KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Біріккен Араб Әмірліктерінің ұзақмерзімдік жоспарлары туралы

Біріккен Араб Әмірліктерінің  ұзақмерзімдік жоспарлары туралы

10.08.2022

Қазіргі кезеңде Біріккен Араб Әмірліктері қомақты қаржы-экономикалық ресурстарының арқасында Таяу Шығыстағы негізгі елдердің бірі болып табылады. Аймақтағы динамикалық өзгерістер, тұрақты аймақішілік бәсекелестік жағдайында бұл мемлекет барлық қол жетімді мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өзін аймақтағы басты күш орталығы ретінде көрсетуге тырысып отыр.

Шығанақ мемлекеттерінің қаржылық қуаты мұнай-газ шикізатын сатудан түсетін кірістен қалыптасады. Сонымен қатар, Әмірліктер осы ресурстар бойынша аймақтық көшбасшы — Сауд Арабиясы мен Катардан төмен. Осындай жағдайға қарамастан, Абу-Даби өзінің жетекші позициясын нығайту және басқа белсенді аймақтық ойыншылардан асып түсу жолдарын іздейді.

Осыған байланысты Әмірліктер басшылығының басты мақсаты елді — іскерлік белсенділіктің ірі әлемдік орталығына, жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктер саласындағы жаһандық көшбасшылардың біріне, Таяу Шығыстағы білім мен зияткерлік дамудың көшбасшысына айналдыру болып табылады. БАӘ өзінің көшбасшылық ұмтылысын елеулі экономикалық табыстарға, маңызды ғылыми нәтижелер мен жаңалықтарға, сондай-ақ әлеуметтік маңызды жетістіктерге қол жеткізу арқылы іске асыруға ниетті.

2010 жылы Әмірліктерді жан-жақты жаңғыртуға және әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіруге бағытталған «UAE Vision 2021»  ұзақмерзімді даму бағдарламасы қабылданды. Оны келесі алты ұлттық басымдық бойынша жүзеге асыру қарастырылып отыр:

  1. Әлемдік деңгейдегі денсаулық сақтау жүйесін құру (медициналық қызметтердің жоғары сапасын ұсыну);
  2. Білім берудің озық жүйесін құру (білім беру ұлттың дамуының негіз қалаушы элементі және азаматтардың жас буынын қалыптастыру процесіндегі ең үздік инвестиция ретінде қарастырылады);
  3. Бәсекеге қабілетті, ақылға қонымды экономика жүргізу. (ұлттық экономиканы жаһандық экономикалық қайта құру жағдайларында әртүрлі сценарийлерге бейімдеу, іскерлік ортаны жақсартуға және елдің шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін экономикалық, туристік және логистикалық хабтың рөлін атқару);
  4. Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту (елдегі қауіпсіздіктің барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу, төтенше жағдайларға дайындық, полиция қызметінің тиімділігі және жол қозғалысы қауіпсіздігі);
  5. Қоғамды топтастыру (жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғамның барлық жіктерін біріктіру);
  6. Тұрақты қоршаған орта және инфрақұрылым (экологиялық жүйені сақтай отырып, орнықты дамуды қамтамасыз ету).

Айта кету керек, «UAE Vision 2021» он жылдық бағдарламасы өз мақсаттарына жетті. БАӘ Денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дамып келеді және әлемдегі ең үздіктердің бірі ретінде танылды. Соңғы кезеңдегі статистикаға сәйкес, практиктердің саны екі есе, фармацевттердің саны төрт есе өсті. 100 мың тұрғынға 180-ге жуық дәрігерден келеді. Елде заманауи медициналық орталықтар пайдалануға берілуде. Шетелден жоғары білікті дәрігерлердің келуі байқалады. Медициналық көмектің жоғары деңгейі БАӘ-де медициналық туризмнің дамуына себеп болып табылады, бұл қосымша табыс көзі болып табылады.

БАӘ білім беру жүйесі әлемдік деңгейде заманауи және тиімді деп танылды. Сапалы білім беру мемлекеттік басым бағдарламалардың бірі болып табылады. Бұл оны әлемдік рейтингінде озық позицияларға жеткізді. Оқытудың жоғары деңгейі елде халықаралық деңгейдегі таңдаулы жоғары оқу орындары мен ғылыми-оқу орталықтардың филиалдарының ашылуына ықпал етті. Дубай академиялық қалашығының қызметі назар аударуға тұрарлық. Ол білім беруден басқа, тиімді бизнес шешімдерді қабылдаудың базалық алаңына айналған.

БАӘ-нің билеуші топтары табиғи ресурстардың сарқылу перспективаларын ескере отырып, келесі онжылдықтарда пайда әкелетін жаңа қызмет салаларын дамытуға тырысуда. Бұл жерде ғылыми-техникалық даму, инновациялар және ғылыми-зерттеу қызметі болашақта елге өркендеу мен қауіпсіздік жағдайында өмір сүруге мүмкіндік беретін білім экономикасын құрудың негізі болып табылады деп саналады. Осыған байланысты, ұзақмерзімді перспективада елдің халықаралық аренадағы позициясын нығайта алатын және әлі де негізінен көмірсутек шикізатын өндіруге сүйенетін экономикасын әртараптандыратын ғылымның жаңа салаларына қызығушылық байқалады.

Осылайша, ғарыш саласында БАӘ-нің ғарыш технологияларын дамытуға жұмсаған инвестициялары соңғы жылдары 5 млрд. АҚШ долларын құрады. 2014 жылы Ұлттық ғарыш агенттігі құрылды. Қазіргі уақытта «Emirates Mars» бағдарламасы бойынша Марсқа ғарыш экспедициясын дайындау жүргізілуде. Оның кезеңдерінің бірі — 2021 жылғы ақпанда «әл-Амаль» жерсерігінің осы ғаламшар орбитасына шығуы болып табылады. Болашақта БАӘ халықаралық ғарыштық туризм орталығына айналады деген үміттері бар.

2017 жылдан бастап БАӘ-де араб әлемінің цифрландыру дәуіріне көшуін табысты жүзеге асыруға қабілетті кодтаушы-программистердің «One Million Arab Coders»  кадрлық резервін құру бойынша бастамасы кезең-кезеңімен іске асырылуда. Ол шыққан еліне қарамастан, көптеген таңдалған араб студенттеріне компьютерлік бағдарламалауды тегін оқытуды ұсынады. Әмірліктер билігі осындай қадаммен өзге араб елдерінің ең қабілетті жастарын өз мүддесіне пайдалануға және Таяу Шығыстағы IT-технологиялар саласындағы өзінің көшбасшылығының негіздерін қалауға ниеттеніп отыр.

Тиімді капитал салу тұрғысынан БАӘ қару-жарақ, сондай-ақ әскери техника өндірісі мен саудасы саласына қызығушылық танытып отыр. Осы мақсатта Әмірліктер аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарының демонстрациялық алаңы болып табылатын IDEX (International Defence Exhibition), Dubai Airshow, UMEX (Unmanned Systems Exhibition) сияқты қорғаныс өнеркәсібінің ірі көрмелері үнемі өткізіліп тұрады. Олар беделді халықаралық іс-шаралар болып табылады және шетелдік өндірушілерге өз өнімдерін Таяу Шығыстың қару-жарақ нарықтарында сатуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, БАӘ Таяу Шығыста өзінің ккөшбасшылығына қол жеткізудің маңызды элементтерінің бірі аймақтағы жетекші ұлттық әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту деп санайды. Қазіргі уақытта бұл сала қарқынды дамып келеді және авиациялық, кеме жасау және бронды кәсіпорындар жұмыс істеуде. Өзін-өзі қамтамасыз ету және экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыру мақсатында шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтуге көңіл бөлінеді. Оның қолайлы құны мен шөлді ландшафтқа бейімделуіне байланысты БАӘ-нің тұрақты клиенттері Парсы шығанағы, Иордания, Египет және бірқатар Африка мемлекеттері болып табылады.

БАӘ Таяу Шығыстағы авиатасымалдау саласындағы өзінің біріншілігін алдағы уақытта да сақтап қалуға ниетті. Ұзақ уақыт бойы Emirates Airline және Etihad Airways әлемдегі ең жақсы 10 авиакомпанияның рейтингінде көш бастап келеді. Бұл БАӘ-ге планетаның барлық континенттеріне тұрақты рейстер жасайтын жаһандық тасымалдаушы ретінде көрінуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта FlyDubai үшінші эмираттық әуе тасымалдаушысы айтарлықтай қарқынды дамуда, ол қысқа мерзімде өзінің ұшу географиясын едәуір кеңейтті.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, БАӘ қол жеткен жетістіктердің арқасында әлеуметтік прогресс пен модернизацияға бағытталған ағартушы монархия имиджін одан әрі ілгерілетуге ниетті. Бұл іс-шаралар БАӘ-нің Таяу Шығыстағы әлемнің жетекші елдері үшін сенімді серіктес ретінде беделін арттыруға арналған.

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

В отношении транзитного потенциала ЦАР

Складывающаяся геополитическая ситуация продолжает оказывать позитивное влияние на транзитный потенциал Центрально-азиатского региона (ЦАР). Постоянные нападения на торговое судоходство в Красном море со стороны...

Атақты арабист Асқар Мусиновтің асуларын білесіз бе? Шығыстанушы-арабист Асқар Мусинов туралы не білеміз?

Ұзақ жылғы үзеңгілес әріптесіміз, ағалы-інілі бауыр, отандық дипломатия саласының көрнекті өкілдерінің бірі, шығыстанушы-арабист Асқар Ахметұлы Мусиновтың кенеттен келген қазасы баршамыздың қабырғамызға батты....

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока