KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Сирия күрділерінің ұйымдары мен олардың шиеленістегі рөлі

25.01.2016

Сириядағы дағдарыстың алғашқы кезеңінде бейтараптық сақтап келген Сирия күрділері жағдайдың күрделене түсуіне орай және қауіп-қатердің үдейе бергендігінен, ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында, қарулы оппозиция мен исламистік топтарға қарсы күреске қосыла бастады. Олар әлдебір қуатты үшінші күшке айналды. Көпшілік үшін бұл кенеттен туындаған маңызды бетбұрыс, ал Б.Асад үшін тактикалық жетістік деп бағалануда. Күрділердің ішкі тартысқа араласуы Анкараның Сирияға қатысты саяси және әскери жоспарларын қайта қарауға мәжбүр етіп, біршама алаңдаушылығын туғызуда.

Сирияның солтүстік батыс өңірлері толық күрд әскери құрылымдарының қол астына өткен. Шекарадағы бекеттерді сирия жағынан күрдтер күзетуге алған. Елді мекендер мен қалаларда күрд милициясы мен әкімшілігі, ресми билік өкілдерімен бірлесіп жұмыс атқарады. Сирия қарулы күштері толық шығарылып, әкімшілік және қауіпсіздік мәселелері күрд тарапының қарауына кәміл берілген. Сирия армиясының офицерлері әскери мамандар ретінде қалған. Күрд жасақтары Дамаск тарапынан қаруландырылып, қажетті  заттармен толық қамтамасыз етілуде. Әкімшілік және әскери мекемелерде күрд ұлттық жалауы және елтаңбалары ресми сириялық елтаңбалармен қатар ілінген.

2012 жылдың екінші жартысында 12 саяси күрт ұйымы бірігіп, Күрд ұлттық мәжілісін құрды. Сирия күрдтері Біріккен күрд демократиялық партиясы түрінде, саяси көзқарастары бір жерден шығатын Түркиядағы «Күрдістан еңбек партиясымен» байланыстарын  нығайта түсуде. Айта кетерлік жайт, сириялық күрд саяси партиялары мен ағымдарындағы транформация мен тартыс, ыңғайлы ұстаным мен одақтасты таңдау үрдісі жалғасын тауып жатыр.

Сонымен бірге Б.Асадқа қарсы тұрған күрд топтар мен партиялардың бар екендігін де жоққа шығаруға болмайды. Күрд партияларының коалициясы – Күрд кеңесі өзін революцияға қатысушы ретінде танытады, алайда бұл құрылым күрдтердің басым көпшілігі алдында беделі әлсіз, жақтаушылары да аз. Жауынгерлері көбіне Хасака провинциясында Сирия еркін армиясы құрамында соғысуда.

Соңғы 40 жылда жергілікті күрдтердің Дамаскімен байланыстары салқын болғанымен, 90-шы жылдары Күрд еңбек партиясының басшысы Абдулла Оджаланды Түркияға беруден бас тартуы, екі тарап арасындағы байланыстарды біршама жақсартуға септік жасады. Сондай-ақ 2011 жылдың сәуірінде, яғни елдегі дағдарыс басталған кезде, САР Президенті мемлекеттегі қауырттылықты бәсеңсітуге бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырған. Солардың ішінде 300 мың күрдтке азаматтық беру және төлқұжаттармен қамтамасыз ету. Соңғы жарты ғасыр бойы олардың барлығы формалды түрде шетелдік деп саналып, азаматтық төлқұжаттары болмаған. Себебі 1962 жылы олардың басым бөлігі Түркиядан қысым көріп, босқын ретінде көшіп келген. 2012 жылғы 26 ақпанда өткен жалпыхалықтық референдум өткен соң жаңа Конституцияның жобасы мақұлданып, онда күрдтер «азшылық ұлт» ретінде танылып, дәстүрлерін сақтауға құқықтарын бекітіп алды. Күрд тілінде газеттер мен журналдар шығаруға рұқсат берілді. Сириялық күрд радиосы қызметін бастады. Ұлттық тілде сабақ беретін мектептер ашылды. 2014 жылы алғашқы мәрте Дамаскіде күрдтер дәстүрлі түрде атап өтетін Наурыз мерекесінің аталып өтілуіне ресми рұқсат беріліп, Наурыз мейрамы мемлекеттік деңгейде тойланды.

2014 жылдың басында Сириядағы Қамышлы қаласында Жоғары күрд кеңесінің Дипломатиялық комитетінің жоғары лауазымдағы тұлғасы Иса Хузо қастандықпен үйінде исламистердің қолымен өлтірілді. Әзірге ол исламистердің қолынан қаза тапты деген хабар бар. Аталған тұлға күрд қарулы жасақтары мен радикалды исламистік қарулы топтар арасында келіссөздер жүргізіп келген. Таяуға дейін күрдтер мен исламистер арасындағы бейбіт жағдайдың сақталуына көп септік тигізген.

Б.Асадқа қарсы позицияларды жақтайтын күрд саясаткерлерінің бірі және Сирия Ұлттық кеңесі мүшесінің пайымдауынша, күрдтердің жаппай қару алуға үндеу жасауы кенеттен туындамады. Жағдай соған әкеп тіреді. «Джабхат Әл-Нусра» мен «Ирақ пен Ливант исламдық мемлекеті» ұйымдары күрдтер тұрып жатқан аймақтарға билігін орнатпақ әрекет жасауда. Алайда, халықаралық коалицияның және орыстардың Сириядағы жағдайға әскери тұрғыдан араласуы, шайқас нәтижелеріне өзгеше қарауға мәжбүр етті.

Сонымен бірге Анкара мен Мәскеу арасындағы шиеленісті орыстар өзгеше пайдаланып, күрдтерді астыртын пайдалануға кірсті. Осы кезде күрд қарулы жасақтарына орыстардан тиісті көмек жасалып жатқандығы және әскери мамандардың аттандырылуы туралы әңгімелер пайда болуда. Қамышлы қаласында екі жүз ресейлік жауынгер қаланың әуежайында орналасқандығы туралы араб ақпарат құралдары айтуда

Сириядағы тартыста күрд факторының Б.Асад режиміне тиімді жақтарының астары басым. Қарулы оппозиция болса, күрдтерді болашақ Сирияны ыдыратуға бағыт алып, сепаратистік саясат жүргізуде деген айып тағуда.

Сирия үкіметі жағдайды толық өз жағына ауыстыру мақсатында күрдтерге Сирияның құрамында автономия беру туралы ашық түрде келісімін берді. Әзірге жоспар түріндегі күрд автономиясының Түрік шекарасының тап қасында пайда болуы Анкараны өте қатты мазаландыруда. Жағдайдың бұл сарында дамуы олар үшін өте қолайсыз. Оджаланмен жасалған уағдаластықтар жоққа шығып, күрдтер проблемасы қайта қалқып шығады деген сөз. Түркия қиын жағдайға тап болғандығын көптеген саясаткерлер мен сарапшылар айтуда. Алдағы уақытта Анкараға қазір жақтап отырған исламдық радикалдардың, сирия еркін армиясы мен қайшылықтарға толы асадқа қарсы оппозицияның, күрдтердің, мыңдаған босқын мен ішкі саяси дағдарыс түйінін шешуге тура келеді.

Сарапшылардың пікірінше, болашақта сириялық күрдтердің егемендік немесе автономия алу мәселесі көтерілсе, барлық оппозициялық топтар оларға қарсы тұратындығы күмән келтірмейді. Ұлттық фактор өз рөлін білдіртеді. Араб ұлтшылдығы бұл мәселені күрдтердің алақанына оңай бере қоймайды. Келешекте аймақта үлкен араб-күрд саяси тартысының туындауын жоққа шығаруға болмайды.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

В отношении транзитного потенциала ЦАР

Складывающаяся геополитическая ситуация продолжает оказывать позитивное влияние на транзитный потенциал Центрально-азиатского региона (ЦАР). Постоянные нападения на торговое судоходство в Красном море со стороны...

Атақты арабист Асқар Мусиновтің асуларын білесіз бе? Шығыстанушы-арабист Асқар Мусинов туралы не білеміз?

Ұзақ жылғы үзеңгілес әріптесіміз, ағалы-інілі бауыр, отандық дипломатия саласының көрнекті өкілдерінің бірі, шығыстанушы-арабист Асқар Ахметұлы Мусиновтың кенеттен келген қазасы баршамыздың қабырғамызға батты....

Российско-Западная энергетическая война. Часть II.

Конфликт России и Запада продолжается, в том числе и в энергетической сфере.  В прошлом году я дал развернутый анализ стадии энергетической «войны» на том этапе: Российско-Западная энергетическая война...

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока