KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Мұсылман елдері Стокгольмде Құран кітабының өртелуін айыптады

Мұсылман елдері Стокгольмде Құран кітабының өртелуін айыптады

24.01.2023

Сенбі, 21 қаңтарда Швеция астанасы Стокгольмде саяси акция барысында демонстранттар мұсылмандар үшін қасиетті Құран кітабын өртеп жіберді. Бұл әрекет исламға қарсы ұйымдастырылған шара аясында орын алды.

Бірден бірнеше араб мемлекеті мен ұйымы – Араб мемлекеттерінің лигасы,  Ислам ынтымақтастығы ұйымы, сондай-ақ әлемдегі ең көне жоғарғы оқу орны «әл-Азхар» ислам университеті Стокгольмде экстремистер ұйымдастырған қасиетті Құранның көшірмесін көпшілік алдында өртеу фактісін қатаң айыптады.

«Араб мемлекеттерінің лигасының парламенті діни құндылықтарды қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін және мұсылмандарға басқа конфессиялардың өкілдерімен тең дәрежеде өздерінің діни рәсімдерін атқаруға қажетті қорғауды қамтамасыз ететін халықаралық заңнаманы қабылдауға шақырады», – делінген жалпыарабтық ұйымның мәлімдемесінде.

Өз кезегінде, Шығанақ араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Наиф әл-Хаджраф ұлтаралық алауыздықты қоздыратын арандатушылық әрекет мұсылман қауымдастығының құндылықтарын қорлайды, сонымен қатар исламофобия, жеккөрушілік, төзбеушілік және ксенофобияның жаңа дәлелі болып табылады деді. Бас хатшы Швеция басшылығын қылмыстық әрекеттерге қарсы мүмкіндігінше тезірек қажетті шараларды қабылдауға шақырады.

«Әл-Азхар», атап айтқанда, болған оқиға үшін жауапкершілікті Швеция билігіне жүктеді. «Әл-Азхар» қасиетті Құранның өртелуін қатты айыптайды. «Швеция билігінің исламды бірнеше рет және әдейі қорлап отырғандығы оның осы қылмыскерлермен ынтымақтастығын көрсетеді»,  – делінген діни университеттің мәлімдемесінде.

Швейция осыған байланысты Бахрейн, Египет, Ирак, БАӘ, Сауд Арабиясы және басқа да араб мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволары тарапынан қатаң сынға ұшырады.

Түркия Швеция билігінің әрекеттерін қатаң айыптап, екі ел арасындағы түйінді мәселелер шиеленісе түсті. Атап айтқанда, Швецияның НАТО-ға кіруге өтінішіне байланысты түріктер бұрын жоспарланған барлық кездесулерді тоқтатты.

Стамбулда Швецияға қарсы наразылық акциясы өтіп, 200-ге жуық наразылық білдірушілер тобы Құранның өртелуіне жауап ретінде Скандинавия корольдігі консулдығының алдында көк-сары швед туын өртеді.

Түркия Швеция елшісін Стокгольмде болып жатқан оқиғаларға наразылық білдіру үшін Сыртқы істер министрлігіне шақырды.

Қазіргі жағдай Швецияға Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіру үшін Анкараның қолдауы бұрынғыдан да қажет болған кезде екі елдің қарым-қатынасындағы шиеленісті одан сайын күшейтті.

«Біз қасиетті кітабымызға жасалған зұлым шабуылды батыл түрде айыптаймыз», – деп жазды түрік баспасөзі. Түрік сыртқы саясат басқармасы сонымен қатар Швецияны арандатушыларға қарсы қажетті шаралар қабылдауға және исламофобияға қарсы нақты қадамдар жасауға шақырды.

Швецияның Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстрем тағы да: «Швеция сөз бостандығына ие, бірақ бұл Швеция үкіметі немесе мен олардың пікірлерін қолдайды дегенді білдірмейді», – деп исламофобиялық арандатулар қорқынышты екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Анкара Швецияның Қорғаныс министрі Джонсонның сапарын кейінге қалдыру қаупі болды. Оның барысында Түркияның Швецияның НАТО-ға кіруіне жол ашатын уағдаластыққа қол жеткізу жоспарланған еді. Расында Джонсон жұма күні Рамштейндегі АҚШ әскери базасында түрік әріптесі Акармен келіссөздерден кейін кездесу кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Швецияның Қорғаныс министрі өзінің әлеуметтік желісінде: «Біздің Түркиямен қарым-қатынасымыз Швеция үшін өте маңызды және біз кейінірек жалпы қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері бойынша диалогты жалғастыруды асыға күтеміз», – деп жазды.

Бірнеше араб елдері, соның ішінде Сауд Арабиясы, Иордания, Марокко және Кувейт Құранның өртелуін айыптады. «Сауд Арабиясы диалог, төзімділік және бірге өмір сүру құндылықтарын көпшілікке таратуға шақырады және жеккөрушілік пен экстремизмді жоққа шығарады», – делінген Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Швецияның Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстрем бұл акция Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтінішін Түркияның ратификациялауын одан әрі кешіктіреді деп санайды.

Швеция мен Финляндия Ресей Украинаға қарсы соғыс ашқан соң НАТО-ға мүшелікке өтініш жасап, өздерінің ондаған жылдарға созылған бейтараптық статусын жойған болатын. Осы уақытқа дейін Швеция мен Финляндия Венгрия мен Түркияны қоспағанда, НАТО-ның 28 мүшесінің мақұлдауына ие болды. Ережеге сәйкес, одаққа кіретін барлық 30 ел жаңа одақтастарды қабылдауға келісуі керек.

Қараша айында Венгрия президенті Виктор Орбан ел парламенті 2023 жылдың басында Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігіне өз келісімін беретіндігін мәлімдеді. Алайда Түркия Күрдістанның жұмысшы партиясы (ПКК) және АҚШ-та тұратын дін қайраткері Фетхуллах Гүленмен байланысы бар адамдарды Швециядан экстрадициялауды талап етіп, әлі де өз келісімін бермей отыр. Құранды өртеу акциясы оны одан сайын шиеленістіре түсті.

Түркияның Швеция мен Финляндияның НАТО қатарына кіру мәселесінде ұстанымы принципті. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі түрік билігінің күрделі ішкі саяси жағдайдан шығу үшін әлемдік саяси аренадағы кейбір өзіне ұтымды тұстарды өз пайдасына қолдана отырып, алдағы сайлау жарысында жеңіске жету жоспары бар. Олар НАТО-ның Анкараның шешіміне толық тәуелділігін түсінеді.

 

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

В отношении транзитного потенциала ЦАР

Складывающаяся геополитическая ситуация продолжает оказывать позитивное влияние на транзитный потенциал Центрально-азиатского региона (ЦАР). Постоянные нападения на торговое судоходство в Красном море со стороны...

Атақты арабист Асқар Мусиновтің асуларын білесіз бе? Шығыстанушы-арабист Асқар Мусинов туралы не білеміз?

Ұзақ жылғы үзеңгілес әріптесіміз, ағалы-інілі бауыр, отандық дипломатия саласының көрнекті өкілдерінің бірі, шығыстанушы-арабист Асқар Ахметұлы Мусиновтың кенеттен келген қазасы баршамыздың қабырғамызға батты....

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока