KazAnalytics

Аналитический портал Ближний Восток и Центральная Азия

Әбу Ханифа — ғасырлар даналығы

06.01.2016

Бұл мақала ҚР-ның Иорданиядағы және Ирактағы бұрынғы Елшісі Б.Сәрсенбаевпен Ираққа жасаған сапары барысында жазылған

Ирак Республикасына ҚР СІМ басшылығының тапсырмасымен   осы елдің арнайы және іскер топ адамдарымен кездесуге  тұрақты түрде барып тұру мені Қазақстан Республикасының Амманда резиденциясы орналасқан Ирак Республикасын қатар алып жүретін Елшісі ретінде көңіл бөлуіме міндеттендіреді. Осы кездесулердің басты тақырыбы Қазақстанмен Ирак арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған. Ал соңғы жылдары біздің мемлекеттердің арасындағы қатынастардың дамуы оң нәтиеже беруде. Ирак географиялық орналасуы жағынан Қазақстанға ең жақын араб мемлекеті. Сондықтанда саяси, экономикалық және саяси-гуманитарлық байланыстардың дамуы нығайтылуда. Ирак Республикасының іскер топтары тығыз серіктестіктің дамуына белсенді түрде ат салысуда. Бірақта соңғы қайғылы онжылдық өз әсерін әліде сезіндіруде. Ирак астанасы Бағдатта және басқада қалаларында жарылыстар күнделікті болуда. Заңсыз әскери құрылымдармен әртүрлі террористік топтардың белсенділігі саябырламаған. Ал сунниттермен шииттердің арасындағы діни қарама — қайшылық өз шегіне жетіп, ескі жараларды одан ары ашуда. Осыларға қарамастан ирак халқы өз өмірлерін жақсылыққа жетелуден тайынбауда.

Қазіргі замандағы Ирак бұл тек қана қиындықтарды жеңуші  ғана емес, сонымен қатар өз экономикасын, өндірісін, ауыл шаруашылығын баяуда болса қалпына келтіре бастаған мемлекет. Себебі Ирак тарихи және мәдени бай ел. Ал бұл мемлекеттің жетістігін тіпті айтудың да қажеті жоқ, себебі Тигрмен Евфраттың арасында не болғандығын, қандай өркениеттер туылып олар осы жерде қандай із қалдырғандығы айтпасада түсінікті. Иракта атақты исламдық қасиетті жерлер жеткілікті. Сондықтанда Ирак жаңа діни догмалармен ағымдардың аренасына айналған.

Өз тарапымнан  Бағдаттағы дін танушы ғалым атақты имам исламның ханафиттік мектебінің негізін салушы Әбу Ханифаның кесенесінде болғаннан алған әсеріммен бөліскім келеді. Бұл ерекше тарихи тұлға Қазақстан және бүкіл ислам әлемінде ерекше орын алады.

Дамаск, Тимбукту, Бухара, Самарқанд және Үргенш сияқты  ислам әлемінің ханафиттік бағытын ұстанушы сунниттердің  басты қалаларының бірі  Бағдатқа әр барған сапарымда имам Әбу Ханифаның мешітіне қауіпсіздк тарапынан қамтамасыз етілу мүмкіндігі болмағандықтан бару сәті түспеді. Ал жұмыс барысым Таяу Шығыста он бір жыл, соның ішінде жеті жыл тыныштық жағдайы тұрақсыз Ирак, Сирия, Палестина, Ливан және Иорданияда өтіп жатқандықтан маған  ерекше көңілді қауіпсіздік жағдайына бөлуіме міндетендіреді. Мемлекет ішінде және Бағдатқа барған іс сапарларым әрдайым брондалған пулеметпен қаруланған  бірнеше  солдаты бар әскери хаммерлік көлікте өтеді. Кез келген арнайы делегациямен арнайы адамдарды алып жүру осындай кортеждерсіз өтпейді.

Осындай жағдайларға қарамастан 2013 жылдың жазында Ирак СІМ протоколы тарапынан ұйымдастырылған сапар арқасында маған  имам Әбу Ханифаның мешітіне бару сәттілігі түсті. Өз заманының және қазіргі заманның ұлы тұлғасы ғалым, әрі ғұлама мешітін өз көзіммен көріп, ғұлама өмір сүріп өз ойларын жүзеге асырған жерде намаз оқу көңіліңді тебіренттіретіндей әсер қалдырады. Сондықтанда болар осы сәт менің жадымда аса бір із қалдырды. Ал Ирак басынан кешіп отырған осы қауіп қатерлі қиын сәтте Қазақстаннан осы қасиетті жерге аяқ басқан менен басқа адам болмаған шығар. Бірақта айтып отырған қауіпке қарамастан ислам әлемінен осы қасиетті жерге қажылыққа келушілер саны әліде азаймаған. 90 жылдардың басына дейінгі уақытта Қазақстаннанда келушілер айтарлықтай болған. Негізінен олар Бағдатқа Меккеге үлкен қажылық жасау барысында ат бұрған.

Сыртқы хабарлардан алынатын Ирактағы жағдайлардың қауіптілігіне қарамастан Бағдаттың өзінде тіршілік ағымы қалыпты, тыныш. Қала өз тіршілігін жасауда, ағылған автокөлік, өз шаруаларына асыққан халық, өз көзқарастарынан ештеңені таса жібермей бақылап отырған әскери бекіністер. Осы фактілерге қарамастан  ұлы Бағдаттың  рұхымен күштілігі бірден сезіледі. Мықтыда өте жақсы, ұзақ жылдарға сапалы салынған көпірлермен әр жерлерде салынып жатқан құрылыстарға қарап қаладағы өмір тоқтамағанын көруге болады. Ал ғасырлар бойындағы әрқилы жағдайлардың куәсі болып, баяу ағып жатқан Тигр өзені өз ағымын ары қарай болашаққа жалғастыруда.

Бұрынғы Ирак президентінің резиденциясының қасында Бағдаттың Азамия атты сунниттік ауданында орналасқан Ұлы мешітке келгенімізде бізді Бағдаттың сунниттік мешітінің белгілі имамдарымен бірге имам Шейх Махмуд Әбделәзиз Әл-Әни қарсы алды. Осындай қуанышты қауышудан кейін біз ұлы имам Әбу Ханифаның жатқан жеріне тәубе еттік. Мешіттің құрылымы өзінің қатаңдығы және әдемілігімен таң қалдырды. Шейх бізге хорезмдік билеуші Сапад әл-Мустауфи Әбу Ханифаның кесенесінің қасынан 1066 жылы осы имамның із басарларына арнап мектеп ашқандығы жайлы айтып берді. Селджуктік билеу кезінде кесененің үстінен күмбезі мавзолей тұрғызылған. Ал кейінірек осы құрылымдардың барлығы бір үлкен діни комплекске айналған. Бертін келе осы кесене маңындағы ауданға ұлы имам Әбу Ханифаның аты берілген. Діни мектеп қысқа діни курстар өткізіп отырған. Ол кездері өте бай кітапханада болған. Бұл ғимарат көптеген бұзылулармен қайта қалыптастыруларды басынан өткізді. Сол заманның және берірек кезеңнің көптеген әйгілі тұлғалары Әбу Ханифаның кесенесі жайлы өз еңбектерінде жазып кеткен. Османдық билік тұсында яғни 1534 жылдары Сұлтан Сүлеймен Кануни Әбу Ханифаның комплексін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасатқан.  Сол кездері Бағдатта әр түрлі діни ағымдардың арасында қақтығысып қалу оқиғалары болып, отырғандықтан  комплекс сұлтанның 150 солдатының қорғауында болған. 1638 жылы Сұлтан Мұрат төртінші осы комплекспен ауданның сақталып қалуына көп күш жұмсаған. Көптеген адамдар ұлы имамның кесенесінің сақталып қалуына өз үлестерін қосқан. 1958 жылы 25 метрлік сағаты бар мұнара салынған, ал 1980 жылдардан бастап комплекс Ирак үкіметінің күшімен тұрақты түрде қайта қалпына келтіріліп және қорғалып келген.

2003 жылы әскери қақтығыстар салдарынан комплекске күйреу қаупі туған. Ал америкалық әскерилердің Бағдатта болған кезінде өзінің орналасуның ыңғайлығына байланысты мұнарада американдық жаяу әскерлерінің пулеметтік бөлімін орналастырған.

Қазіргі таңда кесене мыңдаған адам сиынатын Ирактағы қасиеті жерлердің бірі. Ал мешіттегі оқу мекемесі бүкіл дүние жүзіне әйгілі дінтанушылар шыққан дінтанушыларды оқытып шығаратын орын.

Осымен қатар Шейх Махмуд Әбдел Әзиз және басқадада имамдар менің пікірімше өте тыңдауға тұрарлық жәйттар туралы әңгімелеп берді. Әбу Ханифа туралы қазіргі уақытта өте көп кітаптар мен зерттеулер нәтиежесі жазылғанмен осы кесенені қорғаушы адамдардың аузынан естіген деректер өте қызықты деп ойлаймын.

Әбу Ханифа Ән-Нуман бен Сәбит бен Зута 769 жылы Кабил руынан шыққан. Оның айтуынша оның түпкі аталары қазіргі Өзебекстан, яғни бұрындары Хорезм мемлекетінің құрамына кірген Термез қаласынан. Оның араб емес екендігі оның Ислам ұлы болуына еш кедергі жасамайды. Сондықтанда болар хорезмдік кейінірек сельджуктік және түріктердің имамның кесенесін қорғауларының өз себептері болғандығында.

Ал имамның өзі Бағдаттың оңтүстігінен 170 км. жерде орналасқан Куфа қаласында туып өскен. Әбу Ханифаның әкесі қалада танымал жібек мата сатушысы  жәнеде пайғамбарды қолдаушылардың замандасы болған. Бірнеше жыл Куфада тұрғанннан кейін, 754-775 жылдарда билік құрған Аббасидтер мемлекетінің негізін қалаушы ұлы Араб Халифатының билеушісі Әбу Жаффар Абдуллах ибн Әл-Мансур тұрғызған Бағдатқа көшіп келген.

Имам Исламның ұлы ойшыларының бірінші қатарында тұратын араб тілінен аударғанда ұлы және аса қадірлі атанған қаланың шығыс бөлігінде қазіргі таңда Әл Азамия деп аталатын бөлігінде жерленген.

Ғалымның немересі Исмаил Бен Хамад Бали Ханифаның айтуынша Ұлы имамның әкесі Сәбит Куфада пайғамбар Әлидің қолдаушысын жолықтырып ұлына батасын алған.

Ал Әбу Ханифа болса жастайынан өзінің өткір ойымен, киім киісімен, даналығымен, қарапайымдылығымен өз қатарынан өзгеше болған, тіпті оның жастығына қарамастан көптеген адамдар мұсылмандық сұрақтарға жауап сұрау ретінде имамнан кеңес сұрап келген делінеді.

Куфа 634-644 жылдары екінші шыншыл халиф Рашид Умар бен Хаттаб негізін құрған кездерлен бастап, ислам әлемінде ең үлкен ғылым орталығы болған. Сол кездері Куфада өз кезеңінде атағы шыққан исламдық ғалымдар тұрған.

Имам осы Куфада алғашқы діни білімін алған, ал ұстаздарының арасында пайғамбардың қолдаушылары көп болған. Ұстаздарының арасында Хамад бен Әби Сүлейманнның орны ерекше. Ғұлама ұстаздарынан білім алған имам кейін Куфа мен Басра сосын бүкіл Ирактың атақты факихы болған.

Ханафизмді ұстанушылардың  атақтары құқықтық әдістемелер арқылы  шыққан. Сондықтанда Ханфиттік мектеп өздерінің ең биік нәтиежелерін исламдық құқықтан көрсете білген және осы салада көптеген ғалымдар шығарған. Ханафиттік мектепті екі категорияға бөлуге болады, біріншісі консерваторлар немесе тұйықтар мектебі, бұлардың атағы келесідей мәселелерде: яғни мұралық құқық, шектеу салынған сұрақтарды сараптауда, шектеу салынған жәйттерде болатын түсініктемелерде, соттық шешімдерді жойдыру сияқты сұрақтарда мықтылығын көрсеткен. Ханафиттік мазхабта әлі күнге дейін әйел адам куәсіз неке құра алады. Ал басқа ағым мазхабында әйел адамның рөлі шектеулі.

Көптеген тәжірибелер дұрыс болмағанда шығар, бірақта ол кездері кез келген ғылыми  әрекет алғашқы рет қолданыла бастағандықтан тәжірибе жүргізуді қажет еткен. Исламдық ғалым құқықтанушылардың кең қолданған әдістелерінің бірі бұл худа, яғни арабшадан аударғанда-айналып өту, айла-тәсіл. Кейіннен худа фикханың сұрақтарының барлық салаларында қоданыс тапты.

Екінші мектеп — бұл мәжілісшілер мектебі. Яғни шафийзмнің ұстанушылары. Бұлар ханафиттік бірінші мектептің қарсыластары болып, фикханың кез-келген сұрағын тек қана исламдық дін бойынша қатал қарастырушылар болып табылады.

Имамның замандастарының айтуынша Әбу Ханифа 16 жасында Меккеге әкесімен бірге қажылыққа барып сол жерде пайғамбардың қолдаушылары, яғни асхабалар, соның ішінде Абдуллах ибн Харисті көрген. Осы қолдаушылардан Пайғамбардың қандай жағдайда қалай әрекет еткенін естіген болар. Абдуллах ибн Харристен басқа сол жерде он жасынан бастап Пайғамбардың жанында болып күнделікті өмірінде қолғабыс еткен Анас ибн Мәліктіде кездестірген.

Жас кезінде өте жақсы діни білім алған имам 22 жасында Хаммад ибн Сулейман әл-Ашари атты ирактық атақты дінитанушының оқушысы болған.Осы үйірмеде Әбу Ханифа ұстазы қайтыс болғанша 18 жыл білім алады. Соңынан ұстазы қайтқасын Куфамен Басраның белгілі факихы ретінде он жыл көлемінде үйірмені басқарады.

Әбу Ханифаның мінезі діндар-тақуалы, қолы кең, тұйық, бос сөзбен құры уақыт өткізуді ұнатпайтын әрқашанда ой үстінде жүретін адам болған. Ал замандастарының сипаттауынша имам аз сөйлейтін, ойшыл, қасірет басына қонған адамда й әрқашан мұңйаған адам ретінде суреттелген. Түнгі уақытын имам әрқашан аллаға сиынумен өткізген. Әр түні бір ракатта құранды толығымен оқып, кей  кездері түнгі және таңғы намазды бір рет жуынумен ғана өткізген. Ал  бір ракатпен құранды санаулы ғана адамдар оқыған олар: Осман ибн Аффан, Тамим ад-Дария, Саид ибн Жубейр және Әбу Ханифа.

Әбу Ханифаның тағы бір ерекшелігі ол өз ағымына ізбасарларын үгіт жүргізіп немесе белгілі бір радикалды ағым оқытушылары сияқты әдістемелермен емес, керісінше сөзімен ісі бір жерден шығатын етіп, өз өмір сүру  салтымен үлгі болатындай өмір сүрген.

Себебі имам өзіне нағыз Ислам ұстанатын моральді таңдап сол арқылы өмір сүрген. Осыған мысал ретінде келесідей әңгімені келтіре кетсек: Бір адам имамға Алладан қорық  дегенде, Имам селк етіп, бозарып: Алла саған нұр жаудырсын, себебі осы сөзді айтатын адамға халық зәру деген екен. Тағыда бір мысалға келсек  имамды бір адам қатты сөккенде имам: Алла сені кешірсін себебі сен айтқаннан басқа мінезімді Алла біледі деген екен. Сол заманның көптеген ғалымдары Әбу Ханифаның исламдық құқық туралы білімінің жоғарлығын бағалап қана қоймай, логикалық ойлау сараптама беру қасиетіне байланысты қарсы келуге батылдары бармаған. Ал ұлы Имам Аш-Шафия Әбу Ханифа туралы келесідей сөздер айтқан: Кез келген адам Әбу Ханифаның мұсылмандық құқық туралы білімінен өздеріне қажетін алады немесе Мұсылмандық құқық дәрежесінде адамдар Әбу Ханифаның жанында білімдері баланікіндей екендігін біледі деген екен.

Әбу Юсуф өз түсінде Әбу Ханифаны соңғы пайғамбарға жер қазып, Алланың елшісінің сүйектерін теріп алып жатқандығын көрген. Осы түсінен шошынған ол өз түсін ибн Сиринге жорытқанда Ибн Сирин: Имам пайғамбардың сунналарын жинап оны қайта қалпына келтіруші болады деген.

Әбу Ханифаның құқықтық шешімдерде қолданатын әдістернің бірі ол әр түрлі мектеп беделділерінің үкімінің тікелей иерархиясы (Әбу Ханифа, Әбу Юсуф, Мұхаммад аш-Шейбани ).

Ал имам барлық білгенін  тек қана ауызша түрде беріп отырған, ал оның оқушылары оның мазхабтарының жағдайын жүйелеп тіркеген. Осы Әбу Ханифаның мектебін сақтап, жүйелеп, тартуда  Әбу Юсуф және Мұхаммед аш-Шайбани атты оқушыларының еңбегі зор.

Имамның оқушылары және ханафиттік миссионерлердің еңбектерінің арқасында имамның мазхабтары мұсылмандық құқық мектебінде фикханың әртүрлі мәселелерін шешетін мектеп болып табылған. Исламда ханафиттік тармағының басым бөлігін араб емес халықтар құрайтындықтан (ислам пайда болған араб қоғамының өмірінен өзгешеліктері бар), ханафиттік талдама осы халықтардың тұрғылықты жері, өмір сүру салтының ерекшелігі, әдеттері, жергілікті дәстүрлері, менталитеті, жанұя, әлеуметтік жағдайларының ерешелігіне байланысты осы халықтардың көңілінен шыққан.

765 жылы халиф Әбу Жафар Мансур Әбу Ханифаға жоғарғы сотты басқарудан бас тартқандығына байланысты түрмеге жауып, қамшымен сабатқан. Ал сабау саны күннен күнге өсіп отырған. Соққылау саны жүзге жеткенде Әбу Ханифа қайтыс болған. Имамды жерлеуге 50 мыңнан астам адам қатысқан.

Монғол, осман империясы және қазақтың кең даласында ханфиттік мазхаб мемлекеттік статусқа ие болған.  Қазақстан мұсылмандары дәл осы құқықтық талдаманы ұстанушылар.

Сондықтанда Әбу Ханифаның қалдырған мұралары қазақ халқына бағдар болып, ата баба дінінің қайта жанданып, халқтың өмірінде және психологиясында үйлесім тауып, кешегі көшпелілірдің бұрыннан келе жатқан әдеттерімен дәстүрлерінде өз орнын алды.

Бағдаттан қайтар барысымда, адам баласы өмір сүрер уақыт барысында өз орнын тапқан білімінің бір бөлігін, мен өзіммен бірге ала кеттім деп ойлаймын. Ал қазақстандық мұсылмандарға осы ілім нық тұруларына және рұхани байуларына жеткілікті деп ойлаймын. Сондықтанда басқа ағымға түсіп белгісіз жақтардан жаңа ілім іздестірудің қажеті жоқ.

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдар бойында жоғары деңгейлі имамдардың құрамы қалыптасты. Теологиялық құрылым бекімін тапты. Шет елдік исламдық орталықтармен байланыстар қалыптасты. Сондықтанда болар Әбу Ханифаның ізбасарлары болып, бүкілдүниежүзіне әйгілі, атағы жаңғыратын имамдардың қазақстанда жақын болашақта шығатындығына күмән жоқ.

Қортытындылай келе біздің Президент Н.Назарбаевтың сөзін келтіргім келеді: Біздің дініміз мұсылмадық, біз кез келген мұсылманды қолдай аламыз, бірақта мұсылмандықта әр түрлі ағымдар мен бағыттар  бар, ал біз болсақ ең бастысы қазақпыз, ал қазақ ғасырлар бойы көшпелі болғандықтан біздің өзімізге тән жолымыз бар.

Оставьте свой комментарий к статье:

Архивы статей

Рекомендуем прочитать

В отношении транзитного потенциала ЦАР

Складывающаяся геополитическая ситуация продолжает оказывать позитивное влияние на транзитный потенциал Центрально-азиатского региона (ЦАР). Постоянные нападения на торговое судоходство в Красном море со стороны...

Атақты арабист Асқар Мусиновтің асуларын білесіз бе? Шығыстанушы-арабист Асқар Мусинов туралы не білеміз?

Ұзақ жылғы үзеңгілес әріптесіміз, ағалы-інілі бауыр, отандық дипломатия саласының көрнекті өкілдерінің бірі, шығыстанушы-арабист Асқар Ахметұлы Мусиновтың кенеттен келген қазасы баршамыздың қабырғамызға батты....

Государства Центральной Азии

Государства Ближнего Востока