KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иерусалимге неге барды?

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иерусалимге неге барды?

02.02.2023

Террорлық шабуылдар мен рейдтер толқынынан кейін Израиль мен Палестина арасындағы шиеленіс 2021 жылдың мамырындағыдай ауқымды зымырандармен атқылауға айналуы мүмкін. Мұндай болжамдарды саясаткерлер мен сарапшылар беріп отыр. Олардың айтуынша, жағдай Израильдің Иерусалимдегі шабуылдарға жауап ретінде кек алу актілерін ұйымдастыра ма, жоқ па, соған байланысты болады.

Сонымен бірге аймақтағы шиеленістің жаңа кезеңі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Таяу Шығыс турнесіне сәйкес келді. Сарапшылардың пайымдауынша, Вашингтон қазіргі кезеңде бұл түйінді шеше алмайды. Бәрі тек Израильдің және Палестинаның басшылықтарына байланысты болады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Таяу Шығыс елдеріне сапары аясында 29 қаңтарда Мысырға, ал 30-31-де Иерусалим мен Рамаллаға барды. Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, Блинкен алдымен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен, содан кейін Палестина президенті Махмуд Аббаспен кездесті. Атап айтқанда, американдық саясаткер Израиль-Палестина қатынастарын, «екі мемлекет құру туралы» сұрақты талқылаған.

Жаңа шиеленіс 26 қаңтарда Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестинаның Дженин қаласында Израиль армиясының операциясының нәтижесінде Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша тоғыз адам қаза табуымен жалғасты. Бұл ретте Израиль әскери күштері террористік шабуылға жол бермедік деп мәлімдеді.

Бір күннен кейін, 27 қаңтарда, Холокост құрбандарын еске алу күні, Иерусалимнің шығысындағы Неве Яаков ауданындағы синагогада атыста жеті адам қаза тапты. Одан кейін тағы бір атыс болып, шабуыл нәтижесінде екі адам жарақат алды. Сонымен қатар,  Израильдің әуе қорғаныс жүйелері Газа секторынан ұшырылған зымырандарды атып түсірді. Бұл зымыран соққысына Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху «жылдам, күшті және дәл жауап» беруге уәде берді.

Сарапшылар жағдайдың осындай дамуы бұрыннан күтілді деп отыр. Себебі Израиль жауап беруі керек. Егер ол Дженинде немесе Газа секторында бұрын болғаннан гөрі ауқымды операция жасау туралы шешім қабылдаса, онда ХАМАС тарапынан зымырандарды қолдануды күтуге болады.  Палестиналықтар соңғы ауқымды шиеленістен кейін өз мүмкіндіктерін қалпына келтірді деп болжауға болады.

Израильдің «Хадаш»  парламенттік партиясының мүшесі Хатиб Самирдің пікірінше, жағдай 2022 жылдың тамызындағыдай және 2021 жылдың мамырындағыдай зымыран шабуылына ұласуы мүмкін. Оның айтуынша, қазіргі Израиль үкіметінің басшылығында оңшылдар тұр, ал қазіргі шиеленіс олардың сайлау ұрандарын тексеру болып табылады.

Израиль Палестина халқына қарсы репрессияны күшейтуге тырысады және Газаны бомбалай бастайды, бұл зымыран шабуылының өршуіне әкелуі мүмкін. Екінші жағынан, мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Егер қазіргі шиеленіс жалғаса берсе, соңғы операциялардан кейінгі кез келген жаңа арандатушылық аймақты оңай тұтандыруы мүмкін.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы: «Біз жанжалдың барлық тараптарын тыныштықты қалпына келтіру, деэскалация үшін шұғыл қадамдар жасауға шақырамыз. Біз израильдіктер де палестиналықтар да өздерін қауіпсіз сезінетін әрекеттер жасалып жатқанына көз жеткізгіміз келеді. Қазір бұл жетіспейді», — деп мәлімдеді.

Энтони Блинкен Израиль басшылығымен келіссөздерде  Иранның Ресейге дрондарды беруін «барған сайын жаһандық қауіпке» айналып бара жатыр деп бағалады.

29 қаңтарға қараған түні Иран әскери зауытында үлкен жарылыс болды, кейінірек дрондар шабуыл жасағаны анықталды. Бастапқыда ақпарат көздеріне сілтеме жасаған БАҚ бұл шабуылға Америка Құрама Штаттары мен «тағы бір ел»  қатысқанын хабарлады. Бірақ Вашингтон бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Осыдан кейін күдік Израильге түсті. The Wall Street Journal-да американдық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып жазғандай, бұл зауытқа израильдік тарап соққы берген. Өйткені ол АҚШ-пен бірге Иранның ядролық және әскери амбицияларын тежеуге тырысады.

Бұл жөнінде премьер-министр Беньямин Нетаньяху: «Біздің саясатымыз өзгеріссіз, менің кабинетім Тегеранның ядролық қаруды немесе оны жеткізу құралдарын алуына жол бермеу үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға ниетті. Біз бұл ортақ мақсатқа Америка Құрама Штаттарымен бірлесіп қол жеткізіп жатқанымызды атап өту маңызды», — деп көрсетті.

Иерусалим Энтони Блинкеннің Таяу Шығыс турнесінің екінші кезеңі болды. Ол бір күн бұрын Каирге тоқтаған еді. 31-де АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иордан өзенінің батыс жағалауына барып, Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездесті.

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

В отношении транзитного потенциала ЦАР

Складывающаяся геополитическая ситуация продолжает оказывать позитивное влияние на транзитный потенциал Центрально-азиатского региона (ЦАР). Постоянные нападения на торговое судоходство в Красном море со стороны...

Атақты арабист Асқар Мусиновтің асуларын білесіз бе? Шығыстанушы-арабист Асқар Мусинов туралы не білеміз?

Ұзақ жылғы үзеңгілес әріптесіміз, ағалы-інілі бауыр, отандық дипломатия саласының көрнекті өкілдерінің бірі, шығыстанушы-арабист Асқар Ахметұлы Мусиновтың кенеттен келген қазасы баршамыздың қабырғамызға батты....

Российско-Западная энергетическая война. Часть II.

Конфликт России и Запада продолжается, в том числе и в энергетической сфере.  В прошлом году я дал развернутый анализ стадии энергетической «войны» на том этапе: Российско-Западная энергетическая война...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока