KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Диегодан Марадонаға дейін

Диегодан Марадонаға дейін

08.12.2020

Бес күндік жалғаннан Марадона да өтті. Оның қазасы әлемдік ауқымдағы қайғылы оқиғаға ұласып, тіпті, мына бір жаһандық індеттің жайтын да ұмыттырып жібергендей.

Бұрындары дүние жұртшылығының әңгімесіне тұздық болып жүрген Америкалық президент сайлауы да әдірам қалды. Осылайша, адамзат баласының басым бөлігін бәтуасыз саясат, тіршіліктің таусылмас мехнаттары емес, ең алдымен адамның өзі, оның дүниедегі орны, ғұмырының мәні алаңдататыны тағы бір аңғарылды. Бұл жолы осынау өткір ақиқат Марадонаның қазасы тұсында ашылуы сырт қарағанда байқалмағандай көрінгенімен, әркімнің ішкі түйсігі мен жан дүниесін қайталай соғып, сілкіп өткені анық. Неге Марадона? Өйткені ол тарихты жасаушы жан ретінде өзімен бірге бүтіндей бір дәуірді ала кетті.

Жер шарының қай түкпірінде болмасын кез-келген бала, соның ішінде ең артта қалған дейтін елдердің, жалаң аяқ, жалаңтөс кедей балаларының ойнауына, тіпті кәсіби айналысуына мүмкіндік беретін спорттың жалғыз түрі, жаппай танылған түрі – футболдың патшасы, әрі тұтас құбылыс болғандықтан да, Марадона күллі адамзат үшін өз жақынындай болып кеткен жан. Сондықтан оның футболдан сырттағы бейнесі, ет пен сүйектен жаралған кәдімгі адам ретіндегі іс-әрекеттері, көпшілікке мәлім даулы, шулы жайттардың еске де алынбай, көлеңкеде қалуы да содан. Буэнос-Айростың шетіндегі жатақ деуге келетін жұпыны мекеннің түлегі, төрт қыздан кейін дүниеге келген сүйкімді ұл, өзіміздің кез-келген ауылдың қара домалағы секілді аңқау да алаңғасар, кәдімгі жүгірмек, бірақ та Тәңірінің айрықша ықыласымен бөлек жаратылған, дара туған бала Диегоның ұлы Марадонаға айналуының қалтарыстары қалың сапарнамасында, шынына келгенде, трагедиялы сипатында, миллиондаған фанаттарының, шынайы көңілден шыққанымен қаумалаған нөпірдің қысымы, ақырында ниеті қара топтардың  қолтаңбасы тұрғаны кейіннен барып жария болған. Сондықтан оның ең жақын адамдары марқұмның өмірі Диего мен Марадона арасындағы алапат арпалыспен өткенін көкіректері қарс айрыла әңгімелейді. Армандодай арда ұл, сүйкімді бауыр, сүйікті жар, жаны нәзік әке Диего бар да, жасыл алаң найзағайы, жанкүйерлерінің жан рахаты, аласұрған көңілінің мауқын басушы, ал команда қожайындарының қалтасын қампитушы ерен ойыншы Марадона бар.

Бекзаттан айрылғанда белгілі ақын әпкеміз өксіп тұрып айтқанындай, халықтың, қалың топтың құшағы қатты болатыны бағзыдан белгілі. Миллиондаған табынушылардың көзсіз құштарлығы, жанталасқан әркімнің Диегоның жейдесіне жармасып, ал тілші қауымының оның басқан қадамын қалт жібермей, бүкіл тыныс-тіршілігін камера қарауына алуы, әйел қауымының ыстық ықыласы – мұның баршасына мың жерден ерекше жаратылса да, тірі жанның төтеп беруі қиын, әлбетте.

Десе де, көзінің тірісінде-ақ өз елінің шын мәніндегі қастерлі рәмізіне айналған Марадонаның құпиясы оның туған Отанына шексіз беріліп, өз халқын жанынан артық жақсы көргенінде болса керек. Қарулы соғыста жеңілістен намысы тапталған халқының рухын асқақтатып, жасыл алаңда қарсыластарын тізе бүктірген жеке ерлігі, онымен шектелмей әлемді мойындатқан жанкештілігін аргентиналықтар мәңгілік ұмытпасы кәміл. Осылайша, футбол -ұлттық идея деңгейіне көтерілген мұндай бірегей елде Марадона – ол Аргентина, ал Аргентина – ол Марадона ұғымы жүректерде өшпестей жатталып қалған.

Патшалардың өзі дүниеден өткенде жасала бермейтін айрықша құрметтің, қазасына орай үш күндік аза тұту жариялануы, ол аз десеңіз бүкіл дүниежүзі бойынша футбол федерацияларының, анығы барша әлемнің аза тұтуы жасыл алаңдағы әрбір ойынын тартысты драмаға, кейбір сәттерінде тіпті поэзияға айналдыра білген Диего Марадонаның бір елдің ұланы ғана емес, барша адамзат баласына ортақ тұлға екендігін білдіргені, көз жасын көлдей қылған аргентиналықтардың мемлекет пен ұлт ретіндегі біртұтастығын паш еткені әлдебір терең ойларға жетелеп барып, табаның тиіп тұрған туған топырағыңа қайта ораласың, бабалар мирас еткен атамекеніңнің, қастерлі халқыңның келбеті мен келешегі сәт сайын санаңды сілки түспек!

Мұхтар Кәрібай,

Әлмұрат Тұрғанбеков

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

Мнение «Kazanalytics» об аналитической статье «Роль Афганистана в сценариях развития Центральной Азии. Почему для Казахстана важен прагматический подход к развитию отношений с этой страной?»

Экспертное сообщество казахстанского аналитический портала «Kazanalytics» обратили внимание на материал опубликованный «Центром анализа и прогнозирования Открытый мир» под заголовком «Роль Афганистана в сценариях...

О некоторых аспектах участия стран ЦАР в инициативе «Цифровой шелковый путь»

Инициатива «Один пояс, один путь» (ОПОП) – масштабная и амбициозная стратегия, предложенная Председателем КНР Си Цзиньпином в 2013 году. Эта инициатива направлена на укрепление экономической интеграции и...

Приоритет для Афганистана: безопасность, ликвидация голода или гендерная интеграция?

По мотивам доклада Специальной оценочной миссии ООН по Афганистану В последнее время в экспертной среде активно обсуждается доклад координатора Специальной оценочной миссии ООН по Афганистану Феридуна...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока