KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Қазақстан мен Сирия арасындағы байланыстар жөнінде

09.02.2016

Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы (САР) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 26 наурызында орнатылған.

2007 жылдан Дамаск қаласында Қазақстанның Консулдық өкілі қызмет атқарып келді. 2012 жылдың қыркүйегінен бастап, Қазақстан Республикасының ресми Консулы тағайындалды.

2008 жылы ірі сириялық кәсіпкер және қоғамдық қайраткер Саеб Наххас Қазақстан Республикасының Сириядағы құрметті консулы болып тағайындалды. 2012 жылдан бастап, Сирияның Қазақстандағы құрметті консулы қызметін қазақстандық азаматтығы бар сириялық кәсіпкер, Самир Дерех ресми атқарып келеді.

Саяси саладағы қарым-қатынастар. 1992 жылы САР Сыртқы істер министрі Ф.Шараа алғашқылардың бірі болып, Қазақстанда болып қайтты. Сапар барысында оны ҚР Вице-Президенті Е.Асанбаев, ҚР Жоғары кеңесінің Төрағасы С.Әбділдин қабылдады. Сондай-ақ ол ҚР Сыртқы істер министрі Т.Сүлейменовпен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде дипломатиялық қатынастар орнату  және үкіметаралық сауда келісіміне қол қойылды.

Сирия Қазақстанның АӨСШК бастамасына қызығушылық танытты. Алайда, 1996 жылы форумға израильдің қатысуына байланысты Дамаск кеңестегі жұмысын тоқтатты.

2003 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М.Құл-Мұхаммед Сирияға жұмыс сапарын жасады. Сапар барысында ол сирия басшылығы мүшелерімен кездесулер өткізді. САР Мәдениет министрімен келіссөздер орын алды. Жүздесулерде қазақ-сирия саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастығын дамыту жолдары қарастырылды.

2004 жылдың 6-9 маусымында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының Сирияға сапары жүзеге асырылды. Оның шеңберінде Президент Б.Асадпен, Вице-Президент А.Хаддадпен, Парламент Төрағасы М. әл-Абрашпен және сирия парламентінің мүшелері Премьер-Министр Р.әл-Утримен, Сыртқы істер министрі Ф.Шараамен, Мәдениет министрі М.Сеидпен кездесулер өтті. Келіссөздерде тараптар әлемдегі және аймақтағы саяси ахуалға, екі жақты қатынастарға қатысты пікірлермен алмасты. ҚР Парламенті Мәжілісі мен САР Ұлттық Кеңесі арасында Парламентаралық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

2007 жылдың қыркүйегінде Астанаға САР Сыртқы істер министрі Уалид әл-Муаллим сапар жасады. Оны ҚР Президенті Н.Назарбаев, Премьер-Министр К.Масимов қабылдады. ҚР Сыртқы істер министрі М.Тажин сириялық әріптесімен келіссөздер өткізді. Сапар шеңберінде ҚР Сауда және индустрия министрі Ғ.Оразбақовпен, Мәдениет және сауда министрі Е.Ертісбаевпен, «Самұрық» холдингі атқарушылар Төрағасы Қ.Бозымбаевпен және «Қазына» тұрақты даму Қорының басшысы Қ.Келімбетовпен жүздесулер өтті. Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық аспектілері жөнінде және аймақтағы саяси ахуал төңірегінде өзара ой бөлісті.

2007 жылдың 5-7 қарашасында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Сирияға алғашқы мемлекеттік сапары жасалып, ол шара екі ел арасындағы саяси диалогты қалыптастыруға ерекше серпін беріп, экономика мен мәдениетте бағыт-бағдар болатын ортақ мүдделерді айқындап берді.

Сапар нәтижесі бойынша ҚР және САР сыртқы істер министрліктері арасында Саяси консультациялар жөнінде Декларацияға, ҚР Үкіметі мен САР Үкіметі арасында білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге, Ауыл шаруашылық министрліктері арасындағы өзара түсіністік, сондай-ақ Астана мен Дамаск арасында әріптестік қатынастарды орнату туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен бірге сапар шеңберінде Қазақстан — Сирия іскерлік кеңестің бірінші отырысы жұмыс атқарды.

2008 жылдың 8 қарашасында Дамаскіде Қазақстан — Сирия саяси консультацияларының бірінші раунды өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев бастап барды. Тараптар екі жақты байланыстар аспектілерінің кең ауқымын талқылап, оларды ынталандыру жолдарына қатысты пікірлерімен бөлісті.

2009 жылдың 23-25 мамырында Дамаскіде Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер министрлері Кеңесінің 36-шы сессиясы жұмысын жүргізді. Қазақстандық жақтан аталған жиын жұмысына сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев қатысты.

Сауда-экономикалық байланыстар. 2005 жылдың 23-26 тамызында Қазақстанға САР Экономика және сауда министрі А.Лютфи бастаған делегация сапармен келіп, екі елге тиімді болатын сауда-экономикалық байланыстарды дамыту алғышарттарын белгіледі. ҚР Сауда және индустрия министрі С.Мыңбаевпен кездесіп, тиісті хаттамаға қол қойылды. Делегация Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен, Сауда-өнеркәсіп палаталары Одағының, «Миттал стил Теміртау» АҚ, «Қазмұнайгаз» АҚ, «Казпродкорпорация» АҚ, «Казагромаркетинг» АҚ, «Мал өнімдері» АҚ басшылықтарымен тілдесті. «Целингидросельмаш» өндірістік кешенін тамашалап көрді.

2007 жылдың 14-16 шілдесінде ҚР Индустрия және сауда министрі Ғ.Оразбақов бастаған қазақстандық мемлекеттік органдары өкілдері мен кәсіпкерлерінен тұратын делегация Сирияда жұмыс жасады. Ғ.Оразбақовты САР Премьер-Министрі М.Утри, Сыртқы істер министрі У.әл-Муаллим, Өнеркәсіп министрі Ф.Джуни, ауыл шаруашылық министрі А.Сафар, Экономика және сауда министрі Х.Лютфи, содай-ақ Дамаск қаласының әкімі Б.ас-Сабан қабылдады. Келіссөздер нәтижесі бойынша ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен САР Өнеркәсіп министрлігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға, ҚР мен САР сауда-өнеркәсіп палаталары арасында Қазақстан-Сирия Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.

2008 жылдың 14-17 тамызында ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Е.Мамытбеков бастаған делегация Сирияға сапар жасап, 55-ші Дамаск халықаралық көрмесінің жұмысына қатысты.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Қазақстан мен Сирия арасындағы қатынастар көп ғасырлы, тереңнен бастау алатын дәстүрлі байланыстармен ерекшеленеді. Осылайша Дамаск қаласында қазақ жерінің данышпандары Әбу Насыр Әл-Фараби мен Сұлтан Аз-Заһир Бейбарс жерленген.

«Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2006 жылдың 4-10 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Т.Қожамқұловтың және ҚР Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы-бас муфтиі Әбсаттар Қажы Дербісәлидің САР-ға сапары жасалды. Зияраттың мақсаты – Дамаскіде Әл-Фараби мен Сұлтан Аз-Заһир Бейбарстың жерленген кесенелерін көру, тарихи ескерткіштерді қорғайтын жергілікті мекемелердің басшылығымен кездесу болды.

2006 жылдың 22-29 маусымында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаевтің жоғарыда айтылған кешендерді қалыпқа келтіру жұмыстарын жасау мүмкіндіктерін қарастыруды көздеген жұмыс сапары жүзеге асырылды.

2007 жылдың 21 қазанында ҚР Үкіметі мен САР Үкіметі арасында Дамаскыдағы Әл-Фараби кесенесі мен мәдени-тарихи орталығының құрылысында және Сұлтан Аз-Заһир Бейбарстың кесенесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуде ынтымақтастық орнату жөніндегі Келісімге қол қойылды.

2008 жылы ҚР Үкіметі республикалық бюджеттен Әл-Фараби кесенесі мен мәдени-тарихи орталығының құрылысына 29,6 млн. тенге, ал Сұлтан Аз-Заһир Бейбарстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 54,2 млн. теңге бөлді.

2005 жылы Сирияда 30 сериядан тұратын «Сұлтан Бейбарс» телесериалы түсірілді. 2007 жылы фильм қазақ тіліне аударылып «Хабар» телеарнасы арқылы көрсетілді.

2009 жылдың 28 сәуір – 1 мамыр аралықтарында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры Б.Әбдіраимов бастаған делегация қазақстандық оқу орнын презентациялау мақсатында Сирияға келді. Кездесулер қорытындысы бойынша Сирияның бірқатар оқу орындары Еуразиялық ұлттық университетімен іскерлік ынтымақтастық орнатуға дайындығын білдірді.

Қазақстан мен Сирия екі жақты қатынастары Сириядағы ішкі проблемалар даму тапқаннан бастап, толыққанды дамуын баяулатты. Барлық дерлік ынтымақтастық салалар уақытша кідіріс тапқанымен, белгілі себептерге байланысты Қазақстан мен Сирия арасындағы саяси байланыстар белсенділігі толық тоқтатылды деуге болмайды.

Астана сириядағы дағдарысты реттеуде белгілі септік тигізуге ниет білдіріп, қазақстандық алаңды келіссөздерге беруге дайын екендігін қуаттап келді. Осы негізде 2015 жылдың жаз маусымында Астанада сирия бейбіт оппозициясының келіссөздері өтті.

Айта кетерлік жайт, Сирия әрдайым халықаралық сахнада Қазақстанның бастамаларына қолдау білдіріп келуде. Атап айтқанда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылы болатын тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасына қолдау білдірді.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

В отношении транзитного потенциала ЦАР

Складывающаяся геополитическая ситуация продолжает оказывать позитивное влияние на транзитный потенциал Центрально-азиатского региона (ЦАР). Постоянные нападения на торговое судоходство в Красном море со стороны...

Атақты арабист Асқар Мусиновтің асуларын білесіз бе? Шығыстанушы-арабист Асқар Мусинов туралы не білеміз?

Ұзақ жылғы үзеңгілес әріптесіміз, ағалы-інілі бауыр, отандық дипломатия саласының көрнекті өкілдерінің бірі, шығыстанушы-арабист Асқар Ахметұлы Мусиновтың кенеттен келген қазасы баршамыздың қабырғамызға батты....

Российско-Западная энергетическая война. Часть II.

Конфликт России и Запада продолжается, в том числе и в энергетической сфере.  В прошлом году я дал развернутый анализ стадии энергетической «войны» на том этапе: Российско-Западная энергетическая война...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока