KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Палестина-израиль дағдарысының ағымдық жағдайы және болашағы

Палестина-израиль дағдарысының ағымдық жағдайы және болашағы

24.12.2022

Соңғы жылдары араб-израиль дағдарысын шешу әрекеттері шетке жылжытылған секілді әсер береді. Бір жағынан бұан Таяу Шығыс елдерінің бірқатарындағы жағдайдың тұрақсыздануы, сондай-ақ Иранмен текетірестің алға шығуы себеп болып отыр.

Алайда АҚШ президенті Д.Трамптың 2017 жылғы 6 желтоқсанда Иерусалимді Израильдің астанасы деп жариялауы және АҚШ-тың елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру туралы шешімі мұсылман әлемін ғана емес бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.

Израиль бұл саяси қадамды жылы қабылдады, ал араб басшылары мен Палестина бұл әрекет мұсылмандарға қатысты жасалған ең үлкен арандатушылық деп бағалады. АҚШ Израиль құрылған 1948 жылдан бері Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындаған алғашқы мемлекет болып отыр. Израиль мен Палестина арасындағы 1993 жылғы келісімде қаланың мәртебесі келешектегі келіссөздер кезінде анықталады деп көрсетілген. Израиль 1967 жылы қаланы шығыс бөлігін Иорданиядан аннекциялап алғаннан кейін, онда 200 мыңға жуық еврей тұрады. Халықаралық құқық бойынша бұл иеліктер заңсыз саналғанымен, АҚШ-тың мәлімдемесі үлкен қолдау болуы мүмкін.

2017 жылғы 13 желтоқсанда Стамбулда Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс саммиті өтті. Алқалы жиында Иерусалим қаласының құқықтық мәртебесі талқыға салынды. Саммит аясында сөз сөйлеген Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев «екі халық үшін екі мемлекет» қағидатына сәйкес Таяу Шығыс мәселесін реттеу бойынша келіссөздер процесін жеделдету қажет», – деді.

Қ.Тоқаев, сол кездҚР Парламенті Сенатының төрағасы: — Иерусалим – әлемдегі негізгі үш дін үшін де қасиетті шаһар. Осы қала үшін талас орта ғасырлардан басталды. Енді сол соғыстың одан әрі жалғасуына жол бермеуіміз керек. Иерусалим бүкіл адамзаттың құндылығы екенін ескерген абзал. Бұл ретте Қазақстан БҰҰ белгілеген Иерусалимнің ашық мәртебесін сақтауды қолдайды.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Израильдің әрекетін басқыншылық қатаң сынға алды. АҚШ-тың Иерусалимді астана ретінде мойындауы – БҰҰ-ның шешіміне мүлдем керағар деп бағаланды. Ислам ынтымақтастық ұйымы коммюнике қабылдап, онда ұйымға мүше мемлекеттер әлем елдерін Шығыс Иерусалимді Палестина астанасы деп тануға шақырды.

Тіпті Рим Папасы Францисктің өзі Д.Трамптың шешіміне түбегейлі қарсы екенін мәлімдеді, яғни АҚШ президентінің ше­шіміне католиктердің өздері наразы.

БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Вашингтонның Иерусалимнің мәртебесі жайындағы шешімінің заңдық күші жоқ
екені жөнінде резолюция қабылдады. Дональд Трамптың: «Бізді қолдамағандарды қаржылық қыспаққа аламын», — деген тегеурініне қарамай, бұл резолюцияны 128 ел бір ауыздан қолдап-қуаттады. Қарсы болғандар – АҚШ пен Израиль бастаған тоғыз ел ғана, онда да оның жетеуі – аты көпшілікке белгісіз шағын елдер. 35 ел дауыс беруден қалыс қалды. Қолдау білдіргендер саны небәрі 9. Атап айтсақ, олар: АҚШ, Израиль, Гватемала, Гондурас, Маршал аралдары,  Микронезия Федеративті штаттары, Науру, Палау және Того.

Израиль қазіргі таңда онға жуық елмен өз елшіліктерін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруге байланысты келіссөздер жүргізуде. Келіссөз жүргізіліп жатқан мемлекеттердің басым көпшілігі Еуропа елдері.

Араб-израиль дағдарысын шешуге бағытталған АҚШ, Ресей, Европа одағы және БҰҰ кіретін квартет қазіргі кезеңде бұл саладағы келіссөздерді жандандыруға дәрменсіз болып отыр. 2002 жылы Сауд Арбаиясының барлық араб елдері атынан ұсынған «араб бейбіт келісімі» де жансыз күйінде қалды.

Араб-израиль текетіресінің әлі күнге дейін толық және әділ шешілмеуі аймақтағы жағдайға тікеоей әсер етіп отыр. Палестина халқының мұңы мен зары экстремистік топтардың өз мақсаттарына пайдаланатын ұранына айналған.  Палестина мәселесі толық шешілгенше осылай болып қала береді.  Зорлық-зомбылық актілері басып алынған жерлерде одан әрі жалғасуда. Сонымен қатар жағдайды Израильдің қоныстану саясаты ушықтырып отыр. Басып алынған жерлерде израильдік қоныстар жүйесінің кеңейе түсуі халықаралық құқықты бұзу болып табылады, сондықтан заңсыз.

Оның үстіне палестиналықтардың өздерінің арасындағы алауыздықты айта кетуіміз керек. Газа секторы мен Батыс жағалау арасындағы текетірес, энергетикалық мәселелерге байланысты Газада қалыптасқан ауыр гуманитарлық жағдай қалыптасқан.

Оныңүстіне, соңғы онжылдықта Парсы шығанағының араб монархиялары көпшілік алдында Израильмен жау екендігін  көрсете отырып,  өздерінің жалпыарабтық емес ішкі мүдделері бойынша онымен жасырын ынтымақтастық құрған болып шықты.

Сауд Арабиясы мен Израиль арасында да жасырын байланыстар болғандығы енді құпия емес. Олар 1965 жылдан 1979 жылға дейін Сауд Арабиясының жалпы барлау қызметін басқарған Камал Адхамның кезінде жариясыз орнатылды. Әзірше екі ел арасында ресми дипломатиялық қатынастар болмаса да, соңғы жылдары Саудия мен Израиль жасырын стратегиялық әріптестік орнатқан.

Аймақтағы оқиғалардың дамуы, атап айтқанда, 2003 жылы Ирактағы баасистік режимнің жойылуынан кейінгі Иранның геосаяси тұрғыдан күшеюі, 2006 жылы Израильмен соғыс кезінде Ливандағы  «Хезболла» қозғалысының саяси-әскери сахнаға шығуы Рияд пен Тель-Авивке өздерінің құпия байланыстарын ашық жүргізуге мүмкіндік берді. Парсы шығанағында орналасқан араб мемлекеттері туралы да осыны айтуға болады (Кувейтті қоспағанда).

АҚШ-тағы кездесу кезінде Сауд Арабиясының тақмұрагері Мухаммад бен Салманның:  «Палестиналықтарға ұсыныстарды қабылдап, келіссөздер үстеліне отыратын немесе шағымдануды тоқтатып, ауыздарын жабатын уақыт келді», — деген  сөздері жария болған еді. 2019 жылдың басында Варшавада өткен Таяу Шығыс саммитінде Израиль премьер-министрі Б.Нетаньяхудың кеңсесі Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі және Шығанақ араб елдерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше басқа әріптестерімен бірге Израильдің өзін қорғау құқығын қолдайтын бейнежазбаны жариялап жіберді. Бұл материалда Иранға қарсы тұру Палестина мәселесін шешуден гөрі жоғары басымдық екені айтылған.

 

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

В отношении транзитного потенциала ЦАР

Складывающаяся геополитическая ситуация продолжает оказывать позитивное влияние на транзитный потенциал Центрально-азиатского региона (ЦАР). Постоянные нападения на торговое судоходство в Красном море со стороны...

Атақты арабист Асқар Мусиновтің асуларын білесіз бе? Шығыстанушы-арабист Асқар Мусинов туралы не білеміз?

Ұзақ жылғы үзеңгілес әріптесіміз, ағалы-інілі бауыр, отандық дипломатия саласының көрнекті өкілдерінің бірі, шығыстанушы-арабист Асқар Ахметұлы Мусиновтың кенеттен келген қазасы баршамыздың қабырғамызға батты....

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока