың ауысқанынын», атап айтқанда, Украинадағы соғысқа байланысты, палестина-израиль проблемасына назар аударуды айтарлықтай азайған.

Оставьте свой комментарий к статье:

Рекомендуем прочитать

ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ШЫҒАНАҚ АРАБ ЕЛДЕРІ

Бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасы мен Парсы шығанағында орналасқан араб елдері арасындағы қарым-қатынастар өзара тиімді саудаға негізделген десе болады. Қытай мен аймақ елдері арасындағы сауда көрсеткіші...

Протесты в Иране: «женский фактор» и ставка на этнические меньшинства

Исламскую Республику пытаются запалить с разных сторон одновременно В опубликованном 28 октября совместном заявлении Министерства разведки Исламской Республики Иран и разведывательной организации Корпуса...

Сауд Арабиясының 5 аймақтық инвестициялық компаниясы

Сауд Арабиясының тақмұрагері Мұхаммед бен Салман осы елдің Мемлекеттік инвестициялық қоры Иордания Хашимит Корольдігіне, Бахрейн Корольдігіне, Судан Республикасына, Ирак Республикасына және Оман Сұлтандығына...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока