KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Сауд Арабиясы қандай күштердің демеушісі?

Сауд Арабиясы қандай күштердің демеушісі?

27.01.2019

Бүгінгі күні Сауд Арабиясы Корольдігінің (САК) Үкіметі елдің қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделері Батыспен сындарлы қарым-қатынасты және жаһандық экономикаға белсенді қатысу керек деп есептейді. САК Батыс әлемінде АҚШ-тың толық құқықтық әріптесі болып табылады.

Дегенмен, САК діни-рухани тұрғыдан қазіргі заманғы үрдістерге мүлдем қайшы келетін және мұсылман емес әлеммен шиеленіс туғызатын исламды қолдайды.

Атап айтқанда, САК ислам және «қасиетті сақтаушының» отаны бола отырып, исламның ең фундаменталистік бағыты, оның ішінде салафизм және уаһаббизм идеологиясын ұстанады. Бұл идеология ресми мемлекетпен бекітілген, дін мемлекетті басқарады.

Осы идеологияға сүйене отырып, қазіргі заманғы мемлекеттік басқару жүйесіне берік емес қайта жанданған радикалды ислам универсализмін әлем елдеріне «сыйғызуға» үнемі талпыныс жасайды. Сондай-ақ, бүкіл жер шарындағы салафиттер мен уаһаббилерге қаржылай көмек көрсету процесін жалғастыруда.

Қазіргі уақытта, САК аскеттік салафизм және уаһаббизм ілімін беретін медреселерді (діни мектептер мен рухани білім беру орталықтары) қаржыландыра отырып, саудиялықтар өздерінің мұсылман міндеттерін орындап қана қоймай, сондай-ақ сақтық шараларында қолданады.

Жергілікті билік: «Уаһаббилер салафизмді САК-тің шекарасында емес, шетелде уағыздасын деген қатаң қағидатты» ұстанады. Осының салдарынан әлем елдеріндегі халықтың күні-түні мазасын ұшырып отырған «жиһад үшін соғыс» деген ұран пайда болған.

Жиһад үшін соғыс ұраны өткен ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Ауғанстанда сәтті өткенін мойындау керек. Кеңес Одағына (КСРО) қарсы жиһад соғысында саудиялық арнайы қызмет органдары, қорлар, Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), сондай-ақ бір ғана емес, мыңдаған кәсіпкерлер Ауғаныстанның моджахед жасақтарын қаржыландыруды жүзеге асырды.

Атап айтқанда, саудиялық ҮЕҰ Кеңес Одағына қарсы жиһад соғысында жараланған моджахедтарды емдеу және ауған босқындарына көмек көрсету мақсатында Ауғаныстандағы экстремизм мен терроризмді қаржыландырды. Сонымен қатар, Ауғанстан және Пәкістан аумағында жаңа мешіттер мен семинариялардың құрылыстарын қаржыландырған, сондай-ақ сунниттік өңірде шииттерге қарсы тұру мақсатында жеке «сенімді күш» Сипах-е-Сахаба Пәкістан, Лашкар-е-Джангви және бірқатар исламдық топтарды құрған. САК Ауғанстанда салафизм мен уаһһабшылдықты кеңінен насихаттаудың көшбасшысы, профессор Абдулу Расул Сайяфты қамқорлығына алған, осы күнге дейін оған қолдау көрсетіп жатқаны байқалады.

САК тарапынан Ауғаныстандағы экстремизм мен терроризмді қаржыландыру операциясы, әдеттегідей миссионерлік және қайырымдылық ретінде мешіт құрылыстарын жүргізу, діни рухани білім беру орталықтарын ашу арқылы жүргізілді.

Бүгінгі күні араб-мұсылман елдерінде жиһад соғысын жүргізіп жатқан экстремистік-террористік ұйымдарды құруда САК-тің үлкен рөл ойнайтындығы жиі-жиі айтылуда.

Атап айтқанда, САК-тің тікелей ықпалымен 1988 жылы Халықаралық лаңкестік ұйым «Аль-Каида», 1990 жылдан кейін «Талибан» козғалысы құрылған. Бүгінгі күні Ауғанстанға САК тарапынан қаражат ағыны негізінен «Аль-Каида» ұйымы мен «Талибан» қозғалысына тікелей жолданып жатқаны байқалады.

«Аль-Каида» ұйымның негізін қалаушы бұрынғы саудиялық миллиардер Усама бен Ладен Ауғанстанда Кеңес Одағына қарсы жиһад соғысын жүргізді. 1994 жылдан бастап, «Аль-Каида» ұйымының көсемі Усама бен Ладен АҚШ-қа қарсы жиһад соғысын бастаған.

2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Әлемдік сауда орталығының жарылысын «Аль-Каида» халықаралық лаңкестік ұйымы ұйымдастырды. Осы оқиғадан кейін, ХХІ ғасырдың ең бастапқы жылы «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС» дәуірімен басталғаны баршаға белгілі.

АҚШ-тың 43-ші президенті кіші Джордж Буш 2002 жылы БҰҰ-ның арнайы Қарарымен Халықаралық Терроризмге қарсы күресу мақсатында Ауғанстанда Аль-Каида, Талибан моджахеттарына қарсы күрес жүргізді. Осы мақсатта, 2003 жылы Иракка қарсы соғысты бастап, 40-жылдан аса елді басқарған Саддам Хусейннің өлімімен аяқталды.

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обаманың арнайы нұсқауымен Ауғанстан-Пәкістан территорясында Усама бен Ладен өлтірілді. Бүгінгі күні «Аль-Каида» ұйымын Айман аз-Завахири басқаруда. Осы ұйымның 30-дан аса әлем елдерінде ұяшықтары қызмет жасауда.

Қазіргі уақытта, «Аль-Каида» ұйымы «әлемдік жиһадтың» экстремистік идеологиясын белсенді таратуда, ұйымға жаңа лаңкестерді тартуда, қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдаланумен лаңкестік қызметтің оқыту әдістерін  табысты жүргізуде.

Сонымен қатар, САК Йемендегі салафиттік лаңкестерді қолдағаны және саудиялық арнайы қызметтің терактілерге тартылуы, сондай-ақ осы елдің территориясында салафиттердің әскери операциялары туралы деректер бар. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, САК бүгінгі күні Йемендегі жағдайды бейбіт жолмен тұрақтандыруға кедергі жасауда.

САК-тің қорлары мен ҮЕҰ, кәсіпкерлері АҚШ-тың мешіттерінде исламның салафиттік бағытын уағыздауды белсенді қаржыландырған.   АҚШ-тың «Freedom House» ұйымы американдық мешіттер мен діни-ағарту мекемелеріне мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында қолда қару-жарақпен жиһадты, сондай-ақ тікелей еврейлер мен христиандарды өлтіруге шақыруды насихаттайтын экстремистік материалдар мен брошюларды анықтаған. «Freedom House» құқық қорғаушыларының мәліметіне сәйкес салафизм мен уаһаббизмді насихаттауға және діни әдебиеттер мен брошюраларды басып шығаруға САК-тан тікелей қаражат бөлінген.

Ұлыбритания Корольдігіндегі «Генри Джексон Қоғамы» атты лондондық тәуелсіз зерттеулер орталығы САК-тің Ұлыбританияда радикалдық экстремистік ұйымдарды қаржыландырып жатқаны туралы баяндама жасаған. «Генри Джексон Қоғамы» зерттеулер орталығының мәліметіне сәйкес САК 1960 жылдан бастап, исламның уаһһабилік ағымын әлем елдерінде, оның ішінде мұсылман қауымы орналасқан Франция, Англия, Батыс Еуропа және АҚШ елдерінде қаржыландырып келген.

Сонымен қатар, Англиядағы Эдинбург, Бирмингем қалаларындағы мешіт және діни білім беретін мектептердің  құрылыстарына қайырымдылық ретінде қаражат бөліп, жасырын түрде жиһадқа шақыратын экстремистік идеологияны кеңінен насихаттаған.

Бұдан бөлек, САК-тің ықпалымен тікелей құрылған ҮЕҰ өз қызметінде Еуропа және Солтүстік Америкадағы жаңа буын жастарға халықаралық жиһадтың идеяларын сіңдіруге талпыныс жасаған. 1996 жылғы Француздық барлау қызметінің құжатында: осы ҮЕҰ – адамзатқа «гуманитарлық» көмек көрсете отырып, көптеген исламды дінін қабылдаған француз жастарын тартып, сондай-ақ олардың исламдық экстремистік ұйымдардың қатарынан табылғандығы туралы фактілер келтірілген.

Жыл сайын әлемдегі елдерден 3-4 млн.-ға жуық мұсылман қауымы САК-тағы қасиетті Мекке және Мәдина қалаларына үлкен және кіші қажылыққа келіп, мұсылманға бекітілген бес парыздың бірі – қажылығын орындап, елдеріне қайтады.

Осы қажылық кезінде САК-та дәстүрлі емес радикалды бағыттағы университеттерде білім алып жатқан студенттер, сондай-ақ САК-тың жергілікті тұрғындары, діни қызметкерлер келген қажыларға қонақ-үйлердің ішінде, дүкендерде барынша салафизм мен уаһһабшылдық идеологиясын кеңінен насихаттап, олардың бойына сіңдіруге талпыныс жасайды.

Осы ретте, кейбір қажылардың бір бөлігі салафизм мен уаһһабшылдық идеологиясын бойларына сіңіреді. Қажылар өз елдеріне барғаннан кейін, біздің жүріп жатқан исламдағы жолымыз мен бағытымыз дұрыс емес, шынайы бағыт салафизм мен уаһһабшылдықта екен деп жергілікті халықтың әбден миын ашытатын фактілер кездеседі.

Нәтижесінде, САК діни экстремизм мен терроризмді қаржыландырып қана қоймай, идеологиялық тұрғыдан салафизм мен уаһһабшылдықты әлем елдеріндегі мұсылмандарға да терең насихаттап жеткізуге тырысып бағуда.

Қорытындылай айтқанда, бүгінгі халықаралық экстремизм мен терроризмге қарсы күресті ешкім тоқтата алмауда. Әсіресе, терроризмге қаржы бөлу әлемдегі алпауыт елдердің өз мүдделері үшін адам ойына келмейтін іс-әрекеттерді жасап жатқанын көріп отырмыз.

САК-тың да экстремизм мен терроризмді қаржыландыруы араб-мұсылман елдері арасында өзінің үстемдігін, әсіресе араб-мұсылман өңіріндегі шииттерге қарсы өзінің басымдығын көрсеткісі келетін сияқты деп болжам жасауға болады.

Томирис
05.02.2019 в 12:03 - Ответить

«Осы ретте, кейбір қажылардың бір бөлігі салафизм мен уаһһабшылдық идеологиясын бойларына сіңіреді» — деген тұжырым көп сұрақтар туғызады. Тұжырымдаманың негіздемесі қандай? Өткізілген зерттеу бар ма. Осыдан басқа көптеген мағлұмат аналитикалық тұрғыдан емес берілгендей.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

«Роль Афганистана в сценариях развития Центральной Азии. Почему для Казахстана важен прагматический подход к развитию отношений с этой страной?»

Афганистан, переживший монархию, «демократические» модели и различные политические режимы, в современных реалиях находится во «временном люфте» – отрезке истории, который создал шанс для завершения исторической...

Мнение «Kazanalytics» об аналитической статье «Роль Афганистана в сценариях развития Центральной Азии. Почему для Казахстана важен прагматический подход к развитию отношений с этой страной?»

Экспертное сообщество казахстанского аналитический портала «Kazanalytics» обратили внимание на материал опубликованный «Центром анализа и прогнозирования Открытый мир» под заголовком «Роль Афганистана в сценариях...

О некоторых аспектах участия стран ЦАР в инициативе «Цифровой шелковый путь»

Инициатива «Один пояс, один путь» (ОПОП) – масштабная и амбициозная стратегия, предложенная Председателем КНР Си Цзиньпином в 2013 году. Эта инициатива направлена на укрепление экономической интеграции и...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока